Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


ӘУЛЕТ – (парс. ұрпақ) бір атадан тараған ұрпақтар. Дәстүрлі қазақ қоғамында қандас-туыстық байланысты айқындауда жеті ата ұстанымы 115



бет116/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
ӘУЛЕТ – (парс. ұрпақ) бір атадан тараған ұрпақтар. Дәстүрлі қазақ қоғамында қандас-туыстық байланысты айқындауда жеті ата ұстанымы


115

негізге алынған. Туыстық байланыс жеті атаға дейін созылып, одан әрі жекжаттық байланысқа созылады. Ә-тер рулардың қалыптасуының қайнар көзі болды. Жеті атаға толған әрбір әулет руға айналып отырды. Ғылыми әдебиеттерде «Ә.» ұғымы елдегі ең жоғарғы билік лауазымы мұрагерлік жолмен берілген замандардағы билеушілер шежіресін тарату үшін де қа- жет болды. ХVІІІ–ХІХ ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азияның қоғамдық саяси өмірінде Әбілқайыр Ә-і, Абылай Ә-і ерекше рөл атқарды. Ресейде Романовтар Ә-і, Францияда Бурбон Ә-і, Қытайда Цинь Ә-і т. б. жекелеген мемлекеттерде Ә-тің билік жүргізуі жалғасуда.




ӘУЕСТІК – адам айналадағы заттар мен құбылыстарды көргісі, білгі- сі, игергісі келген кезде туатын сана сезімнің бастапқы түрі. Ә. мазмұны даму дәрежесі жағынан жағымды не жағымсыз болуы мүмкін. Адамның рухани адамгершілік қабілетінің қалыптасуына кейбір ұсақ-түйек жайттар мен әуестенушілік болады. Бұл жағымсыз Ә. Ал адам үшін және басқалар үшін рухани азық боларлық ізгі істерге әуестенсе, ол жағымды Ә. болады. Ә.-тің жағымдысы да, жағымсызы да адамға іштен туа бітетін қасиет емес, мұның қай-қайсысы болмасын тек қана тәрбиенің жемісі.


ӘУЛИЕ (араб. жекеше түрі – уәли – дос, желеп жебеуші) – Аллаға жан- тәнімен беріле табынған ғашық, тақуа, жаратушы иеге сенім, тәуекелмен өмір сүретін ер, халық сеніміне ие болған қасиетті абыз. Тәңірге сенген ежелгі түркілер Ұмай ананы, Қызыр Атаны, ата-баба аруағын желеп жебеуші санап, оларға үнемі сиынып отырған, олардың көріпкелді сәуегейлігін қастерлеп бас иген. Күнге, Айға, Отқа табыну, ел иесі көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, тіршілігінің негізі төрт түлік малдың иелері
– Қамбар атадан, Шопан атадан, Ойсыл қарадан, Шекшек атадан жәрдем күткен. Қазақтың көне дүниетанымында Ә. рухани, болмыстық әлемге енуге ұмтылған, байланыс орнықтыруға талпынған. Мұнда, біржағы, тәңірлік түсініктердің ежелгі наным-сенім элементтері сақталған, біржағы, ислам діні мен мұсылмандық дәстүрде жаңарған жаңа дүниетанымдық ұстаным- дармен бірге араласып, Ә. бейнесі мен рухының мағынасы толыға түседі. Ислам дінінде Ә. дін жолындағы, дінді уағыздаушы, айтқаны келетін сәуегей адам. Мұхаммед пайғамбардың серіктерін, туыстарын, үрім-бұтақтарын, кейінгі діни-рухани қайраткерлерді Ә.-пір тұту дәстүрі барлық мұсылман елдерінде бар. Қазақ даласына ислам дінінің сопылық ілім түрінде енуі Ә-ні қасиетті деп тануға үлкен әсер етті. Сопылар ұстанымындағы дәруіштік, пәктікке ұмтылу, зікір салу, т. б. қазақтардың ежелгі нанымдарына ұқсас еді. Халық оларды әулие санап, пір тұтты. Баба түкті Шашты әзиз, Арыстан баб, Баб ата, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Сопы Әзиз, Оқыш ата, т. б. Ә-лер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында


116

мәңгілік сақталған. Ә. наным-сенімнің, үміт-арманның, мінез тұтастығының бірлігін оятты. Қазақ халқы ел қорғаған батырларды, ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен тұтас аймаққа үлгі болған аналарды әулиелер қатарына қосып, олардың аруақтарын құрметтейді. Ә-лер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі. Христиан дінінде де «ұлы қасірет шегуші»,


«апостол», «монах», «блаженный» (дәруші) т. б. бар. Шіркеу күн түзбесінде оларды құрметтеу күндері көрсетілген. Шіркеу қасиетті Ә-лерге арнап ғибадатхана салады, діни мейрам тағайындайды, соған шоқынуды, сый тартуды уағыздайды. Христиан дінінде ІІІ–ІV ғ-ларда патшалардың, князьдердің, епископтардың, патриархтардың, Рим папаларының есебінен Ә. атағын алғандар саны көбейді. Рим папасы Пий жылма-жыл орта есеппен 5 адамды «қасиетті», 4 адамды «блаженный» деп жариялап отырды.
Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы барысында тәңірлік дүние- танымның кейбір элементтері жаңа дүниетанымдық ұстанымдармен бірге араласып, Ә. ұғымының мағынасы толыға түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет