Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет65/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
АПРОБАТИВТІК ЭТИКА (лат. ар-probatio – мақұлдау, құптау) – мораль теориясы, мұнда ізгілік атаулы − беделдің мақұлдауымен немесе бұйыруымен болады деп түсіндіріледі. Мұндай беделге (құдай, адамның немесе қоғамның моральдық сезімі) кімді, не болмаса нені жатқызуына байланысты А.э. теологиялық, психологиялық және әлеуметтік-апробативті теорияларға бөлінеді. Моральдың ең басты заңын құдайдың абсолютті еркі деп ұғынатын жаңа протестантшылдықтың этикалық ілімін теологиялық теорияға мысал ретінде келтіруге болады.
Әлеуметтік-апробативтік этиканың негізін қалаушы француз әлеу- меттанушылары К. Дюркгейм мен Леви-Брюль болып саналады. Бұл ғалымдардың теориялары бойынша «ұжымдық түсініктер», моральдық құндылықтар мен ережелердің қандай да бір объективті және танымдық мән-мазмұны жоқ, олар тек қоғамның билігіне негізделіп, қабылданған. Сондықтан да олардың ақиқаттылығын ғылыми тұрғыда дәлелдеу нәти- жесіз болмақ. Мораль ұғымын бұлайша психологиялық және әлеуметтік- апробативтік тұрғыда айқындаудың салдары мораль құбылысын скептика- лық және нигилистік тұрғыда талдаған түсіндірмелерді туғызды (мәселен: логикалық позитивизм, эмотивизм). Жалпы алғанда, А.э-ның моральды бағалаудағы нақты объективті өлшемдер барлығын теріске шығаруы, адамның өз бойындағы немесе қоғамда қалыптасқан адамгершілік түсі- ніктерін соқыр сенім немесе субъективті бейімділік деп қана қабылдап, оған қатысты рационалды-сыни көзқарасынан бас тартуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет