II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
басыңнан асса досыңа қыл» деген мағыналы, терең ойлы сөзін
Шәкәрім қажының сөзіне жауап ретінде беруімізге болады дей
отырып, жақсылықтың өзін әртүрлі ұғуға болады, өзіңе істеген
жақсылық біреуге зиян болса, онда ол жақсылық емес жамандық
болады, сондықтан жақсылықты біреуге зияны тимейтіндей етіп
жасау керек екендігін ескертеді. Жақсылықты досыңа қыл деген-
де «дос» ұғымын кең мағынада алады. Тек туған-туысқаның ғана
емес, дұшпан еместің бәрі дос дейді, яғни барлық халық, жалпы
қоғамды алып отыр. Тек өз пайдаңды ойламай, қоғамға пайдаңды
тигіз деген ой айтады. Міржақып Шәкәрімнің «қандай адам
жақсы кісі болмақ керек?» деген сауалына да жауап береді. «Сон-
дай адам жақсы кімде-кім жетім, жесір, кәріп, қacaң, қысылған-
қымтырылғандарға жақсылық қылып, оларды қуантып қойса»
[2, 237 б.] – дей келіп, игі жақсыларымыздың ойлағаны ел билеу
дейді, олар елге пайда келтіретін болса, билеріміз әділ, болыстар
жұрт қамын жейтін болса деп Абайдың «Мәз болады болысың»
өлеңін мысалға келтіреді.
Адам тіршілік иесі ретінде өзін-өзі түсінуге талпынып отыра-
ды, бірақ оның түбіне дейін бойлай алмаймыз. Бірақ ерте ме, кеш
пе өмірмәндік мәселені шешу жолына түсуі керек. Адамның ең
басты құндылығы олардың тіршілігі, өмірі. Сондықтан «не үшін
өмір сүрдім» деген сұрақ адам санасында пайда болады. Әр адам
өз өмірін саралау керек, өз өміріндегі құнды нәрселерді құнсыз
нәрселерден айыра білу керек. Міржақып Дулатов та өз алдына
мақсат қойып, өзінің өмірін халқының мұң-мұқтажын жоқтауға
арнады. Оның ойынша адам өмірінің мәні – адамдыққа, ғылым-
білімге ұмтылу, адамгершілікті өмір сүру, сол арқылы халқыңа
пайдалы болу. Надандықтан шығудың жолы ғылым, білім, өнер
үйрену дейді.
Бозбала, һүнер, ғылым үйренбеді,
Ел кезіп, өсек айтып сүйреңдеді
Әр қайсың хал кадәрше талаптансаң
Сендерге мен нахақтан бүйдермедім?
Малға кедей болғаның жетілерсің,
Ғылымға кедей болғаның өкінерсің.
Хазірде құлағыңа кірмесе де
Файдасын ахырында бір білерсің [2, 46 б].
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
152
Өнер-білім үйренген адам ең алдымен қараңғылық пен
надандықтан құтылады, жақсы мен жаманды айыра біледі, өзінің
адам деген атына сай болады.
Міржақып Дулатов үшін халқының өмірін жырлаудан
асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің
ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің
мүддесіне қызмет ету – әpбip азаматтың парызы деген тұжырым
жасайды. Мысалы, «Шағым» өлеңін алайық. Бір қарағанда
«Шағым» өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді.
Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жа-
тыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық,
алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын
мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, – [2, 91б.]
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы кер-
тартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сон-
дай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын
адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы
терең қайғыға ұласып кетпейді. Өлеңінің соңында: «Әділдік аста
қалған еш күні жоқ», – деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне
сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша
жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш! [5, 91 б.]
Ақынның мақсаты – халқының тағдырына ара түсу, елі үшін
еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі
надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жо-
лын іздейді. Мәселен, «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат»
өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-
жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі
153
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта оты-
рып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті
сынға алады.
«Алашқа» өлеңінде ақын халқының өткендегі өмірін есіне
түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра
отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады. Алдымен
күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың,
онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел
баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
Қақ жарған қара қылды биің қайда?
Ақ орда би түсетін үйің қайда?
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда? – [2, 106 б.]
дей келіп, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін,
жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын
іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артық болмақ. Бірақ
өмір Міржақып ойлағандай емес. Би – парашыл, қарттары –
қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
Қайраған қолдан келмес іске әуре боп,
Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес! – [2, 107 б.]
деп, халықты ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай
әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға
сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» атты романында
әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғалып, қазақ әйелінің ауыр жағ-
дайын шынайы бейнелеген, қазақ әдебиетіндегі роман деп аталған
тұңғыш прозалық шығарма болды. Ол әйел теңдігі мәселесін
поэзиялық шығармаларында да арнайы тақырып етіп, қыздарды
малға сатуды, жесір әйелді еркінен айыратын әмеңгерлікті негізгі
нысанасына алып, махаббат сезімін, адамгершілікті қастерлеуді
ашық көрсеткен. Сүйгеніне қосыла алмай, еріксіз мал берген
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
154
адамға қосақталған бақытсыз Жамалдың трагедиялық өмірі –
жүздеген, мыңдаған қазақ қыздарының, әйелдерінің басындағы
жағдай болатын. Сондықтан әйелдің бас бостандығы, еркіндігі, өз
сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы қазақ өміріндегі
ең бір түйінін шешуі қажет мәселе еді.
Міржақып әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа
үзілді-кесілді қарсы шығады. Қаншама әйел ескіліктің шырма-
уынан шыға алмай, қайғы жұтып, көнбістікпен өмірін өткізген
болса, Жамал ғашық жарына қосыла алмай басқа біреумен
тұрмыс құруға бар жанымен қарсы болады. Ғашық жігіті өмірден
қыршын кеткенде ауыр қайғы үстінде шарасыздықпен әкесінің
ырқына көнсе де, қорлауға шыдамайды. Келін болып түскен
жерінен қашып кетпекші болып, қайғылы қазаға ұшырайды.
Жамалдың қорлыққа көнбей қарсылық білдірген табандылығы,
өжеттігі де еркіндікке ұмтылып, арманына жетуді аңсаған талай
қазақ қыздарының жүрегіне сәуле беріп, қысылып-қиналғанда
ширықтырып, қайраттандырған болар.
Шығармада тек әйел тағдыры емес, рухани теңдікке,
бостандыққа ұмтылған қазақ ұлтының күрескерлік болмысы
пайымдалған. Сондықтанғ қазақтың алғашқы романында Жа-
мал тағдыры жалаң алынбай, қазақ өмірінің сан қыры әлеуметтік
мәселелерімен сабақтастырыла зерделенген. Жамал – қазақ
қыздарының басындағы қайғылы халін ұғына білген, өз тағдырына
араша түсуге дайындығы мол, санасы жетілген қазақ қызы. ХХ
ғасыр басында аз болса да мұндай сауатты қыздардың ел ішінде
болғандығы өмір шындығы. Әке-шешесінің көзінің ағы мен қара-
сындай жалғыз қыз жасынан еркіндіктің дәмін татып өскен. Оның
кейінгі өз бостандығы жолында күреске ұмтылуының және оған
батылының баруының бір сыры осында жатыр.
Тарих туралы ой М. Дулатов үшін – бұл тарихта шын мәнінде
не болды, сол туралы ой, ал тарихта не болғаны ғылыми түсінік
арқылы көрініс береді. Қазақ-қырғыздың тарихын жазбай тұрып,
алдымен «қазақ», «қырғыз», «алаш», «үш жүз» деген аттардың
қайдан шыққанын, қазақ пен қырғыздың тегі кім, қашаннан
бері өз алдына жұрт болғанын шешіп алуымыз керек дейді. ХІХ
ғасырдың басында Г.Ю. Клапрот пен К. Риттердің зерттеулерінің
қате екендігін дәлелдейді. Олар наймандарды Обь, Енисей
өзендері бойындағы қырғыз тұқымы десе, қазақ пен қырғызды ин-
до-герман затынан болуы тиіс деген пікір айтады. Осыған өзінің
«Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы» деген үлкен мақаласын ар-
155
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
найды. 1020-ыншы жылдарда өмір сүрген атақты Фердауси қазақ
жұрты һәм қазақ хандары туралы жазған. Сонда қазақ Фердау-
сиден бұрын да мемлекетті жұрт болғандығы көрінеді, деп қазақ
халқының шығуы жайлы өте құнды пікірлер айтқан.
Адамзат игілігі тек материалдық әл-ауқаттың жетістіктеріне
тірелмейді, адамзаттың өмірлік іс-әрекетінің барлық ауқымын
қамтиды. Адам болмысының негізгі мәні ретінде ол ұлттық
мерекелерді атайды. Мейрамдар халықтық дүниетанымның
қалыптасуында, олардың табиғатқа, құдайға, өз-өзіне, қоғамға,
мемлекетке қатынасын анықтауда үлкен рөл атқарады. Қай
халықтың даму деңгейі жоғары болса, сол халықтың мейрамда-
ры көп болады дейді, «Қош келдің, Наурыз!» мақаласында На-
урыз ұлт мейрамы дей келіп, онда күн мен түн теңеледі, қыс өтіп,
жаз жетіп, шаруа кенеледі дейді. «Тіршіліктің арқауы алдыменен
тамақ. Дүние жаратқаннан бері жанды-жансыздың бәрінің та-
лас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін, күн көруі алдындағы
айдап өсіріп жүрген малының амандық, жамандығымен байла-
улы. Өнері, кәсібі, зауыты, фабрикасы бар, табиғатты қолданған
мәдениетті елдер қыстың қысымын қазақтай көрмейді. Болмашы
боранға, жауын-шашынға, топтанған бұлтқа, ауысқан желге, ке-
рек десе, жаңа айдың қалай туғанына шейін қазақтың зор мағына
беруі әшейін еріккеннен тапқан ермегі емес, қыстың ауыр я жеңіл
өтуінен тіршілігі өзгеретін, жеңіл болса құт, ауыр болса – жұт
болатындығын байқаған тәжірибеден шыққан нәрсе» [3, 303 б.].
Мұндай күнді жыл сайын осындай қуанышпен қарсы алу үшін
қазақ елі ерінбей еңбек сіңіріп, мезгілін өткізбей егін егіп, пішен
шауып, күн ілгері қамыңды же дейді.
Адамшылық өлшемі ар-ұятты ұмытқан қоғамның
бақытты бола алмайтынын Міржақып Дулатов жақсы түсінді.
Бұл әл-Фарабидің «Қайырымды қала» тұрғындарының
көзқарасы трактатындағы әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi
орнықтыратын – iзгiлiктi қоғам туралы ойымен үндес.
«Құлдар
достығы» шығармасында испандықтардың Америка халқын
құлға айналдырғанын, олардың қанша сый-құрмет көрсеткеніне
қарамай, алтындарын алып, аямай жұмысқа салып қинағанын
жазады. Зорлықпен бағынған, ауыр қызмет көрген бишара аме-
рика халқы ауырлыққа шыдамай, қырыла бастайды. Осындай
рақымсыз, жауыз адамдармен қоса халыққа жәрдем етіп, халін
жеңілдетуге тырысқан жақсы адамдардың да болғандығын ай-
тады. «Бәрінен артық олар үшін көп жақсылық қылған Испания
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
156
епискобы (поп) «Лас Казас» деген кісі болған. Лас Казас бұлардың
ауыр халін жеңілдету үшін қайғырып ол заманда қауіпті сапар
саналған Америкадан Испанияға алты рет барып қайтыпты. Ол
уағыздар сөйлеп, хаттар жазып, кітаптар шығарып, бишара Аме-
рика халқының ауыр қызметті көтере алмай ауруға, өлімге душар
болғандығын халыққа түсіндірген» [2, 48 б.]. Бірақ Лас Казастың
қатесі құлдыққа Африка негірлерін алыңдар деуі еді, бұл қатесін
түсінген ол кейін өкініп, өлер алдында «Негірлерді құлдыққа
айналдыруда Индейлерді құл еткен секілді құдайсыздық,
әділетсіздік» деп жазып кетеді.
Құлдық заманында Африкадан Америкаға әкеліп сатқан қара
нәсілділердің саны жеті миллион болған. «Бұл сорлы адамдардың
көрген күнін адам баласының басына құдай салмасын!» – дейді
Міржақып. Таң атқаннан ел жатқанша жұмыс істейді, жас, кәрі,
ауру демейді, ақшаға сатып алғаннан кейін, аямайды. Құлдарды
азат ету жолына Гарриет Бичер түседі. «Адам баласы бір-біріне
қарындас. Адам баласына парыз болған нәрселер әуелі алланы
танып, екінші адам балаларын біреуін кем, біреуін зор тұтпай
сүю. Мұндай болмаса ол адамның адамшылығы аз» [2, 50-52
бб.] деп айтып отыратын атасының тәрбиесін көрген Гарриет
құлдардың ауыр халіне жаны ауырып, олардың ауыр халін қалай
да жеңілдетуді өзіне зор міндет деп біледі. Бұл жолда көп бей-
нет көреді, ақырында өзінің «Хижина дяди Тома» деген кітабын
жазады. Кітап дүние жүзіндегі халықтың ар-ұжданын оятуға
қаққан дабылдай болды. Сөйтіп құлдар азат болды, қазір олар
еркін Американың ерікті азаматтары. Олар өздерін құлдықтан
құтқарған Гарриеттің жақсылығын еш уақытта ұмытпайды.
М. Дулатов
қазақ жерінде де адам саудасының шыға
бастағанын айтады. «Былтырдан бері Жетісу қырғыз-қазағының
басына туған пәлені естімеген жұрт жоқ шығар. Босқын
қырғыздың көбі қытай жеріне барып, ашаршылыққа шыда-
май бала-шағаларын қытай-қалмаққа сатқандығы, бір адамның
құны бір пұт бидайға шаққандығы мағлұм болып еді» [2, 258
б], – дей келіп, Ақтөбеде, Қостанайда адам саудасы ашылғанын,
кейбіреулердің ашаршылықты пайдаланып, арзан қатын іздеп
кеткенін жазады. Бұл іс өле-өлгенімізше сүйегімізге таңба емес
пе? Бұл адам саудасын тоқтатуға не қам жасау керек? –деп оның
жолдарын іздестіреді. Ғұмыр бойы ашаршылық, босқындық бола
бермес, ертең ел есін жиғанда не бетімізді айтамыз, мұны ел аза-
157
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
маттары ойлауы керек дейді. Ол қазақтың белгілі азаматтарын,
оқығандарын халыққа пайда тигізуді көбірек ойлауға шақырады.
Қазақ елін көркейген, азат, егемен ел қатарына жеткізу оның алды-
на қойған міндеті еді. Өмірде өз орнын таба білуден артық бақыт
жоқ. Дүние төңкеріліп, астаң-кестеңі шығып жатқанда, жаңа за-
манды қалыптастырып жіберуге белсене араласу, игілікті істердің
басы-қасында болу кімге болса да үлкен абырой. Патшалық езгі
мен тепкіден есеңгіреген елін азаттыққа, теңдікке жеткізу үшін
Міржақып қолынан келген істің бәрін істеді. Осы мақсатта өзінің
бар күш-жігерін жұмсап, сол жолда өзі құрбан болды.
Міржақып Дулатов қазіргі кездегі ең маңызды орын алатын
тіл мәселесіне де көп тоқталған. Тіл өткен дәуір мен қазіргі за-
манды, болашақты байланыстырып отыратын кілт екенін көрсете
білген. «Қазақ тілінің мұңы» шығармасында өзі тіл орнында тұрып
сөйлейді: «Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар
бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза
едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей
өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып бара-
мын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?» [3, 309 б.] – дей келе,
қазақ тілінің шұбарланып, орысшадан қалай болса солай аудары-
лып жатқанын, мектептегі оқулықтардың қате-қате аударылуы ту-
ралы мәселелерді сөз етеді. «Қазақ тілін жүргізетін комиссияның
құлағына алтын сырға» деген шығармасында осы комиссияның
шығарған жарлығының өзі адам түсінбестей екендігін айта келіп,
«қазақша» мынау болса, орыс болып-ақ кетелік деушілер табыл-
май ма? Сонда не бетімізді айтамыз? дейді. Тіл тек халықпен
бірге өмір сүреді, тіл арқылы халықтың табиғатын, қоғамды та-
нып білуге болады. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ тілді
жоғары бағалаған. Міржақып Дулатовтың мақаласы осы біздің
заманымызға арнап жазылғандай. Жетпіс жыл бойы басылып
келген тіліміз әлі де сол Міржақып заманындағыдай проблемаға
айналып отыр.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл ту-
ралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп
отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада
атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл
саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде
отыр. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы
мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Солардың ішіндегі ең бір
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
158
маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай
болатыны, А. Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «тілі жоғалған
жұрттың өзі де жоғалады».
Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі
Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр,
өйткені, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойлары қазіргі
кезде де өміршең екендігі белгілі. Қазақ тіліндегі басылымдар,
ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде
тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты
мәселелер А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Шоқай, М.
Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. еңбектерінде көрініс
тапты. Алаш қайраткерлерінің ХХ ғасырдың басында тіл тура-
лы айтқан ой-пікірлері қазіргі ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп
отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды. Елбасы Н.Ә. Назарба-
ев: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың
жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер
мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүз жылдықтың
алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының
қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі
тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық Һәм адамгершілік
деңгейімен де осы заманмен үндес» [4, 22 б.], – деп ерекше бөліп
көрсеткен еді.
«Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай
алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші
шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын
көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың
тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп
тұрады» [5]. Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп
тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері
әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.
Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп бо-
латын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де
жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол
жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт бо-
лып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің
де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.Шоқай «Ұлттық
рухтың негізі – ұлттық тіл», М. Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына
бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп
жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге
159
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
ескерту, сақтандыру ойлары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл
пікірлердің бағалылығы да осында.
Қазақтың алғашқы оқығандары қазақтың жеке өз алды-
на ел болып, дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай
жағдайға қол жеткізуін көкседі. Ең алдымен қазақ баласының бір-
бірімен пікір алмасуын қамтамасыз ету үшін мерзімді баспасөз
құралдарын шығарды. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап»
пен «Қазақ» газеті «ұлттың көзі, құлағы һәм үніне» айналды.
Бұлардың ұлттық сананы оятудағы маңызы орасан зор болды.
Кішкентай жылғадан басталған бұл әрекет ұлғайып, арналанып
зор халықтық қозғалысқа ұласты.
Рух – адамды алға жетелейтін, адам бойындағы адамгершілікті,
ақыл мен парасаттылықты қозғалысқа келтіретін, оған бағыт-бағдар
беретін күш. Рух адамды еркіндікке итермелейді, рухы күшті адам
қашанда тәуелсіз. Рух шексіз болса, жан қашанда шектеулі. Жан –
рухтың жемісі, нәтижесі. Рухтан қуат алған жан ғана үнемі дамып,
өзгеріп отырады. Рухсыздық – жан мен рухтың байланысының
үзілгендігінің, жанның тәнді паналағандығының белгісі. Жаһандану
үрдісінде қазақ тек өз рухын, жаңғырту, асқақтату арқылы ғана
ұлттық болмысын, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлан-
ғайыр жерін, тәуелсіздігін сақтай алады. Олай болса, бүгінгі қазақты
зұлымдыққа емес, адамгершілікке бейімдеу ұлттық, мемлекеттік
деңгейдегі мәселе болуы тиіс. Бүгінгі қоғам да осы негізде дамуы
керек. Олай болмайынша, қазақтың рухы өзінің ішкі бірлігі мен
тұтастығынан айырылуы мүмкін.
Қазақ рухын жаңғырту, бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және
сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді, яғни, ұлттық мүдделер
негізінде жүргізуді талап етеді. Қазақ рухын жүзеге асырудың
бір жолы қазақ идеясын жаңғырту болып табылады. Оның алғы
үлгілері кешегі Алаш ұсынған жолдарда, қанымызда ұйықтап
жатқан ұжымдық санадағы архетиптерде жатыр. Бұлардың
барлығы оянып, жаңғырып бүгінгі қазақтың рухын көтеруге
жұмыс істеуі керек. Олар әсіресе, тілдік саясатта, мәдениетте, жал-
пы руханиятта, қоғамдық өмірде көрінуі тиіс. Сонда ғана бөтенге
ұқсамайтын, өзіндік жүру жолы бар қайсар рухты қазаққа айна-
ламыз.
Әдебиеттер
1 Дулатұлы М. «Оян, қазақ!», – Алматы: Алтын Орда. – 1991.- 80 б.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
160
2 Дулатов М. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.
3 Дулатұлы М. Шығармалары, 2 томдық. Алматы: Ғылым, 1997,
П-том. – 343 б.
4 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
5 Жұмабаев Мағжан. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара
сөздер. Құрастырғандар: Абдуллин Х., Дәрімбетов Б., Жұмабаева З. –
Алматы: Жазушы, 1989. – 448 б.
Достарыңызбен бөлісу: |