Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Избр. произ. мыслителей стран Ближнего и Средного Востока 9–14 вв. – М., 1961



бет69/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Избр. произ. мыслителей стран Ближнего и Средного Востока 9–14 вв. – М., 1961; Григорян С.Н. Средневековая Востока. – М., 1966; Соколов В.В. Средневековая философия. М., 1979; Койре А. Очерки истории философской мысли. – М., 1985. ҚҰЭ. – 407 бет.


АРАЛАСУ – қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Адам болмысының өзі үнемі дамып, өзгеріп және жаңарып отыратын араласу процесі, ол адам- ның мәндік ерекшелігі. Адам өз болмысының құпияларын өзін қоршаған ортадан оқшау, тұйық жағдайда толық ашуы, көрсете алуы мүмкін емес, адам қоғамда ғана толық қалыптасады. Адам болмысы А. арқылы, оның өзіндік «Менінің» «Басқамен» үздіксіз жүріп отыратын сұхбатында ғана айқындалады. Адам өзін қоршаған ортамен: табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен А-ға мәжбүр деуге болады. А. – қазақ халқы үшін өмірдің мәні, басты құндылықтардың бірі және қазірге дейін солай болып қалып отыр. Белгілі қазақ философы Қ.Ш. Нұрланова араласудың бес деңгейін бөліп көрсетті: қарым-қатынас, келіп-кету, сіз-біздесу, араласу, іштесу. А. қазақ үшін терең мазмұнға ие, ол өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі. Қазақ халқының араласуға құштарлығының негізінде малдың қамымен ұзақ уақыт бойы табиғат аясында оқшау өмір кешуі жатыр. Сол себепті қазақ халқы басқалармен кездесудің, жүздесудің әрбір сәтін қастерледі, өз ұрпағын «кісікиік» болып, жалғыз өмір сүрмей, А. арқылы адам қоғамында бақытты өмір сүруге шақырды. Осы қасиет қазақ халқының қазіргі заманда бүкіл адамзат қауымдастығымен тіл табысып, ынтымақтаса өмір сүруінің себептерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет