2.6 С. Торайғыров шығармашылығының философиялық
негіздері
XX ғасыр басы бүкiл қазақ тарихындағы ерекше, қазақ
халқының ойы озық, көкiрегi ояу, зиялы азаматтарының ел
*Barron Carra de Vaux: «Les Peaseurs de l’islam», vol, p. 12-15.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
178
тағдырына, өткенi мен болашағына ой тербеген кезеңi болды.
Сол азаматтар өз кезеңiнiң соқпағы мен түрлi саяси мүдделерiне
тәуелдi бола отырып та, өздері өмір сүрген дәуiрде, өз қоғамының
аясында-ақ, қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтiк, мәдени,
рухани дамуында болып өткен өзгерiстер мен адамгершiлiк,
демократтық, ағартушылық идеялардың жаршысы бола бiлдi.
Сұлтанмахмұт Торайғыров осы ғасырда өмiр сүрген ойшыл.
Оның өмiрi, шығармашылық мұрасы философиялық тұрғыдан
біраз зерттелген. С. Торайғыров ХХ ғасыр басындағы қазақ
зиялыларының арасында ерекше орын алатын өз уақытының да-
рынды өкілі. Ол Қазақстанның әдебиетіне, мәдениетіне, философия-
сына баға жетпес еңбек сіңіріп, белгілі қоғамдық-саяси, еркіндік пен
халықтың бақыты үшін күрескен қайраткер. Өлеңдерiнде өмiрге де-
ген құлшынысы, азаматтық серпiнi айқын, бүкiл шығармашылығы
туған елiнiң жыртығына жамау болғысы келген, өзi айтқандай,
«қараңғы қазақ көгiне өрмелеп шығып күн болған» оптимизм-
ге толы. Сұлтанмахмұт өз елінің адал азаматы болды, халықтың
басындағы ауыр қасіретті терең түсінді, зорлық пен зұлымдыққа
қарсы айбынды үн көтеріп, өз шығармаларын арнады.
Сұлтанмахмұт шығармаларында өз заманының шынайы
көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы,
ой-арманы сипатталады. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бей-
нелеп, сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен
адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын
тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.
Сұлтанмахмұттың шығармаларының сипаты да әр алуан. Оларда
өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-
наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған ая-
ныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін
күрескен азаматтық перзенттік патриотизм де бар. Бірақ бұл мұң-
зар жігерсіз, жасық қайғы емес, ақын алдағы өмірге зор үмітпен
қарайды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмір сүрген кезең – ХХ ғасырдың
басында Ресейдегі азаттық үшін арпалыс кезеңі болатын.
Қазақ жерінде патшаның отаршылдық саясаты, феодалдық-
патриархалдық мешеулік еңсені басып тұрған, халықтың
азаттыққа, рухани жаңаруға деген қажеттілігі туған кез еді. Ах-
мет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды
қазақ зиялыларының қоғамдық, саяси күрестегі алдына қойған
179
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
негізгі мақсаты елдің азаттығын қорғап қалу, сол үшін ұлттық
мемлекет құру болды. Ел берекелі, беделді болу үшін, халықтың
ұлттық мәдениетін өркендету үшін алдымен азаттық, бостандық
керек, ерікті ел болу керек екенін олар жақсы түсінді. Қазақ
қоғамында болып жатқан мұндай өзгерістер Сұлтанмахмұт
Торайғыров дүниетанымына әсер етпей қоймады. Ол «Алаш»
партиясының қызметін алға апаруға атсалысты, қазақ халқының
мүддесін қорғады. Өз халқының өмірін жақсылыққа, жарыққа
толтыру тілегін жүзеге асыру үшін, ол жаңа құрылыстың және
қоғамның ең озық өкілдерінен үлгі алуға шақырады.
«Әлиханның Семейге келуі» деген мақаласында Әлихан
Бөкейханов бастаған іске тілектестігін танытады. Ол Алашорда
құрылған күндері «Алаш ұранын» жазып, патшаның құлауына,
елдің автономия алуына қуана үн қосты. «Алаш ұраны» өлеңінде
Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздайды, елді бірлікке,
тәуелсіздік үшін күреске үндейді.
Алаш туы астында,
Біз – Алаштың баласы.
Күніміз туып, көгерді
Сарыарқаның даласы [1, 122 б.].
«Таныстыру» поэмасы Алашорда үкіметінің белгілі
қайраткерлерімен таныстыру мақсатын көздейді. Алашор-
да көсемдерінің соңынан еріп, қазақ халқының атар таң, келер
жарық, сәуле, нұрын солардың есімімен байланыстырды.
«Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов...
Білемін бұл үш ердің айтпай жайын,
Кешегі қара күнде болмап па еді,
Бірі – Күн, бірі – Шолпан, бірі Айым» [1,147 б.]
деп жырлайды.
Күн, Ай, Шолпан қазақтардың өмірлік бағдары, адам өмірін
қолдаудағы басты қажеттілік болды. Сондықтан да ойшыл алаш
қайраткерлерін күн мен айға теңеп салыстырып көрсеткен. Бұл
жерде ақын қазақ халқының бақытты өмірі үшін өз өмірлерін
қиған алаштықтарды тек таныстырып қана тоймайды, олардың
ерекше мінезін ашып көрсетеді. Ол оқыған адам мен қара
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
180
қазақтың сұхбатына құрылады. Қара қазақ аумалы-төкпелі осы за-
манда кімге сүйеніп, кімге сенеміз деген сұрақ қояды, оқыған адам
оған жауап береді. Алдыңғы кезекте ол Әлихан Бөкейхановты, Ахмет
Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты таныстырып, олардың қазақ
халқының тәуелсіздігі жолындағы жалынды енбегін зор бағалайды.
Жастардан
Әлімхан
Ермековті,
Халел
Ғаббасовты,
ақын Шәкәрім Кұдайбердіұлын, қазақ мәдениетінің белгілі
қайраткерлері Нәзипа, Нұрғали Құлжановтарды тандап алып,
олардың еңбегіне баға береді. Мысалы: «Ермеков деген бала,
ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға». Сол кезде Семейдегі іс
басындағы адамдардың бәрін тек таныстырып қоймай, ақын
көбіне сын көзбен қарап, олардың әрқайсысының еңбегін атап
өтеді. Сұлтанмахмұт ақындық талант туралы айта Абайды көп
ақындар ішінен ерекше бөліп алады:
Абайды дейік биік бұлтқа жетті,
Аз ілімі жетуіне жәрдем етті.
Алты алашқа атағы айқындалып,
Сүйікті, тағзым мінді, суретті [1, 159 б.]
Өз заманының ойшыл ақындары ішінен Сұлтанмахмұт
Шәкәрімге ерекше қарайды, оның ойшылдығы жалғыз қазақ
емес, бүкіл адамзатқа ортақ деген пікір айтады:
Бұл қазақтың мақсұты - биік, алыс.
Таппаса да сөзіне құлақ салыс.
Қазақ деп жекелеме, адамзат де,
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс [1, 160 б.]
Ойшыл жеке адамдарды бағалағанда, олардың адамдық,
қоғамдық еңбектерін халыққа, еліне сіңірген қызметімен
өлшейді, ел басшылығына дәмелі адамдарға салмақ артады,
сын айтады, елді ойлы, білімді басшылардың маңына бірігуге
үндейді. «С. Торайғыровтың «Таныстыру» деген поэмасында
қазақтардың патриоттық сезімі туралы сипатталған. Мұнда ақын
сол уақыт оқиғасын суреттеген жоқ, сол кездегі қазақ халқының
бақыты үшін өмірін қиған батырларды суреттеген. Ойшылдың
айтуынша жарықтық-білімге деген жаңа өмірге деген және
қараңғылықтан бақытқа әкелетін жол болып саналған. Мұнда
181
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
жарық (дүние) С. Торайғыров үшін рақымшылдық пен қайғы
болған жоқ, ол бір нәрсені ашу, ұмтылу болды. С. Торайғыровтың
шығармашылығындағы этика-эстетикалықтың мәні адамның
ішкі дүниесін түсінгісі келетіндігінде жатыр» [2, 13 б.].
С. Торайғыров жарық, нұр бейнелерін біліммен де байла-
ныстырады. Ойшылдың ойынша, жарық – қараңғылықтан бақыт
жолына апаратын жаңа өмірдің, білімнің негізі. Сұлтанмахмұт
қоғамды көркейтетін ғылым, сондықтан қазақ даласында мек-
теп, медресе, газет, журналдарды көбейту керек деп түсінді. Ол
ғылымды екі жікке бөлген: «бірі – дене азығы, бірі – ар азығы. Дене
азығы дегеніміз – осы күнгі адам баласының жеңіл күн көруіне
себеп болып жүрген саймандар білімі; ...ар азығы дегеніміз –
әділдік. Осы соңғы ар азығы – әділдік табылмай басқа дене азығы
өнерлерінің көбеюімен жалпы адам баласының күн көрісі ауы-
раймаса, жеңілеймейді, бақытсыздығы көбеймесе, азаймайды»
[1, 87 б.]. Ар-ұятты ұмытқан қоғамның бақытты болмайтынын
жақсы түсінді, ар азығы жетіспеген, дене азығы дамыған қоғамда
құлдық өркендейтіндігін көре білді. Адамгершілігі, ары жоқ
адамның хайуаннан еш айырмасы жоқ. Адамдық қасиеттерді да-
мыту адамның өз қолында екенін ақын ескертіп отырады. Өзінің
білімге ұмтылған өмірінің әр кезеңін жырлауы да қазақ жастарына
үлгі болсын деген ойдан туындаған секілді. Ар-ұжданды жоғары
қойған қоғам ғана көркейіп, арын таза сақтаған адам ғана адам бо-
лып қалмақ деген оймен қорытынды жасайды. Шәкәрімнің ұждан
ілімі мен Сұлтанмахмұттың ар азығы ілімінің қазақ халқына пай-
дасы мол болмақ. С. Торайғыров танымы – әділдікті қабылдау
мақсатындағы болмыс шексіздігіне ұмтылу. Ойшылдың өзімен
сұхбаты, өзінің «Менін» түсінуге тырысуы адам жанының негізі
ар-ұят туралы ойға алып келеді.
«С. Торайғыровтың дүниетанымдық көзқарасы ерекше. Ақын
философ болған жоқ, философиялық жүйе тудыруды да алдына
мақсат еткен жоқ. Бірақ ол белгілі бір философиялық мәселені
шешу жолдарын терең меңгере білді. Әсіресе «Адасқан өмір»
поэмасы терең философиялық мәнде жазылған шығарма. Автор
адам өмірінің мәні мен мағынасын, қоғамның дамуын, болмыстың
жалпы негізі мен таным рөлін және т.б. философиялық ойды
көрсетуге тырысқан поэма деп айтуға болады» - деп атап өтеді
О.Сегізбаев [3, 440 б].
«Адасқан өмір» поэмасы шындығында нағыз философиялық
шығарма. Онда адам өмірінің мәні, қоғам мен оның дамуы,
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
182
болмыстың жалпы негізі, адам мен қоғам дамуындағы танымның
рөлі мәселелері зерделенеді. «Адасқан өмір» поэмасының негізгі
мақсаты – қоғамдағы әділетсіздіктің, теңсіздіктің себептерін
ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну. Сұлтанмахмұт қазақ
ауылындағы әлеуметтік теңсіздіктің шеңберінен шығып, бүкіл
капиталистік қоғамға тән әділетсіздіктер туралы пайымдай-
ды. Сол қоғамның азғындап бара жатқан белгілерін көріп, адам
баласының қанаудан құтылып, өз еңбегімен күн көретін, өз та-
лантын халық игілігі жолына жұмсайтын кезін – бақытты өмірді
аңсайды.
Сұлтанмахмұт адамның өзіндік «Мені» арқылы: мен бала,
мен жігіт, мен тоқтадым, мен кәрі, мен өлік деп адам өмірін бес
кезеңге бөледі. Адам өмірінің барлық кезеңін ашу арқылы сол
қоғамдағы адам тағдыры мәселесі жайлы философиялық ой
түйеді. Кісінің туған күнінен бастап, өлгенге дейінгі өмірін кезеңге
бөліп, өмірде не көрді, әділеттілік пен әділетсіздік қайсы? Оны
тудырып отырған жағдай қандай? деген сұрақтарға жауап іздеп,
қоғамдағы адамның өмір сүру жағдайларын жан-жақты ашып
береді. Адам өмірі уайымсыз, қайғысыз, кіршіксіз таза сәбиліктен
басталады. Ол кезде бала алдау, арбау, қайғы, дос, қас, бай, кедей,
орыс, қазақ дегендердің ешқайсысын білмейді. Оның ұғымын
кеңейтетін, тәрбие беретін – қоғам шындығы.
Адам мен әлем арасында өзіндік бір сұхбат жүреді.
Сұлтанмахмұт жүргізіп отырған адам мен әлем арасындағы
сұхбат өте қызықты, терең, ғибратты философиялық әңгімеге
айналады. Бұл сұхбатта адам өмірінің мәні ашып көрсетіліп,
әлемдегі адамның орны мен рөлі және адам өмірінің болашағы
қарастырылады. Адам әлемге сұрақ қойып, әлем сол адам арқылы
жауап береді.
Мен сыйлар деп, дүние, келдім, міне,
«Бір жас» деп есігіңнен ендім, міне,
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не кылсаң да басымды бердім, міне [1, 169 б.]
Адам өмірге осындай ұғым-түсінікпен келеді. «Адам әрқашан
бүкіл әлем бұғауындағы маңызсыз буын екенін біртіндеп түсінеді,
оның келісімінсіз, қамқорынсыз бұл өмірге келгеннен кейін
әлемдік-космостық күштерге емес, жердегі қоғамдық-әлеуметтік
183
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
күштерге сенуі керек және өзіне, қоғамға және нақты тарихи
уақытқа пайда келтіре отырып өз өмірін саналы жан ретінде
өткізуі керек» [4, 156 с.]. Бұл әлем мен адам арасындағы «сұхбаттан»
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың адам мен оның өмірдегі санасының
белсенділігін түсінуін көреміз.
«Мен жігіт» бөлімінде бала жігіт болып, қоршаған орта
әсерінен санасы, түсінігі мен ойы қалыптасады. Сондықтан оның
әлемнен бөлек өзіндік негізі болады. Жігіт болып ес жиған кез-
де де ол ортасынан өзіне сай кәсіп, өз өмірі мен халық мүддесін
байланыстыратын жол таба алмайды. Ол бай болуды да, әкім,
әскер басы, ғалым болуды да таңдап, байқап көреді. Бірақ осының
ешқайсысынан өз басына қажет еркіндік пен әділеттік таппайды.
Сұлтанмахмұт адамның бұл жолдардың бәрінен бас тартуын
қоғамдық әділетсіздік деп пайымдайды.
Жоқ, байымас бір күнде адал еңбек,
Біреу байыса, біреулер кедейленбек.
Кімде-кім тез байыса қолына алып,
Кім кедей болса, соның малы келмек [1, 160 б.]
Мұның бәрі адал еңбек жолы емес, алдамшылық жолы деген
ой оны байлықтан безіндіреді. Содан кейін «Хәкім болсам, елді
аузыма қаратсам», «Мақсаты бір-біріне қайшы топты бауыр ғып,
тату өмір сүргізсем», - деп те ойлайды. Бірақ «Өмірдің бұл түрінде
ешбір әкім», «Мүмкін емес әділдік қылуға елге» деп, әкімдік
бақыт емес, ол байларға малай болу, бұл - қорлық деп, бұдан да
бас тартады. Одан кейін әскер басы, қолбасшы болуды ойлайды.
Бұл қоғамда бұл да бақыт емес: «Найзаның күшіменен жанған
бақыт», «Бір кезде найза ұшында өшпеске жоқ». Соғыс – ақынның
ойынша, жазықсыз қан төгу. Шығарманың бұл бөлімінде ол
капиталистердің байлығын молайтуға империалистік соғыстың
қалай көмектесіп жатқанын жазады. «Соғыстың шығындарын
елге салмақ», «Мұқтаждық халдерінен пайда алуға...». Ақын гу-
манист ретінде соғыстың халыққа еш пайдасының жоқтығын,
әкелетін зиянын көрсетеді, «бас көтерер еркегі соғыста боп», «ша-
руа істелмей кедейлер мұқтажданбақ» деп зерделейді.
Оның келесі арманы – ғалым болу. Ол адам ауру көрмесе,
қартаймаса, мал қырылатын ауруларды да емдесем деп арман-
дайды. Бірақ адам қанайтын қоғамда ғылымның табысы халық
игілігіне айналмайтынын ескеріп, бұл жолдан да безіп шығады,
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
184
Бірақ бүгін ғылымның тапқандары,
Пайдасын көрсеткен жоқ кедейге әлі.
...Бұл қалыпта ғылымды пайдалы деп,
Алғыс айтып тұрған жоқ жанның бәрі [1, 174 б.]
Қоғамнан кәсіп таңдағанда оның біріне тоқтамаған оның ой-
түйіні, ең алдымен, әділ қоғам іздеуге саяды. Мұны ол «негізгі іс»
деп атайды.
Еңдеше мен жабысам негізгі іске,
Әділдікте - бар негіз, бақ та, күш те.
Қарғаймын әділдіктен басқа жолды,
Өңім тұрсын, кірмесін түнде түске, – дейді [1, 176 б.]
Шығармадағы адамның, яғни Меннің ары қарай іздер
жолы қандай болмақ? Оны табу үшін не істеуі керек? Бұл
Сұлтанмахмұтты қатты ойландырады. Ол өзінің ендігі өмірін
осыған арнауға серт береді, де «Әділдік ұлт деген сөз, дін деген
сөз», «Залымдық жем болмауға қармағы үшін...»; «Мен ғашықпын
көруге әділдікті», «Тегіс қылып көркейткен өмір түсін» деген
тұжырымдарын әлеуметке ұсынады.
«Бұл ащы шындықтың негізін ол халық мүддесі үшін білім
мен байлықты пайдалануға қажетті әділдіктің жоқтығынан көреді.
Жазушының ойынша тек әділдік қана «араздықтан», «халықтың
көз-жасынан», «қантөгістен» сақтайды. Әділдік – халықты «бақ пен
күшке апаратын жол». Торайғыров әрбір адамның міндеті әділдік
пен жақындыққа қол жеткізу», - деп есептейді К.Бейсембиев [5,
365 б].
Сұлтанмахмұт өзі аңсаған әділет жолы – адамзатқа тендік
әкелетін, шын бақытты өмір алда деп үміттенеді.
Ол өмірде бірде-бір алдау болмас,
Жағынып арды ақшаға жалдау болмас.
Ешкімнен достық таппай, қастық көріп,
Бар адамды сайтан деп қарғау болмас.
Поэманың соңғы «Мен тоқтадым», «Мен кәрі», «Мен өлік»
бөлімдерінде Сұлтанмахмұт адам өмірінің осы кезеңдеріндегі
ерекшеліктеріне, оның қоғаммен байланысына, өмір ағымындағы
185
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
орнына көңіл бөледі. Оның кейіпкері жасы ұлғайған, тоқтаған
шағында да әділдік жайындағы ойын қайталайды. Бұл өмірде
әділдік таппаған ол о дүние бар болса, онда да осы күресін
тоқтатпайтынын айтады. «Бай жағы жүз мың болса, кедей -
жалғыз, қорықпай жалғыз жақта қалар едім», - дейді. Оның
әрекетінде өзінің күреспен өткен өміріне шолу жасап, ойлану ба-
сым тұрады.
Поэманың бұл бөлімдерінде Сұлтанмахмұт адамның
қоғамнан «қартаймайтын, өлмейтін орын табуын» сөз етеді.
Бұл – өз заманында қоғамға, келешекке пайдалы іс істеп, өлмес
атағыңды қалдыр деген сөз. Лирикалық кейіпкер өз дәуірінде
мұндай бақытқа жете алмайды. Ақын осы негізде қоғам мен
адам арасындағы қайшылықты ашады. «Мен кәрі» бөлімінде ол
«жұрт үшін еткен қызмет, еңбегім жоқ», «тым болмаса, қалмады-
ау ешбір ісім, мені айтып жұрт сағынып шөлдегендей» дегенді
айтады. Адам өмірінің кәрілікпен байланысты өзгеруін ақын
шеберлікпен суреттейді. «С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» по-
эмасынан біз суретшінің еңбегін көреміз, ол өз кейіпкерінің ішкі
әлеміне жаңа ұғым береді, оның сезімі мен әсерін – түрлі қиын да
күңгірт, ашық, сенімсіз, әсерлі-ойлы жағдайды, жеке болжам мен
еркін арманды ашып көрсетеді» [6, 163 б.]
Жалпы алғанда, «Адасқан өмір» – ескі құрылыс жағдайында
іздеген бақытын таппаған адамның көңіл-күйі философиялық ора-
лымдармен шебер суреттелген, одан құтылудың жолын, болашақ
әділетті қоғамның сипаттарын бейнелеген терең шығарма. Ақын
осы негізде адам өмірінің адасу себептерін, оның өмір сүріп
отырған қоғаммен бітіспес қайшылыққа келуін көрсетеді.
Қандай мән бұл адамның өмірінде?
Дәм тартқызар үміт не көңілінде? [1, 197 б.]
Жеке адамның өмір кезеңін көрсете отырып, сол қоғамдағы
адам тағдыры жайлы ой түйеді.
«Кедей» поэмасы да осы сарында, қазақ кедейінің мұңы, оның
тағдырын шешетін қоғамдық әділетсіздік көріністері, яғни қазақ
ауылындағы таптық қайшылық, қоғамдық-әлеуметтік теңсіздік
мәселесі көрсетілген. Торайғыров қазақ қоғамындағы таптық
құрылымды анық білген. Қоғамда түрлі таптардың болуының
экономикалық негізі мал мен жерге деген теңсіздік.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
186
Ойлаңыз менде де жүрек, жан бар,
Жүрегімде өмір бар, ыстық қан бар,
Үміт бар, махаббат бар, жек көру бар,
Бәрі де байдікіндей, байқасаңдар.
Туысымда онан жоқ еш кемдігім.
Жалғыз-ақ менде мал жоқ, онда мал бар [1, 198 б.]
Жоқшылық тауқыметін тартқан кедей тағдыры ата-бабасы-
нан келе жатқан мұра, байдың малын бағып, қорасын салатын да,
шөбін шауып, ағашын жаратын да, асын пісіріп, малын сауатын
да – кедей. Кедей мен байды салыстыра отырып ақын қоғамдағы
теңсіздікті аша түседі.
Поэмада ақын кедейдің ауыр тұрмысын сипаттап қана
қоймай, оны жаңа жолға, соны тұрмысқа бастап, әділетті өмірге
жетсе деп толғанған. Кедейге өмір жайлы сұрақ қойғызып,
басындағы ауыр жағдайын өзгертуге үндейді. Автор үмітсіздікке
түскен кедей тағдыры, өмір қайшылықтары жайлы ойланады.
Өзін бай баласымен салыстырып, екі жағдайда екі түрлі өмір кеш-
кен адамдар тірлігіндегі әділетсіздікті көреді.
Анау Жақып сән түзеп сауық құрған,
Құрдасым емес пе еді бір күн туған.
Мен туғанда табылмай қара сабын,
Ол туғанда иіс сабын тәнін жуған [1, 192 б.]
Мұндай әлеуметтік сұрақтарды түсінуге Сұлтанмахмұт кедейі
дайын емес. Ол әділетке жету жолын білмейді. Соған қарамастан
ескілікпен, әділетсіздікпен күресіп, өз ортасынан бөлініп шығады.
«Оқудағы мақсат не?» өлеңінен бастап оқу-білімге ұмтылуды,
басқа өнері асқан халықтардан үлгі алып, алдыңғы қатарлы елге
айналуды мақсат еткен. «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып
күн болам» деп бүкіл ұлттың бірлігі мен тұтастығы үшін өз өмірін
арнаған.
«Кім жазықты?» романы Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы
толғанысын тереңдете ашуға арналған. Мұнда ол қазақ қоғамы
жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған белді адамдардың
бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез
– құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай
баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық-болыстық қызметі
187
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық-зомбылықты,
қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі
шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды
өршітпеуге, тіпті қуып шығуға күш салады. Әжібай жеке адам
ретінде ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып, жаңаруға
бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейнесі ретінде
пайымдалады.
С. Торайғыров шығармашылығындағы ең маңызды
ойларының бірі - бұл өмір және өлім тақырыбында мәңгі ойлану
– уақыт пен кеңістік шектері.
Ойшыл түсінігіше өлім, әсіресе, жастар өлімі – зұлымдық.
Мысалы, Қамар үшін о дүниелік болу бірден-бір еркіндікке апа-
ратын жол болды. Бұл зұлымдық кенеттен ойламаған жерден
келіп, жас жанның өмірін қыршынынан қияды. Уақыт ағымын
кері қайтаруға болмайтынын, өмір сәттерінің өткіншілігін көріп
жас ойшыл қатты күйзеледі. Бірақ жас тұлға өлгенімен, шексіз
өмір тоқтамайды. Болмысына қарамастан, өлместің күнін көріп,
тіршілік еткендер де, бар өмірі рухани шиеленіспен өткендер
де – барлығы да топыраққа айналады. Сонда дүниеге келіп, өмір
сүрудің мәні неде? Өлім барлық рухани іздену мен қайғы-қасіретті
жойып, болмыс мағынасын түсіріп, жандыны да жансызды да
теңестіреді. Жақынын жоғалтып, өзінің өлімнен қашып құтыла
алмайтынын сезген жас ойшылдың жан дүниесіне қайғы толты-
рып, көңілін қалдырған сауалдар туындайды.
Гуманист ақынның трагедиялық тағдыры оның шығармашы-
лығына әсер етпей қоймады. Өмір мен өлім, жамандық пен
жақсылық мәселесін философиялық пайымдау арқылы ақын
тығырықтан шығу жолын іздеді.
Өмір мен өлім мәселесінде Сұлтанмахмұт қазақ жыраулары-
ның дәстүрін жалғастырады. Өмірді белгілі бір негізгі кезеңдеріне
бөледі – туу, балалық, жастық, кәмелеттік жас, кәрілік, өлім. Бұл
кезеңдердің ең маңыздысы жастық дейді ойшыл.
Торайғыров үшін өлім адам болмысының немесе басқа
тіршілік иесінің өмірінің тоқтауы ғана емес, уақыт заңына
бағынышты шарасыздық. Ол өлімге қатысты бірнеше түрді атап
көрсетеді: мойынсұну, қорқыныш, өлімнен сескенбеу, жанталас.
Өлімге мойынсұну Сұлтанмахмұттың ойынша күнделікті, табиғи,
жалпыға бірдей құбылыс. Мойынсұнуды ойшыл саналы таңдау
деп қарастырды: «Өлім – бұл жауыздық, бірақ мен бұл күшке
бағынамын» [7, 21 с.].
|