Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет215/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ДЕКАРТ Рене (латынша аты Картезий) – 1596 жылы 31 наурызда Лаэ қалашығында дүниеге келіп, 1650 жылы 11 ақпанда Стокгольмде өмірден озған француз математигі, философы, физигі және физиологы, аналитикалық геометрия мен қазіргі алгебраикалық символиканың негізін


199

қалаушы, физикадағы механицизмнің, психологиядағы рефлексиология- ның, философиядағы дуализм мен түбегейлі күмәндану әдісінің авторы.


Д. философиясы дуалистік ілім, өйткені ол дүниеде екі объективті мәннің бар екенін мойындайды. Біріншісі созылмалы (res extensa) және зерделі (res cogitans), дегенмен ойланатын жандағы олардың өзара әрекеті мәселесі оның философиясында шешілмеген күйінде қалды. Кәдімгі мате- риядан басқа Д. көзге көрінбейтін нәзік материяның кең көлемін бөліп көрсетеді: солардың көмегімен жылудың, тартылыстың, электрдің және магнетизмнің қызметін түсіндіруге тырысады. Д. философияға қосқан басты үлесі танымның әмбебап әдісі ретіндегі рационализм философиясын классикалық құрастыруы болды. Д. пікірінше, зерде тәжірибенің берген мәліметтерін сыни бағалайды да олардан табиғатта жасырын болатын математикалық тілде айтылатын шынайы заңдарды шығарады. Тиімді қолданған жағдайда зерденің қуатында шек жоқ. Д.-ң тағы бір маңызды қыры механицизм. Материя (оның ішінде нәзік материя) элементарлық бөлшектерден тұрады, олардың жергілікті механикалық өзара әрекеті барлық табиғи құбылыстарды тудырады. Сондай-ақ Д. философиялық дүниетанымына скептицизм және алдыңғы схоластикалық философиялық дәстүрді сынау тән. Сананың өзіндік дәйектілігі, cogito – ойлау (декарттық тезис – «ойлаймын, демек, өмір сүремін» – лат. Cogito, ergo sum), сол сияқты туа бітті идеялар теориясы да картезиандық гносеологияның бастапқы бабы болып табылады. Д. дүниетанымы картезиандықтың бастауы болды және ол мына бағыттардан көрінді: голландиялық (Барух Спиноза), неміс (Готфрид Вильгельм Лейбниц) және француздық (Николь Мальбранш).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет