Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет172/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ГЕГЕЛЬ Георг Вильгельм Фридрих (1770–1831) – классикалық нем. философиясының көрнекті өкілі. Оның шығармашылығының даму кезеңi Германияның саяси-әлеуметтiк жағдайының бiршама үлкен өзгерiске түсiп, елдегi iшкi қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзiне дейiнгi барлық ойшылдардың, әсiресе, ХVІІ–ХVІІІ ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, немiс жерiнде кеңiнен өрiсте- ген ғылым мен мәдениеттiң, өнер мен әдебиеттiң жетiстiктерiн толық зерттей отырып, оларды өз жүйесiн жасауға кеңiнен пайдаланды. Гегель негiзiнен өзiне дейiнгi философияны тек пайымның әдiсiнде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденiң сан-қилы шығармашылық кезеңдерiне айрықша мән бердi. Ол өзiнiң алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өмiрiне, әсiресе, дiн мен саясат мәселелерiне айрықша назар аударды. Г.-дiң осы алғашқы шығармаларының iшiнен болашақ диалектикалық, зерделiлiк әдiстi тудыруға негiз болған еңбектерiнiң бiрi – «Кiм абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қара- мастан, таным теориясының келелi мәселелерiн көтердi. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесiндегi тек сезiмдiлiк пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды. Расында да Г.-ге дейiнгi дәуiрде сезiмдiлiк, пайым – нақтылықтың бейнесi, ал абстрактылық – ойдың жоғарғы даму процесiмен тығыз байланысты деген көзкарас айрықша орын алып келдi. Нақтылық дегенiмiз көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бiрлiгi. Яғни нақтылық қандай


162

да мәселеге болмасын, объективтi, тарихи, iшкi байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етедi. Ендеше, таным процесi әуелi абстрактылықтан басталып, нақтылыққа қарай өрлейдi. Бұл – таным процесiндегi негiзгi ұстын. Бұл ұстынды К. Маркс өзiнiң «Капиталын» жазу процесiнде шебер пайдалана білді. Таным процесiнде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып, пайым мен зерденiң өзара байланысын тереңнен зерттеген Г. өзiнiң алғашқы еңбектерiнiң бiрi «Рух феноменологиясында» зерделi ойдың негiзiн көрсеттi. Бұл шығарма Г. философиясының «ақиқаттың қайнар көзi және жасырын cыpы» рyxтың көрiну формаларын, яғни оның сана, өзiндiк сана, рух, абсолюттiк субъектi арқылы даму жолдарын сурет- теп бердi. Г. «Рух фeнoмeнoлoгияcындa» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам өмiрiмен байланыстыра отырып айқындап бердi. Сана әуелi қарапайым түрде (яғни жеке индивидтiң санасы ретiнде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтiп, қоғамдық санаға дейiн көтерiледi. Г. «Рух феноменологиясында» зердеге де ерекше мән береді. Зерде сана мен ойдың тұңғиығына батып кеткен пайымнан келіп шығады. Г. философия тарихында философияны ғылым ретiнде қайтадан тудыра отырып, оның жаңа жүйесiн жасауға талпынған ойшыл. Оның осы мақсатта жазылған бaсты еңбегi – «Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы» деп аталады. Бұл шығарма негiзiнен барлық ғылымдарды қамтыған: «Логи- ка ғылымы», «Табиғат философиясы», «Рух философиясы» деп аталатын үш кітаптан тұрады. Г. өзiнiң «Рух феноменологиясын» абсолюттiк бiлiм- мен аяқтай келiп, оның абсолюттiк идея ретiндс басынан кешiрген логи- калық, табиғи және рухани кезеңдерiн терең зерделi ой елегiнен өткiздi. Яғни ол осы кезеңдердi көрсете отырып, логика ғылымына, жаратылыстану саласына және қоғамдық бiлiмдерге (қоғамдық сананың формаларына) жан-жақты талдау жасады. Г-дің философиясындағы пайым мен зерденiң диалектикалық арақатынасы оның үлкен шығармасы «Логика ғылымында» айқын көрсетiлген. Логикада ғылыми ұғыну пәнi ойлаудың өзi болып саналады. Ал кез келген ғылым бiр нәрсе, бiр зат туралы ойлау Г. тiлiмен айтқанда, әрбiр ғылым iске асатын ой. Ендеше, ол логиканы ойлау туралы iлiм деп анықтай отырып, оның басқа да ғылымдармен iштей тығыз байланыстылығын және сонымен қатар олардан айырмашылығы мен өзгешелiгiн айқындады.


Г. философиясындағы үлкен бiр жаңалық – ол рухтың жан-жақты дамуын диалектикалық негiзде баяндап бердi. Әсiресе оның «Философия ғылымдарының энциклопедиясы» деген шығармасының «Рух филосо- фиясы» деп аталатын бөлiмiндегi проблемаларды жан-жақты талдай отырып, сол мәселелердi шешудегi зерделi ойына көңiл бөлейік. «Рух философиясында» үш кезең қамтылған. Ол – құқық, мораль және парасат (адамгершiлiк). Мiне, осылардың арасындағы байланыстарды нұсқаған Г.


163

бұлардың бiр-бiрiмен сабақтасып, жалғасып жатқанын көрсетедi. Айталық, құқ меншiктен басталып, келiсiм арқылы құқ дәрежесiне дейiн көтерiледi. Мораль болса өзiнiң даму процесiнде парасатпен (адамгершiлiкпен) аяқталады.


Г-дiң диалектикасы бойынша адам осы қажеттiлiктiң темiр құрсауынан зерденiң «қулығы» арқылы босанып шыға алады. Өйткенi, адамдардың еркi мен бостандығы, олардың дүниетанымдық қабiлетi қандай да болмасын қоғам заңдылығын өзiне бағындыра алатын сияқты. Бұл жерде ол тарихтағы ұлы адамдардың, саяси қолбасшылар мен әскери көсемдердiң (Александр Македонский, Цезарь, Шыңғысхан, Ақсақ Темiр, Наполеон, тағы басқа- лары) ерiк-жiгерi мен мақсаттарына жеткенiн дәлелдейдi. Алайда, Г-дің диалектикасы бұл адамдар тарихтың даму заңын қаншама бұрмалап, мақсаттарына жеткенiмен, олар тарихтың объективтi даму заңын өзгерте алмады деп көрсетедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет