Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


  Өнім  мөлшерін  фотосинтетикалық  белсенді  радиация



Pdf көрінісі
бет121/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

2.3  Өнім  мөлшерін  фотосинтетикалық  белсенді  радиация 

(ФБР) кірісімен анықтау 

 

Жерге  түсетін  күн  радиациясының  маңызы. 

Күн  жер 

планетасының  барлық  жануарлар  мен  өсімдіктер  организмдері 

пайдаланатын  және  сарқылмайтын  энергия  көзі.  Жерге  энергияны 

радиация  (жылу,  жарық)  ретінде  әкеліп,  кішкентай  микроағзалардан 

бастап үлкен хайуандар, адам және кішкентай өсімдіктер-балдырлар-мен 

үлкен  ағаштардың  пайда  болуына,  жер  жүзінде  тіршіліктің  пайда 

болуына және жер жүзінде тіршіліктің шығуы  мен сақталуына  біз күнге 

борыштармыз.  Өсімдіктермен  жинақталған  органикалық  заттар  ең 

алдымен 


өсімдіктермен 

қоректенетін 

жануарлар 

және 


т.б. 

организмдермен  энергия  көзі  ретінде  пайдаланылады,  одан  кейін 

жануарларды  жейтін  етпен  қоректенетін  жануарлар  жалғастырады,  ал 

сонымен  қатар  жануарлар  мен  өсімдіктердің  қалдықтарын  пайдаға 

асыратын  жәндіктер,  микроағзалар  және    басқалары  жатады.  Адамзат 

күнге миллиондаған жылдар бойы жинақталған және қазіргі кезеңде кең 

қолданылатын - мұнай, газ, қара және қоңыр көмір, шым тезек және т.б. 

- энергия иеленуші қорына да борышты. 

 

Мұнай  және  табиғи  газ  -  қазып  алынатын  жанармай.  Қазып 



алынатын энергия көздері ерте замандағы тірі организмдердің жойылуы 

және  органикалық  қалдықтардың  шіруі  арқылы  қалыптасқан 

көмірсутектердің 

қоспаларынан 

құрастырылған, 

әсіресе, 

теңіз 

планктондары  үшін  жер  әлемінде  елдер  арасында  қатты  күрес  жүріп 



жатыр, типті соғыс жағдайына дейін жетуде (Ирак ж.б.). 

 

Күннен  түсетін  энергия  мөлшері  астрономиялық  цифрлармен 



өлшенеді  (гектарына  көптеген  млрд  кДж)  және  жердің  енділігіне, 

жылдың мерзіміне, тәулік уақытына байланысты өзгереді және оның ең 

жоғары  деңгейі  экваторда,    ал  ең  төменгісі  –  полюстерде  күз–қыс 

кезеңдерінде түседі. 

 

Энергия  жерге  радиация  түрінде  толқын  ұзындығы  280-нен  4000 



нанометрге дейін түседі. Нанометр – грек тілінен нанос-карлик, метрдің 

миллиардтан  бір  бөлігін  құрастырады,  немесе  1  нм  =  10  (-9)  м.  Бұл 

мөлшерді ойға түсіру үшін келесі есеп қатарын жүргіземіз: 1м = 1000мм, 

1мм = 1000 микрон, 1 микрон = 1000 миллимикрон, немесе нанометр.  




 

106 


 

Табиғи радиацияның екі түрі ажыратылады: 

-

 

қысқа толқынды, немесе интегралды, толқын ұзындығы 280-400 нм. 



-

 

ұзын толқынды, толқын ұзындығы 400-4000 нм 



 

Өсімдіктер 

хлорофилл 

пигментерін 

қалыптастыру 

арқылы 


жапырақтарға  және  өсімдіктерге  жасыл  түс,  каротиноидтар-сары, 

антоциандар-қызыл  және  фитохром-көк  түс  береді,  күн  радиациясын 

сіңіріп,  оларды  көмірсуларға  айналдырады,  яғни  күн  энергиясы 

жинақталған  органикалық  заттар  түрінде  шоғырланады.  Өсімдіктердің 

органикалық  заттары  олардың  жалпы  биомассасының  90-96  % 

құрастырады,  сондықтан  өнімді  бағдарламалау  және  сонымен  қатар 

егістіктің  фотосинтетикалық  әрекетін  оңтайландыруға  бағытталған 

шаралар  жүйесінің  маңызы  зор.  Фотосинтез  үрдісіне  қатысатын 

хлорофилл,  каротиноидтар,  антоциан  және  фитохрон  пигменттерінің 

рөлі әртүрлі - бұл үрдісте хлорофил маңызды рөл атқарады, бірақ басқа 

да  үш  пигменттің  фотосинтез  үрдісінде  нақты  рөлі  айтарлықтай. 

Олардың  сыртқы  белгілері  көктемде  қарқынды  өсіп  шығатын 

өскіндеріне және өсімдік жапырақтарына – сары, қызыл және көкшіл түс 

берілуі  мен  байқалады,  сонымен  қатар  күзде  шөп  сары  түс,  қайың 

жапырақтары  -  сары,  итмұрын,  үйеңкі,  раушангүл  –  қызыл  түске 

ауысады және т.б. 

 

Температураның  төмендеуіне  және  жарық  мөлшерінің  азаюына 



байланысты  күзде  өсімдік  жапырақтарының  жасыл  түсінің  ауысқан 

кезеңінде  оларда  «биологиялық  сағат»  жұмыс  істей  бастайды.  Өсімдік 

жапырақтарының  кесіндісінде  қасаңды  қабат  қалыптасады,  ол  алдымен 

фотосинтез  үрдісін  бәсеңдетеді,  соңынан  мүлде  тоқтатады,  хлорофилл 

ыдырайды  да  өзінің  жасыл  түсімен  фотосинтезге  қатысатын  басқа 

пигменттерді маскалауын аяқтайды және жапырақтарға тиісті түс (сары, 

қызыл, көк) беріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет