Ж.Баласағұнидің еңбегінде дидактиканың кӛкейкесті
мәселесі білім беру мазмұны да қарастырылады. Білім беру
мазмұны арқылы жеке тұлғаны
қалыптастырудағы адам
баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім
алуы, білік пен дағдының қалыптасуы, ақыл-ойы мен
сезімінің
дамуы,
таным
арқылы
кӛзқарастарының
қалыптасуы жүзеге асырылады. Ж.Баласағұни
білім беру
мазмұнын білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет,
дүниеге және қоршаған адамдарға қатынас құрайтынын
негіздеп, мұның ӛзі дүниенің бейнесін қалыптастырудың
әдіснамалық негізін, мәдениетті
қайта жаңғырту мен
сақтауды,
мәдениетті
дамытуды,
еңбекке,
оның
нәтижелеріне, адамдарға қатынасты қамтамасыз ететіндігін
тұжырымдайды (Сурет 3).
Ж.Баласағұни ӛзінің педагогикалық ілімін тәрбие
теориясы мен тәжірибесінде жинақталған құнды дүниелерге
сүйеніп жасады. Оның педагогикалық ілімінің қайнар
кӛздері мыналар болып табылады:
- кӛне түркілердің тәлім-тәрбиелік тәжірибелері
және салт-дәстүрлері;
- халықтық педагогика;
- Шығыс (араб, парсы, т.б.) ғұламалары мен түркі
ойшылдарының ғылыми еңбектері;
- ислам дінінің және тәңіршілдік
наным-сенімдерінің
қағидалары.
Ғұламаның кӛне түркілердің тәлім-тәрбиелік мұрасын
ӛз ілімінің рухани бастауы етіп алғандығы туралы зерттеуші
Т.Ә.Ахметов былай деп жазады: «Жүсіп Баласағұнидің
«Құтты білігі» тасқа
қашалған Орхон-Енисей жазба
ескерткіштеріндегі (ҮІ-ҮІІ ғғ.) кӛне түріктердің алғашқы
әдебиет үлгілерінің занды жалғасы іспеттес. Ондағы
«Күлтегін» ескерткішіндегі жазулар мен «Құтты білік»
арасындағы поэтикалық үндестік, рухани туыстық,
тілдік
және сӛздік байланыс туралы мысалдарды кӛптеп келтіруге
болады. «Тоныкӛк» (Кіші жазу) және «Күлтегін»
жырларында бірнеше қайтара айтылатын жер-су, тайпа
аттары, «Ӛтүкен» секілді сӛздер «Құтты білікте» де жиі-жиі
қайталанып отырады: «Ӛтүкеннің бегі айтқан тебіреніп...»
(2682-бәйіт).
Сурет 3 - Ж.Баласағұни еңбегіндегі білім беру мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: