Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Фрагменты ранних греческих философов. Т. 1. – М.: Наука, 1989



бет43/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Фрагменты ранних греческих философов. Т. 1. – М.: Наука, 1989.
С. 129–135; Томсон Дж. Исследования по истории древнегреческого общества, т. 2. Первые философы. Пер. с англ. М.: 1959. С. 153–154; Лосев А. Ф. История античной эстетики. Ранняя классика. М.: Ладомир, 1994. С. 312–317.


АНАЛОГИЯ (грек. аnalogia сәйкестік, ұқсастық) – әр түрлі объек- тілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы. Логикада дедукция индукция- мен қолданылатын ой тұжырымы. А-да ой өрісі жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға қарай ойысады. Адам өз ойын тұжырымдай отырып, кейбір белгілердің ұқсастығынан сол нәрселердің басқа белгілеріндегі ұқсастық туралы қорытынды жасайды. А-лық тұжырым жасау адамзат енді-енді қауымдаса бастаған шақтың өзінде-ақ қолданыс тапқан. Мысалы, адамдар алғаш қауымдаса бастаған кезеңде табиғат заңдылықтарын әлі жете меңгере алмаса да, аң аулауда, басқа да тіршілік салаларында А-лық тәсілді стихиялық түрде қолданды. Ұқсастырылатын белгілердің сипатына қарай: қасиеттер А-сы және қатынастар А-сы болып екіге бөлінеді. Егер заттар белгілерінің ұқсастығы олардың қасиеттері арқылы салыстырыла- тын болса, онда ол қасиеттер А-сы деп аталады. Заттар қатынастар негізінде салыстырылса, онда ол қатынастар А-сы болады. Салыстырмалы заттар А-сының объективті негізі олардың қатынасы, жекелеген қырлары арасындағы заңды байланыстар. А. – алынған қорытынды ықтималдық сипатта. Ал оның дәрежесін көтеру үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс: 1) салыстырылатын заттардың ортақ белгілері көп және әр түрлі сипаттарды қамтуы; 2) заттардағы ортақ белгілердің маңызды болуы;
3) ортақ белгілермен ауыстырылатын белгілер арасындағы заңды байланыстардың барлығы. А. ізденушінің білімін ұштауына, ақиқатқа қол жеткізуіне септігін тигізеді, бірақ оны ғылыми зерттеудің бірден-бір, негізгі тәсілі ретінде қарастыруға болмайды. А. – танымдағы көмекші тәсіл, білім жетілдіруіндегі көптеген әдістердің бірі болып қала бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет