Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энцикло- педия. – Алматы: Раритет, 2007



бет115/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энцикло- педия. – Алматы: Раритет, 2007.


ӘУЕЗОВ Мұхтар Омарханұлы (28.09.1897, қазіргі Шығ. Қазақстан обл., Абай ауд. – 27.06.1961, Мәскеу. Алматыда жерленген) – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ҒА-ның акад. (1946), филол. ғыл. докт., проф. (1946), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1957). Ә-тің шығарм. мұрасының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абай өмірі мен шығарм., әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Ол философия тарауларын гносеология, логика, психология, философия тарихы, метафизика, онто- логия, рационалды психология деп қарастырады. Әрі қарай философия тарихын – ескі және жаңа философияға бөліп, қазақ танымына ыңғайлап, Фалестен классикалық неміс философиясына дейінгі кезеңге шолу жасайды. Ә-тің «Абай жолы» эпопеясы – тек көркем шығарма ғана емес, ұлтымыздың болмысы мен дәстүрлі тұрмысын көркем оймен кестелеген, дала тарихы мен философиясы тұнған даналық дастаны. Жазушының әдеби-көркем., ғыл. шығарм-н тану керектігі қазақ халқының қоғамдық және филос. ойының даму тарихын білу үшін ғана емес, жалпы түркі халықтарының философиясы мен психологиясын түсіну үшін де қажет. Ұлттық рух диалектикасын терең түсіне білген Ә. өмір бойы оны байытудың жолдарын қарастырумен болды. Театр, кино, музыка сияқты басқа да қазақ кәсіби өнерінің барлық саласының дамуына тікелей өзі басшылық жасап отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет