Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.
ДАҒДЫ – адамның мақсатты қозғалысты
атқаруы мен реттеуін, автоматты түрде орындауын атайды. Қозғалыстың автоматталуының өріс- теуі іс-қимылды саналы реттеудің ұлғаюымен қатар жүреді. Іс-қимылдың автоматтануының нәтижесінде оның құрылымдары өзгеріске ұшырайды. Іс-қимылды игеру нәтижесінде қажет емес қозғалыстар жоғалады, яғни, қозғалысты орындау ырғағы жеделдетіледі. Сонымен,
іс-қимылды атқаруда дәйектілік, үйлесімділік және қозғалыс жылдамдығы артады. Іс-қимылды сенсорлы бақылау әдістері өзгереді. Іс-қимыл нәтижелерін бақылау үшін маңызды бағдарларды жылдам ажырату мен айқындау қабілеті дамиды. Іс-қимылды орталық реттеу әдістері өзгереді. Д. – бұл саналы автомат- тандырылған іс-қимыл. Д-ны қалыптастыруда басты құрал адамның бақы- лайтын және орындайтын іс-қимылын сөзбен жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, идеалды іс-әрекет – жүзеге асырылуы
тиіс іс-қимыл бейнесін
«ақыл-ойында» бейнелеу. Адам дағдысы саналы автоматтандырылған іс-қимыл ретінде пайда болады. Д. іс-қимылды орындаудың автоматты тәсілі ретінде қызмет атқарады. Адам дағдысының қалыптасуына адамның бұрынғы тәжірбиелері де ықпал етеді. Әрбір дағды адамдағы дағдылар жүйесіне өзара әрекеттестік негізінде қосылады. Д. іс-әрекеттің қай түрін- де де маңызды орын алады. Д-ланған іс-қимыл шапшаң және жылдам атқарылады. Д-ның нәтижесінде атқарылатын іс-қимыл нәтижелі болады. Д-ның нәтижесінде адам санасы іс-әрекеттің маңызды, шешуші сәттеріне жұмылдырылады. Д-ны бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, жазу, оқу, есептеу, спорт түрлеріне
байланысты дағдылар, еңбек, мамандық машықтары және т. б.
ДАЙ Чжэнь, Дай Дүнъюань (19.01.1723, Сюнин – 01.07.1777, Пекин) Қытай философы, жаңаконфуцианшыл. Хань
кезеңіндегі конфуцияншыл