Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Қазақстан  Республикасының  топырақ  –  климат  аймақтарында



Pdf көрінісі
бет118/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

Қазақстан  Республикасының  топырақ  –  климат  аймақтарында 

ылғалдану  жағдайы.

 

Ылғалдану  жағдайы  бойынша  ауылшаруашылық 

дақылдарын  тұрақты  өсіретін  аудандарға  жылына  жауын-шашын 

мөлшері 400-500 мм, ал оның ішінде вегетациялық кезеңінде 300-350 мм 

түсетін  аймақтар  жатады,  ал  осы  көрсеткіштерден  кем  түсетін 

аудандарда егіншілікті жүргізу тұрақсыз деп есептелінеді. 

 

Қазақстанның  орташа  көпжылдық  жауын-шашын  мөлшері  далалы 



және  орманды  далалы  аймақтарда  250-335  мм  дейін,  таулы  аймақтарда 

450-560  мм  дейін  ауытқып,  шөл  аймақтарда  100-150  мм  дейін 

төмендейді (Кесте 8), сондықтан егіншілік  жағдайы бойынша ең жақсы 

дамыған  республикамыздың  солтүстік  аудандарының  өзі  егіншілікті 

тұрақсыз жүргізу аймағына жатады. 

 

 



Кесте  8.  Қазақстанның  бірқатар  аудандарында  түсетін  орташа 

көпжылдық  жауын-шашын  мөлшері  және  оның  жылы  кезең  айларында 

бөлінуі 

 

Аудандары 



(пунктері) 

Жылдық 


ылғал 

мөлшері, 

мм 

Оның 


ішінде 

жылы 


кезеңде 

(ІҮ-Х), мм 

Оның ішінде айлар бойынша, мм 

IV 


VI 


VII  VIII 

IX 


Петропавл 

335 

260 


19 

30 


51 

59 


46 

30 


25 

Қостанай 

278 

216 


19 

26 


36 

48 


34 

25 


26 

Арқалық 


270 

178 


14 

17 


29 

38 


35 

20 


25 

Көкшетау 

281 

227 


15 

29 


42 

53 


37 

28 


28 

Астана  


302 

210 


17 

24 


40 

47 


34 

24 


24 

Павлодар 

247 

177 


13 

24 


32 

34 


36 

19 


19 

Қарағанды 

315 

204 


22 

27 


41 

42 


28 

21 


23 

Орал 


295 

186 


20 

32 


25 

30 


27 

21 


31 

Семей  


275 

180 


16 

24 


35 

35 


25 

20 


25 

Өскемен 


452 

312 


29 

46 


55 

62 


44 

35 


41 

Қызыл-Орда 

109 

49 


14 

11 




Шымкент 



524 

233 


70 

41 


13 



33 



 

100 


Тараз 

287 


154 

44 


36 

21 




30 

Талдықорған 

323 

192 


37 

44 


27 

22 


12 

19 


31 

Алматы 


560 

369 


90 

90 


54 

36 


24 

27 


48 

 

 



 

Кестеде  түсетін  жауын-шашын  мөлшерінің  жылдық  кезеңдері  мен 

айлары  бойынша  көпжылдық  орташа  көрсеткіштері  келтірілген,  ол 

дақылдардың  өсіп-даму  кезеңінде  ылғалмен  қамтамасыз  етілуін 

бағалауға мүмкіншілік береді. 

 

 Бұл  көрсеткіштерге  қарап  төмендегідей  қорытынды  жасауға 



болады: 

 

Өсімдік  шаруашылығы  саласын  қоңыржай  ылғалданған  (орташа 



көпжылдық  түсетін  жауын-шашын  мөлшері  270-335  мм)  орманды 

далалы, далалы аймақтарда біршама табысты дамытуға болады, олардың 

жалпы  ауданы  еліміздің  барлық  аумағының  35-45%  құрайды.  Бұл 

аймақтарға 

Солтүстік 

Қазақстан, 

Қостанай, 

Ақмола, 


Батыс 

Қазақстанның  үлкен  бөлігі,  Ақтөбе,  Павлодар,  Қарағанды  облыстары 

және  Шығыс  Қазақстан  облысының  тау  етегінде  орналасқан  аудандар 

жатады.  Осы  жерлерде  дәнді,  жем-шөп  дақылдар  және  бірқатар 

аудандарда техникалық дақылдар өсіруге болады.  Сүт, ет өндіретін мал 

шаруашылығын  дамытуға  мүмкіншілік  бар.  Осы  облыстардың  оңтүстік 

аудандарында  өсімдік  шаруашылығы  саласын  дамыту  жағдайлары 

күрделі. 

 

Шөлейт  (орташа  көпжылдық  түсетін  жауын-шашын  мөлшері  150-



250  мм)  және  шөл  аймақтарда  орташа  көпжылдық  түсетін  жауын-

шашын  мөлшері  110-160  мм  (кейбір  жылдары  30-100  мм)  дақылдарды 

суармалы  жағдайларда  ғана  өсіруге  болады.  Шөлейт  аймаққа  Батыс 

Қазақстан,  Ақтөбе,  Қостанай,  Қарағанды,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан 

облыстарының  оңтүстік  аудандары  жатады.  Қазақстанның  оңтүстік 

бөлігінде  (48ºС  оңтүстікке  қарай)  шөл  аймақ  орналасқан  және  оның 

үшінші  бөлігін  Қызылқұм,  Мойынқұм,  Арал  жағдайындағы  Қарақұм 

алып  жатыр.  Шөлейт  және  шөл  аймақтар  Қазақстанның  барлық  жер 

аумағының  жартысында  орналасқан,  ол  жерлерде  мал  шаруашылығы  

саласы:  қой,  түйе,  жылқы  және  өзен  жағасы  бойында    ірі  қара 

шаруашылықтарына  бағытталған  шаруашылықтарды  дамытуға  болады. 

Тянь-Шань және Алтай тау етегі және таулы аудандар жақсы ылғалдану  

жағдайларымен  ерекшеленеді  және  құрамында  жоғары    өнімді 

фитоценоздары  бар  табиғи    мал  азықтық  жерлер  орналасқан,  олар 

көбінесе жазғы жайылым ретінде пайдаланылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет