Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


М. Шоқайдың әлеуметтік философиясы



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата23.02.2020
өлшемі2,34 Mb.
#58900
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42

2.5. М. Шоқайдың әлеуметтік философиясы
Мұстафа  Шоқай  мәселенің  тарихи,  саяси  жақтарын  тал-
дай  отырып,  оның  философиялық  мазмұнына  да  көңіл  бөліп 
отырғандығы  мәтіндерінен  анық  көрінеді.  Оның  «Ұлттық  зия-
лы» атты мақаласында халық, ұлт, мемлекет туралы неміс фило-
софтары  Кант  пен  Фихтенің  көзқарастарына  сілтеме  жасаған. 
«Атақты алан философтары Кант пен Фихтелер халық бірін-бірі 
және өзін өзі басқара алмайтын, басқалардың басқаруында ғана 
болатын  тобырлар»
*
.  Ұлт  –  басқаларға  тәуелді  болмаған,  өзінің 
мекемелеріне  ие  және  өзінің  бірыңғай  мүддесі  бар  халықтар 
жиынтығы.  Философияның  тұжырымдауынша  халық  –  объект 
(object), ұлт – субъект (subject) [1]. М. Шоқайдың осы ойшылардың 
ұстанымдарымен  келісетіндігі  көрініп  тұр.  И.  Кант  қазіргі 
демократиялық  қоғам  деп  аталатын  жүйені  азаматтық  қалып 
(гражданское состояние) деп көрсеткен. Яғни оның ойынша халық 
билігі (демократия) барлық кезде еркіндік қоғамы бола бермейді. 
Өз кезінде Аристотель де осылай деген.  Ертедегі  Грецияда ұсақ 
мемлекеттерде  бұқара  көпшілігі  тұрақты  заңдар  құрылмаған 
жағдайда барлық мәселелерді өз жиналыстарында тікелей шеше 
берген.  Ал  бұл  көбінесе  анархияға  ұласып  кете  берген.  Кант  та 
Аристотель сияқты  азаматтық  қоғамды  көпшіліктің  азшылыққа 
үстемдігі  емес,  барлық  азаматтарға  бірдей  берілетін  құқық  деп 
біледі.  Азаматтық  қалыпта  біреулердің  екіншілерге  үстемдігі 
болмауға тиіс, яғни онда үстемдік атаулы болмауы керек. И. Кант 
мұндай қалыпты адамдардың табиғи талабы деп біледі. Олай бол-
са, олардың мемлекет туралы көзқарастары, әсіресе классикалық 
неміс  философиясының  негізін  салған  И.  Канттың  көзқарасы 
қандай?
* Қазақша аудармада «тобырлар» делініпті. Біздіңше «топтар» деген дұрыс 
сияқты.

161 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
И.  Кант  «Әдет-ғұрыптар  метафизикасының  негіздері», 
«Таза  практикалық  зердеге  сын»,  «Бүкіләлемдік  азаматтық 
бағыттағы  жалпы  тарих  идеясы»,  «Мәңгі  бейбітшілікке  жол» 
т. б. еңбектерінде халық, ұлт, мемлекет, оның формалары тура-
лы  мәселелерді  қарастырады.  Олардың  түпкі  философиялық 
мазмұндарын  айқындауға  тырысады.  Оның  ойынша  мемлекет 
адамдардың  белгілі  бір  бірлескен  тобының  субъектілік  деңгейге 
дейін қалыптасу жолының нәтижесі, соның берік ұйымдасуының 
саяси формасы. Ал ол субъектілік деңгей халық үшін де, оның жеке 
мүшесі үшін де тең азаматтық қатынастар қалыптасқан жағдайда 
ғана мүмкін. «Адамзат үшін шешуін табиғат міндеттейтін ең қиын 
проблемасы  –  бүкіл  жалпы  құқықтық  азаматтық  қоғамға  қол 
жеткізу. Тек осындай әрбір мүшесіне ең биік еркіндік беретін, яғни 
адамдар арасында толық антагонизм қала беретін, әрі солай бола 
тұра олардың әрқайсысының еркіндігі басқалардың еркіндігімен 
сиыса алатын етіп аса дәл айқындап және қамтамасыз ете алатын 
қоғамда ғана табиғаттың ең биік мақсатына қол жеткізуге болады: 
яғни адамзат табиғатына тән қабілеттілік нышандардың бәрін де 
дамыту» (аударма менікі – Қ.Ә.) [2. Кант. Бүкіләлемдік азаматтық 
бағыттағы жалпы тарих идеясы. – 12 б.]. Осы соңғы табиғаттың та-
лабы мағынасындағы ой Мұстафа Шоқайға да тән бе, жоқ олай 
емес  пе,  оны  біз  анық  айта  алмаймыз.  Аталмыш  мақала  нақты 
мәселеге  арналғандықтан  ол  ұғымдарға  философиялық  талдау 
оның  мақсаттарынан  алыстап  кетеді  деп  түйген.  М.Шоқайдың 
осы сынды айтқан кейбір тұжырымдары да кездесетіні рас. Мы-
салы,  «Ататүріктің  реформалары»  деген  еңбегінде:  «...ұлттық 
еркіндік пен азаттыққа талпыну табиғаттың болмай қоймайтын 
заңы  тәрізді  нәрсе.  Егер  оған  сәл  мүмкіндік  туыла  қалған 
жағдайда,  ол  сөзсіз  өзін  көрсетпей  қоймайды»  дейді  [1,  220  б.]. 
Бірақ,  М.  Шоқайдың  бұл  сөздерінен  еркіндікке  деген  ұмтылыс 
адамдардың табиғи тәнінен туындайтын, яғни қазірше айтқанда 
генетикалық құрылымының қасиеті деген тұжырым шықпайды. 
Еркіндікке  талпыну  табиғаттың  заңы  емес,  тек  сол тәрізді нәрсе 
деп көрсетуі тек баламалық мазмұнға ие. Еркіндікке құштарлық 
биологиялық,  не  бір  физикалық  бағыттылық  емес,  философия 
тілінде материалдық емес, идеалдық ұмтылыс.
М. Шоқай большевиктердің, олардың көсемдері – Лениннің, 
Сталиннің  әлеуметтік  ұстанымдарының  негізі  тым  қарапайым, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
162
тұрпайы материалзм екенін үнемі көрсетіп отырады. Әрі Маркстің 
адамдар санасын қоғамдық болмыс анықтайды дейтін қағидасын 
берік  ұстана  алмайтындарын  да  әр  кез  әшкерелеп  отырады. 
Маркс мысалы социалистік революция индустриялды өнеркәсіп 
жоғары  дамыған  Еуропа  елдерінде  тұтас  алғанда  ғана,  пролета-
риат ол елдерде басым көпшілік бола бастаған жағдайларда іске 
аса  алады  деген  болса,  Ленин  бастаған  большевиктер  өндірістік 
материалдық  деңгейі  жеткілікті  дамымаған,  халықтың  басым 
көпшілігін шаруалар құрайтын жеке елде (Ресейде) іске асыруға 
болады деген ұстанымды басшылыққа алды.
М.  Шоқайдың  әлемдік  философиялық  мұраны  жақсы 
білетіндігі оның Маркстің тарихты материалистік тұрғыдан түсіну 
туралы теориясын большевиктердің өздері, ең алдымен көсемдері 
дұрыс түсінбейтіндіктерін, тіпті ол теорияға кереғар әрекеттерге 
баратындықтарын көрсетіп отырады. Мысалы, пролетариат рево-
люциясын, оның диктатурасын Түркістан аумағында іске асыруға 
ұмтылушылық осы өңірдегі түркі халықтарының экономикалық, 
әлеуметтік,  өркениеттік  жағдайларына,  тіпті  Ресейдің  өзінің 
жағдайында  тура  келмейтіндігімен  есептескісі  келмейтінін  көп 
реттерде  талдап  көрсеткен.  Өйткені  большевиктердің  бүкіл  са-
ясаты  жалаң  зорлыққа  негізделген.  Ешқандай  экономикалық 
базиспен,  болмыспен  санасу  деген  жоқ.  Оның  үстіне  ешқандай 
пролетариаты  жоқ  халықта  оның  диктатурасын  орнату  –  ол 
орыс пролетариатының Түркістан халқына үстемдігін орнату де-
ген  сөз  дейді.  Мысалы,  «Совет  действия  и  пропаганды  народов 
Востока»  деген  ұйымның  жетекшісі  Михаил  Павлович  дегеннің 
большевиктердің  «Кавказ  саясатының»  мән-мазмұнын  «сұйық 
көмір  үшін  соғыс»,  «ІІІ-коммунистік  интернационалдың  бүкіл 
келешегін «Бакудың кімнің қолында болуымен» түсіндіруін айта 
келіп, М. Шоқай: Экономикалық факторды қаншалықты жоғары 
бағаласақ та большевиктік тұрғының биігінен түсіндіргеннің өзін 
де М. Павловичтің бұл байыптауы бізге тарихи материализмнің 
өзін тым әсіре материалистік түрде тану болып көрінеді» дейді (Ау-
дарма менікі – Қ.Ә.) [3, Мұстафа Шоқай. Шығармаларының толық 
жинағы. Решительный момент в судьбах политики большевиков. 
– 245 б.]. Ойларын әрі қарай жалғастыра келе М. Шоқай кейін бы-
лай деп жазыпты: «Осы деректердің ауайында, біздің пікірімізше, 
бірден бір дұрыс қорытынды жасауға тура келеді: өздерін гегельдік 
(курсив  менікі  –  Қ.Ә.)  «Бүкіл  әлемдік  рухты»  ұстанушылармыз 

163 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
деп  сенетін  большевиктердің  шығыс  саясатының  түпкі  мақсаты 
тек Ресейдің бұрынғы шығыс шектерінде өзін нығайту екені анық» 
дейді (Орысшадан аударма менікі – Қ. Ә.) [3]. Осы сөздердің өзінен 
М.Шоқайдың  большевиктердің  «гегельшілдігіне»  күмәнмен 
қарауы ғана емес, оған деген тіпті мысқылдың мазмұны көрініп 
тұр. Айтылған қорытынды бұдан кейінгі «Осы ой аумағына сай 
ура-гегельшілдер  (курсив  –  Қ.  Әбішев)  ұлттық  факторлардың 
саналуандығына көңіл аудармай-ақ ескі Ресейдің халықтарының 
барлық тарихын бір арнаға тықпалағысы келеді» (орысшадан ау-
дарма – Қ. Ә.) [3].
Адамдар  қатынастарының  үйлесімдігін  бәрінің  де  бағына 
алатын  заңдар  жүйесін  жасау  арқылы  ғана  іске  асыруға  болады 
дейді  И.Кант.  ХVІІІ  ғасырдағы  жаратылыстану  ғылымдарының 
қарқынды дамып келе жатқан кезінде қоғамға қажетті тәртіптерді 
табиғаттың бұлтартпас заңдылықтарымен түсіндіру табиғи талап 
та  еді.  Еуропа  мемлекеттерінің  басқару  формасы  көпшілігінде, 
соның  ішінде  Германия  да,  әлі  монархиялық  жүйеде  өмір 
кешіп  жатқан.  Ең  озық  ойшылдар,  әсіресе  философтар,  жаңа 
қоғамдық  тәртіптерді  осылай  уағыздайтын.  Олар  ең  алдымен 
адам бостандығын ту етіп көтерді. Кант болса, адам бостандығы 
оның түпкі табиғаты деп есептеді. Сондықтан адамдар құратын 
жүйелердің бәрі де оның осы түпкі негізінен туындауы тиіс.
Осы  еркіндікті  Кант  әр  адамның  өзінің  ішкі  жан  жүйесінен 
шығарады, олай болса, мұндағы табиғат тәндік негіз емес, оның 
жаны.  Өз  жанында  әр  адам  өзінің  Менін  бақылап,  басқара  ала-
ды, бірақ сезімдік деңгейде ғана емес, әсіресе ойлау (логикалық) 
деңгейінде. Өз жанындағы бірлік, немесе бүтіндік ол – Мен. Өзін 
өзі  бақылауда,  әсіресе  ойлауда  Мен  екі  түрде  көрінеді:  бірі  – 
Мен ойлаудың объектісі, екіншісі сол ойлаудың субъектісі, яғни 
ойлаудың  иесі.  Біріншісі  не  туралы  ойлайтынын  (өзің  өзің  ту-
ралы), ал екіншісі – кімнің ойлайтыны [2. Кант. История новей-
шей трансцендентальной философии. – 91 с.]. Канттың айтуын-
ша,  өз  Менін  өзі  қабылдап,  бақылап,  ойлап,  бағыттап,  жөндеп, 
өзгертіп  отыра  алуы  адамды  жер  бетіндегі  барлық  тіршілік 
иелерінен шексіз жоғары етеді, себебі өз жанын өзі басқара білу, 
ол – еркіндік, бостандық. Осындай қабілет әр жеке адамда (әрине, 
әртүрлі деңгейде) болатындықтан, ол әркімді оқшау, дербес субъ-
ект ете алады. Сондықтан да әр адам табиғатынан еркіндікке құқы 
бар, суверендік жан.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
164
Әрбір жеке адамнан бастап, олардың құратын топтарының, 
қауымдастықтарының  (халықтар,  ұлттар  т.  б.),  жеке  субъект 
ретінде  дербестікке,  тәуелсіздікке  ғана  құштарлығы  өз  жанын 
өзі құрып, өзі бағыттай алатындығында. Жеке адам да, ұлт та со-
лай. Тәуелсіздіктің түпкі шығар көзі осында. Әрбір қалыптасқан 
ересек  адам  саналы  түрде  болсын,  тіпті  бейсаналық  деңгейде 
болсын осыған бейім. Өзін өзі анықтау, өзін өзі жасау (творение) 
қалыптағы адамның ғана үлесі, осыны ғана еркіндік деуге болады. 
Сондықтан да әрбір қалыпты ерікті адам тіпті бала кезінен бастап 
өзінің кім және қандай кісі болғысы келетінін таңдап, өзі жасай 
бастайды  (ол  таңдау  жақсы  болсын,  жаман  болсын).  Осындай 
шешімнің  нәтижесінің  екінші  жағы  –  адамның  өз  іс-әрекеттері 
үшін жауапкершілігі. 
Осындай  жандар  ғана  өздерінің  өзімшілдігіне  қарамастан 
өмір  сүруді  жеңілдеу,  жайлылау  ету  үшін,  бірін  бірі  рухани  т. 
б.  табыстарымен  байыту  үшін  қоғамдасу  жолдарын  таба  ала-
ды.  Сол  жолдардың  біреу  де  болса  бірегейі  –  мемлекет,  оны 
ұйымдастырудың формалары. 
Қауымдасудың негізгі түрлері – ру, халық, ұлт. Жеке адамдар 
сияқты қауымдастықтар да субъект сатысына дейінгі жолдардан 
өтеді. Халық пен ұлттың айырмашылығын Кант былайша ажыра-
тады: «Халық (populus) деп белгілі аймақта бірлескен, сол арқылы 
белгілі бір бүтін тұтастықты құрайтын көпшілік адамдар тобын 
айтады.  Осы  көпшілікті  немесе  оның  бір  бөлігін  шыққан  тегіне 
сай бір азаматтық бүтіндікке бірлескендігін мойындауына байла-
нысты ұлт (gens) деп атайды...» [2. Кант. Антропология с прагма-
тической  точки  зрения.  Сочинения  в  6-томах.  –  Т.  6.  –  С.  42  б.], 
«Халықтарды мемлекет ретінде жеке адамдар сияқты қабылдауға 
болады» (Аударма – Қ. Ә.), [2. Кант. Сочинения в 6-ти томах. – Т. 
6. – 1966. – С. 27].
Яғни  субъектілікке,  ұлт  болып  бірлескен  дәрежеге  жеткен 
халық осы қалпын дербес мемлекет түрінде ұйымдастыруы тиіс. 
Әсіресе халықаралық қатынастарда дербес, тең қатынас негізінде 
саяси дербестік түрінде бола алады.
М.  Шоқай  халықтың  ұлт  болып  қалыпасуы  үшін  ол  жеке 
ру-тайпалық,  ұлыстық,  т.  б.  түрлердегі  бөліктерінің  оқшаулық 
бытыраңқы  қалыптарынан  жалпы  бәріне  ортақ  бірлікке  топта-
суы, берік байланыстарға келуі тиіс деп ойлады. Канттың халық 
пен  ұлттың  айырмашылығы  туралы  ойын  ол,  меніңше,  осылай 

165 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
түсінді.  Яғни,  халықтық  объектілік  деңгейден  өз  даму  жолында 
субъектілік  қалыпқа  өтуі  қажет.  «Дүниежүзінде  зиялыларсыз 
ұлтқа айналған саяси әлеуметтік халық бұқарасы бірлігі ешқашан 
болған емес, – дейді ол. – Сондай-ақ халық бұқарасынан қолдау 
көрмеген жағдайда зиялы қауым ештеңе істей алмайды. Халықты 
Ұлт  деңгейіне  көтеру,  яғни  оны  жат  үстемдіктің  тепкісінен 
құтқарып өз мекемелеріне ие, тәуелсіз бір жеке тұлғаға айналды-
ру  сынды  негізгі  мақсатқа  жету  үшін,  ұлттық  зиялы  қауым  мен 
ол  өзі  тән  болып  отырған  халық  бұқарасы  арасында  бір  ортақ 
сана болуы тиіс. Міне, осы сананы айқындау, яғни халық тілегін 
дұрыс және анық формаға келтіру, аталған мақсатқа жету үшін 
іс  пен  әрекет  бағдарламасын  жасау  зиялылардың  міндеті»  [1]. 
Яғни  ұлт  болу  жеке,  оқшау  адам  сияқты  жеке  тұлға  болу  деген 
сөз.  Айтқанымыздай  Канттың  да  ойы  осы.  Басқа  өзіндей  жеке 
тұлғалармен қарым-қаныастарда болу үшін басқа формада жол 
да жоқ. Іштей берік бірлігі жоқ әртүрлі бөліктерден, соның ішінде, 
мысалы, таптар сияқты құрама тұлға бола алмайды.
Осы тұрғыдан қарағанда марксизмнің қоғамда таптар негізгі 
фактор,  олардың  арасындағы  қайшылықтар  мен  өшпенділіктен 
туатын тартыс қоғам дамуының қозғаушы күші дейтін көзқарасы 
қаншалықты жалған екені анық. Сондықтан да таптар да, ұлттар 
да, мемлекет те келешекте жоғалу тиіс дейтін маркстік жорамал 
қоғамның жалпы жоғалуы деген сөз. 
Сондай  ұлттық  бірлікті  туғыза  алатын  не  нәрсе?  М. 
Шоқайдың  айтуынша  ол  ұлттық  зерде  немесе  ұлттық  рух.  Ол 
Түркістан халқының зердесін «Шығыс зердесіне» жатқызады. «Ба-
тыс тәрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері – рухани 
жақтан өз халқына өгей болып қалуы еді. Батыс тәрбиесі көптеген 
туыстарымыздың  халқымыздың  жан-дүниесіне  сіңген,  ұлттық 
тарихымыздың  өн  бойында  жатқан  «шығыс  зердесінен»  айыр-
ды. Олар, яғни Батыс тәрбиесін алған туыстарымыз басқа жақтан 
жинаған  білімдерін  өз  халқының  өмірімен  (Шығыс  зердесімен) 
бірлестіре  алмады»  [1].  «Ұлттық  рухсыз  ұлт  тәуелсіздігі  бо-
луы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт 
азаттығы  –  ұлттық  рухтың  нәтижесі.  Ал  ұлттық  рухтың  өзі  ұлт 
азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды» [1].
Яғни, ұлттық рух М. Шоқайдың түсінуі бойынша адамдардың 
материалдық өмір сүру жағдайларынан туындамайды, керісінше 
материалдық  жағдай  сол  рухтың  баянды  болуының  қажетті 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
166
құралдарының  бірі.  Ұлттық  рух  дербестікке,  ұлттың  өзіндік 
өзгешелігіне  ұмтылысы  болса,  оны  ұлт  адамдарының  өзіне  де, 
өзгелерге де көре алатын, басқа сезімдерімен де қабылдай алатын 
заттық материалдық, физикалық түрде баян ете алатын түр береді. 
Материалдық,  физикалық,  дыбыс,  қимыл,  әрекет  түрінде  өзінің 
болмыстық формасына ауысып отырады. Және әр сәтте сол заттық, 
қимылдық, әрекеттік формаларда тікелей немесе символдық жол-
мен  олардағы  ойдың,  идеялардың,  сезімдердің,  мақсаттардың, 
армандар  мен  мұраттардың  мазмұнын  өзі  де,  басқалар  да 
аңғара,  түсіне  алады.  Бұлар  жандағы  ойлау,  сезіну,  жалпы 
идеалдық процесстердің сыртқы жалғасы бола отырып, қайтадан 
материалдық  формадан  идеалдық,  ойлаулық  процестерге  үнемі 
қайта  ауысып  жатады.  Шын  мағынасындағы  еркіндік  ойлауға, 
идеалдық процесстерге тән, солардан басталады. Мақалаларындағы 
оның мақсаты саяси, әлеуметтік бағытта болғандықтан М. Шоқай 
үнемі  олардың  философиялық  мазмұнына  тереңірек  алмаймыз 
деп ескертіп отырады. Бірақ осындай мағына үнемі сезіліп тұрады. 
Мысалы,  «Ұлттық  арамшөптер  жарияланымдары»  атты  1931 
жылғы  мақаласында  былай  дейді:  «Адам  баласы  жаратылғаннан 
бергі  уақыт  ішінде  демократияға  дәл  әдебиеттегідей  мұқтаж 
болған  ешнәрсе  жоқ  десек,  қателеспейміз.  Демократиясыз  нағыз 
әдебиет жасау мүмкін емес» [1]. Большевиктердің рухани еркіндікті 
бұрын  болмаған  зұлымдықпен  тұншықтыратынын  ол  әрі  қарай 
мынандай бір мысалмен көрсеткен: «Мәселен бай әдебиет санала-
тын  орыс  әдебиетін  алсақ,  ол  большевиктерден  бұрынғы  дәуірде 
жасалған.  Орыстың  патшалық  жүйесі  зұлым  жүйе  болғанына 
қарамастан,  жазушылардың  қаламына  еркіндік  бар  еді.  Орыс 
патшасы  бізге  және  орыс  емес  ұлттардың  тілдерін  дамытуына 
мүмкіндік  бермеді...  Орыс  патшалары  орыс  жазушыларының 
шығармашылық  бостандығына  шек  қоймаған,  большеквиктер 
құсап  ананы  жаз,  мынаны  жазба  деп  бұйрық  түсірмейтін»  [1]. 
Осы  мақалада  М.  Шоқай  жоғарыда  айтылған  ойларын  одан  әрі 
дамытқан тағы да бір керемет жолдарын оқимыз: «Әдебиет аяққа 
қарай тігілетін етік емес. Әдеби шығармалар инсан баласының ең 
ізгі көзқарастарынан туындайды. Сол үшінде ол сырттан болатын 
қысымдар мен қарсылықтарға төзе алмайды» [1].
«Шығыс зердесі», «ұлттық сана», «ұлттық рух» М. Шоқайдың 
түсінуінде  адам  ойлауының  белгілі  бір  жағы  немесе  белгілі  бір 
қабілеттері, сезімдері, ойлары сияқты бөліктері емес, тұтас ұлттың 

167 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
тұла бойын кернеп тұратын нәрсе. Ол ұлттың немесе бүкіл сол 
ұлт  жататын  өркениеттің  рухани  келбеті,  басқа  өркениеттерден 
оқшау  етіп  тұрған  өзгешелігі.  Қазіргі  қолданылып  жүрген 
құндылық терминіне жақын. Құндылық ұғымының мәні тұтас бір 
мәдениеттің, соның субъектісі – ұлттың, тіпті әрбір жеке жанның 
өмір  жолы,  өмір  сүру  формасы  екені  белгілі.  Ол,  әрине,  дұрыс 
болсын,  теріс  болсын,  өйткені  тарихта  жалған  құндылықтарды 
ұстанып, соның жолында барлық әрекетін, күш-жігерін сарп ет-
кен  халықтар  да,  өркениеттер  де  кездеседі.  Басқаларға  үстемдік 
идеясына  құрылатын  әлеуметтік  күштер,  халықтар,  империя-
лар осындай жолда. Олар үшін үстемдік – ең биік құндылық. М. 
Шоқай үшін Ресей империясы сондай және солардың ең сорақы 
түрі,  әсіресе  большевиктердің  теориясы  мен  содан  туындайтын 
практикасы. бастан аяқ зорлыққа құрылған.
Айтылғандардан  шығатын  негізгі  қорытындының  бірі  –  М. 
Шоқайдың дүниетанымы материалистік тұрпайы көзқарас емес, 
адамдар болмысы – олардың рухының көрінісі. Ұлттық рух, ұлттың 
рухани  келбеті  нені  білдіреді?  Түпкі  жан  дүниесінің  о  бастан 
дербестігін. Адам жан дүниесінің басқа құрылымдық тараптары-
нан оның бір ерекшелігі – жанының тұтас алғанда дүниеге өзіндік 
қатынасын әрі өзіне өзі қатынасын көрсетеді. Жеке адам болсын, 
ұлт  ретінде  тұтас  тұлға  болсын.  Өзі  өзіне,  өзінің  басқа  дүниеге 
–  табиғатқа,  қоғамға,  өзге  адамдарға  осы  рухани  қатынасында 
ол  тек  өз  көзімен  қарайды,  өзіндік  өзгешелікте  көреді,  сезінеді, 
қабылдайды  немесе  теріс  айналады,  қабылдамайды  т.т.  Яғни 
әр  жеке  адам  сыртқы  практикалық  қатынастарда  қаншалықты 
тәуелді,  тіпті  құлдық  жағдайда  тұрмасын,  бірақ  өз  жанында  ол 
қатынастарды я қабылдайды я оларға іштей наразылықта болады, 
тек өзін сақтау үшін мойынсұнады. Олай болса, өзі мойынсұнатын, 
немесе мойынсұнбайтын нәрселерді өзі анықтайды, өзі таңдайды 
немесе таңдамайды, таңдаудан бас тартады. Яғни әр адамның ой-
лауы  –  өз  жан  дүниесіндегі  суверендік  кеңістігі,  яғни  идеалдық 
Мені. Әр Мен о бастан дербес, өз жанында. Оны сыртқы бір се-
беп, фактор, қоғам, орта, ықпал анықтай алмайды. Осы тұрғыдан 
алғанда  оның  құлдығы  да  түптен  қарағанда  өз  таңдауы.  Өзін 
сақтау  тұрғысынан  өз  шешімі.  Дұрыс  болсын,  бұрыс  болсын  өз 
шешімі. Ұлтты жеке тұлға ретінде қарағанда да осылай. Яғни ұлт 
та халықтар қатынастарында белгілі бір Мен. Осы мағынада әрбір 
жеке  адам  болсын,  ұлт  болсын  жеке  тұлға  ретінде  қоғамдық, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
168
әлеуметтік құрылымдар шеңберінде дербес субъект болғандықтан 
өз  кеңістігі  мен  өз  уақытын  өзі  түзеді,  өзі  құрады,  яғни  өзінің 
шекарасы  мен  шегін  өзі  анықтайды.  Оның  өз  кеңістігіне  өзі  ие, 
оның  шекарасын  оның  өз  тілегінсіз,  келісімінсіз,  шақыруынсыз 
басқа ешкім аттауға тиіс емес, әрине ол шекара мен шек әркімнің 
субъектілік деңгейіне, сипатына қарай әртүрлі, кейде тым берік, 
кейде осал, кейде әлдеқайда ашық, кейде тым тұйық болып оты-
ратыны белгілі. Оның алаңсыз жабық болуы мүмкін емес, өйткені 
ол  субъектінің  әлсіреуіне  тіпті  күйреуіне  әкелуі  даусыз,  яғни 
жоғалуы деген сөз.
Канттың да, М. Шоқайдың да азамат ұғымының, адам құқығы, 
еркіндігі  туралы  ойларының  философиялық  төркіні  осындай 
деп ойлаймын. Дәлірек айтсақ, осы сынды ойлардың ХVII–XVIII 
ғасырларда  мемлекеттің,  жалпы  қоғамның  келісімдік  табиғаты, 
шығу  тегі  туралы  теорияны  бірте-бірте  өрбіткен  Гоббс,  Локк, 
Вольтер, Руссолар еді. Олар, бірақ бұл ойды көбінесе саяси қағида 
бағытында дамытқан. Кант болса, бұл теорияны философиялық, 
метафизикалық  мазмұнда  негіздеді,  байытты.  М.  Шоқай  осы 
идеялардың демократиялық елдерде идеалдық, рухани деңгейінен 
іске ауысқан, өмірлік практикаға айналған, болмыстық жағдайын 
көріп, сол жағдайдың берген мүмкіндіктерін Еуропа кеңістігінде 
барынша пайдаланды және сол жағдайлардың өз елінде іске асу-
ын аңсады, соған өмірін сарп етті. 
М.  Шоқай  түркістандықтарға  Батыс  білімін  игеруді,  әрине, 
қажет  емес  деп  отырған  жоқ.  Батыс  білімін  терең  игеруді 
ұлттық  рухпен  ұштастыруды  лазым  деп  есептеді.  «Біз  бүгін 
«Шығыс  рухы  басым  болуы  себепті  мешеу  қалған»  деп  санала-
тын  Түркияда  батыс  білімі  жергілікті  жағдайларға  сәйкес  сәтті 
қолданылып жатқанын көріп отырмыз. «Батыс білімін» «шығыс 
рухымен»  ұштастыру  үстіндегі  Түркия  тәжірибесі  біз  үшін  аса 
құнды. Біздіңше, дүние тарихында бұрынды-соңды көтерілмеген 
жетістіктердің түпкі себептері – Түркия ұлттық күштерінің Еуро-
па тәжірибесін алған түрік зиялылары мен шығыс зерделі зиялы-
лары  түркі  менталитетін  (Mentalitet)  сәтімен  үйлестіре  алуында 
жатыр» [1]. 
М.  Шоқай  жалпы  демократиялық  мемлекеттік  формаға 
сай  өз  иланымы  тұрғысынан  Түркістанның  өткендегі  байырғы 
басқару формалары келешек тәуелсіз Түркістан үшін жарамсыз 
екендігін  үнемі  ескертіп  отырды.  1930  жылы  «Яш  Түркістанда» 

169 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет