Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Абай философиясындағы “толық адам” ілімі



бет5/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Абай философиясындағы “толық адам” ілімі
Абай - ұлы философ, ойшыл. Оның дүниетанымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Абайдың осы ой-толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қарастырады. Абайдың бүкіл философиясының квинтэссенциясы, негізгі принципі ретінде “Адам бол!” деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан: “Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз... Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан - Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс – Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)”. Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе - өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.
Абай философиясының негізгі ерекшелігі ең алдымен адама мәселесін философияның негізгі мәселесі ретінде алып қалыптастырады. Абу Хайян ат-Таухиди айтқандай адам адам үшін мәселеге айналды. Бұл, әрине Абай философиясына антропологиялық сипат береді, бірақ Абайдың философиялық антопологиясының өзіндік сипаты бар, ерекше философиялық ілім, жүйе болып табылады. Абай үшін адамды жаратқан Құдай болғандықтан, адамның бойындағы адамдық табиғатпен емес, Аллаға деген сеніммен, махаббатпен анықталады. Сондықтан Абайдың философиялық антропологиясы Құдайдан адамға өтеді.
Абайдың философиялық антропологиясының келесі өзіндік ерекшелігі дүниежүзілік философияда, әсіресе Шығыс философиясында кең тараған “әмбебап адам”, “жан-жақты жетілген адам” ілімінің көптеген нұсқаларының ішінде (герметизм мен гностицизмдегі Антропос, Каббаладағы Адам Кадмон, маздаизм мен зоростризмдегі Гейомарт, Ежелгі Үндінің діни философиясындағы Пуруша, Ежелгі Қытай философиясындағы шэн жэнь, соның ішіндегі Конфуцийдің әлеуметтік идеал болып табылатын цзюнь-цзы, арабтілдік мұсылман Шығыс философиясындағы әл-инсан әл-кәмил және ортаазиялық жәуанмәртілік ілімдер) өзіндік орны бар. Абай адам мен кісі мәселесін жан-жақты, ауқымды қарастыру арқылы, өзінің кісілік философиясы арқылы жан-жақты жетілген “толық адам” тұжырымын негіздеді. “Толық адам” ілімі тұрғысынан Абайдың өзінің қаншама “толық”, жан-жақты жетілген адам екендігіне тағы да көзіміз жетеді. Абайдың пікірінше Аллағы тән негізгі сегіз қасиет бар: тіршілік, ғылым, күш, көру, есту, тілек тілеу, сөз, бар болу. Осы қаситеттер адамға да тән бірақ олар Алланың бойындағыдай жетілмеген. Егер бұл қасиеттер адамда да жетілген күйінде болса, онда Алла мен адамның арасында айрмашылық болмас еді.
Абайдың пікірінше жәуанмәрт, яғни жан-жақты жетілген толық адамға үш негізгі қасиет: шындық, ізгілік, даналық тән болуы керек. Шындықты Абай әділеттілік, ізгілікті қайырымдылық, мейірімділік деп, ал даналықты ғылымның бір аты деп түсіндіреді. Әділеттілік – жақсылықтың анасы, ар-ұждан да әділеттілікке негізделеді. Ешуақытта әділеттілік сезімдеріңді жоғалтпай, жақсылық жасаудан шаршамандар деп үйретеді ұлы ойшыл, себебі әділетсіз иман да, адамгершілік те болуы емес. Ғылым мен даналық та адам бойында жақсылық пен адалдық қаситеттердің болуын үйретеді, яғни қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелейді. Абай бұл қасиет барлық адамдардың бойында бар деп айтады. Бірақ аз төмен дәрежеде, сондықтан әрбір адамның парызы, яғни толық адам болу үшін осы қасиеттерді жетілдіру қажет және де оларды өз бойында сақтап, тек қана игі, жақсы істерге жұмсалу керек.
Пенде мәселесіне келетін болсақ, ол Абайдың айтуынша өз басында еркі жоқ, барлығына тәуелді – байқұс. Пенденің бүкіл өмір болмысы жан сақтауға бағытталған, оның алдына қойған тілек, мақсаты – мал табу, тамақ пен киім, мансап пен атақ. Пенде жеке басының қамы үшін, жан сақтау үшін арын сатуға дейін барады. Аяқтап келгенде пенденің өмірлік мақсаты – мал табу, тамақ пен жан сақтау үшін арын сатуға дейін барады. Пенденің өмірлік мақсаты - өзінің қара басының қамы ғана. 38-сөзінде Абай айтқандай, пенденің “толық адам” болуына Алла ерік берген. Бірақ, адам әруақытта да Алланың берген еркін дұрыс пайдалана алмаған, көп жағдайда пендешілік жасап, шайтанның торына түсіп отырған. Абай “мұңлы шайтан құдайдың қуған жаны, - деп шайтан дүниетанымына зер салған. Абайдың данышпандылығы, ұлылығы, көрегендігі, оның сол кездегі көтерген мәселелердің бүгінгі күн үшін де өзекті, өзінің маңыздылығын жоймағандығынан да көруге болады. Абайдың философиялық ой-толғаныстары тек оған дейін өмір сүрген Батыс және Шығыс философтарының ойымен сабақтасып қана жатқан жоқ. Абай өзінің көптеген өлеңдері мен “қара сөздерінде” пендеге тән әдепсіздік, әділетсіздік, надандық, арсыздық, пара және пәлеқорлық, мақтаншақтық, менмендік, арамдық және т.б. теріс қасиеттері туралы жиіркенішпен, ренішпен айтса, жан-жақты жетілген толық адамға тән адамгершілік, ізгілік, шыншылдық, білімділік, әдептілік пен әділеттілік, қайраттылық пен төзімділік, имандылық сияқты көптеген қасиеттеріне жан-жақты талдау жасап, адамның өз бойында осы қасиеттерді бар мүмкіндігінше жетілдіру қажеттігін айтады. Абайтың “толық адам” ілімі – адам, адамилық, адамгершілік принциптеріне негізделген. Абайдың осы мәселені өзінің терең мағыналы философиялық жүйесінің орталық, өзекті мәселе ретінде алуы оның өз халқының бойында адамилықты дамыту, тәрбиелеу, адамның өмірінің соңына дейін өзінің адамдық қалпын сақтай алуы, бір сөзбен айтқанда “адам болуын” тілеген ой-толғанысының, жүрек қобалжуының нәтижесі деп қарау керек. Байтенова Н.Ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет