Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Әлемдік философиялық мұра



бет107/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Әлемдік философиялық мұра. Т. 5. – Алматы: Жазушы, 2006; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 14. Философия тарихы. Астана: Аударма, 2006.


ӘДЕП – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым. Ә-тің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтіруімен байла- нысты. Бұл сипатта Ә. мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Ә. өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылық- тары емес. Ә. ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған. Қазіргі заманғы ғылым Ә-тің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды атап өтеді. Олар: жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тыйым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету. Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр Ә. құрастырады. Егер соқыр сезім жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етеді. Дәстүрлі қоғамдағы Ә-тің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне Ә. жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архиетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық Ә. жүйесі сонау көшпелілер мәдениетінен нәр алады. Ол казіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді. Ә. – адамның жаратылысынан бері қарай пайда болған әрі тәрбие арқылы қалыптасып, қол жеткізілген рухани білім жүйесін білдіретін жинақтық ұғым, философиялық этикалық категория. Ә. адамның оң мінез-құлықтық нормалардың жиынтығы. Ә. адамда туа пайда болмайды, жүре қалыптасатын, оның өмірімен бірге өсіп, жетілетін моральдық болмыс, моральдық сапа мөлшері. Сондықтан Ә. – кез- келген қоғамның түпкі мақсаты. Қоғамдағы жоғары құндылық – әдепті адам.
103

Әдепті адам – қоғамның рухани байлығы, биік мәртебесі. Ә. – адам баласын жоғары дәрежеге көтеретін рухани ілім, білім. Ә. нормалары – ол адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынасты жарасымдылық, сыйымдылық, үйлесімділік, қолайлылық, жағымдылық, ұнамдылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік-имандық шарттар тұрғысынан әлеумет мінезін реттеудің шартты қағида-ережелері болып табылады. Ә. ұғымы философияның адамгершілік құлық саласы – әдептанудың арнайы зерттейтін пәні болып табылады. Ә-тілік – нәсіл қуатын құбылыс емес. Ол – алдыңғы буыннан кейінгі буынға мұра ретінде берілетін, ал жас ұрпақ оқып-үйренетін, бойына сіңіретін, дамытып, жетілдіретін, рухани ынта мен еңбекті қажет ететін моральдық сапа. «Аға әдепті болса, іні әдепті. Апа әдепті болса, сіңлі әдепті», «Мейірімділікті ападан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дейтін қазақ мақалдары, Абайдың: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» – дегені соның дәлелі. Ә-ке тәрбиелеу қоғамдық институттар: отбасы, мектеп, ұжым, мекемелердің төл ісі. Мұхаммед Пайғамбар Құран әдебін тікелей өзі бастап орындап, біздерге үлгі қалдырып: «Мен жақсы әдетті толықтыру үшін жіберілдім» (Муатта, Хуснул хулқ 1) – десе, Аристотель: «Барлық өнер атаулы және соның ішінде тәрбие өнері адамға табиғаттан жетіспеген жақтарын толықтыру мақсатын көздейді» – деп жазады. Ә-тің өз наным- сенімдері, ұстанымдары, өлшемдері, негіздері, рухани ұйытқысы мен мәйегі болады. Әдептанудың мақсаты – адамға жамандықтың зияндылы- ғын түсіндіріп, одан бойды аулақ ұстауға баулып, тура жолды: әдептілік, адамгершілік жолын сілтеу. Ә. адамның өмір сүру тәсілі мен амалына, өмір жолына байланысты. Демокрит: «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан көрі, жаттығудың рөлі зор» – десе, И. Гете: «Біз өз бойымызда Ә. сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айрылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай- ақ келеді» – деп көрсетеді. «Ә-ті бала – арлы бала, ә-сіз бала – сорлы бала»


– деп келеді халық мақалдарында. Әдеп әліппесі адамды кісілігі тұтас тұл- ға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Ә. турашылдық, азғыруға қарсы тұру, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірімділік көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзгенің тілегін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық және т. б. сияқты ұғымдарды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет