Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда-зияны айтылады



Pdf көрінісі
бет38/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда-зияны айтылады 
 
 
Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл, 
Жарық тӛгіп, елжіретер тіл деп біл! 
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар. 
Тіл – арыстан есік баққан ашулы, 
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды! 
Біліп айтқан сӛз - білікті саналар
Біліксіз сӛз басыңды жеп табалар. 
Кӛп сӛйлеуден артық пайда кӛрмедім, 
Және сӛйлеп және ештеңе ӛңбеді! 
Кӛп сӛйлеме, аз айт бір бір-ер түйірін, 
Бір сӛзбен шеш түмән сӛздің түйінін. 
Сӛз кісіні ұлы қылар, бек қылар
Кӛп сӛз басты қара жерге кеп тығар. 
Кӛп сӛйлесең, «Езбесің» - деп, жек кӛрер, 
Сӛйлемесең, «Мылқау» - екен, деп сӛгер! 


Бұлай болса, тең ортасы – керегің, 
Тілге ұстамды болсаң, ӛсер беделің! 
Біліп сӛйле, сӛзіңде сӛл, ӛң болсын, 
Сӛзің түпсіз қараңғыға кӛз болсын! 
Біліксіздер – надан, кӛзі байлаған
Білімдіден ӛнеге ал, ей надан! 
Туған ӛлер, кӛрсең қалар белгісіз, 
Сӛзіңді ізгі сӛйле, ӛлсең де ӛлгісіз! 
Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы: 
Бірі ізгі сӛз, бірі ізгі құлығы! 
Туған адам ӛліп сӛзі қалады, 
Ӛзі кетіп, ізгі аты қалады! 
Қалар мұра – сӛз, кісіден кісіге
Сӛзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе. 
Кісілерге мирас ата сӛзі ғой, 
Ата сӛзі – ұқсаң – құттың кӛзі ғой. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет