Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет74/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   571
Байланысты:
treatise187525

АРОН Раймон Клод Фердинанд (1905–1983) − француз философы, әлеуметтанушы, саясаттанушы және публицисті. 1928 жылы Париждің Жоғары мектебін бітірген (Онда Ж.П. Сартр, П. Низан, Ж. Кангийем, А. Койре сынды философтармен бірге оқыған). 1930 жылы білімін жалғастыру үшін Германиядағы Кельн (1930– 31), Берлин (1931–33) университеттерінде ассистент болып қызмет атқарады. Германияға билік басына ұлтшыл- социалистер келгеннен кейін Францияға келген А. Гавр лицейінде (1933–
34) оқытушы, Жоғары қалыпты мектептің (1934–39) әлеуметтік құжаттама орталығында хатшы, Сен-Клудағы қалыпты мектепте (1935–39), одан кейін Тулуза университетінің әлеуметтік философиясының профессоры болып қызмет етеді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен әскер қатарына алынады. Неміс әскері Францияны оккупациялағаннан кейін ағылшын елінде эмиграцияда жүрген А. «Азат Франция» журналының редакциясын басқарып, фашистік Францияның әскери-саяси ахуалына шолу жасалып тұрған − «Француз хроникасын» мерзімді басылымын шығарып тұрады. Соғыс аяқталғаннан кейін еліне оралған А. біраз жылдар А. Мальроның (Ш.де Голльдің екінші үкіметіндегі ақпарат министрі) кеңсе директоры болып қызмет істейді. Саяси зерттеулер мен әкімшілік Ұлттық мектебінде сабақ береді. 1958–68 жылдары Сорбонна университетінің әлеуметтік кафедрасын басқарады. 1968–70 әлеуметтік зерттеулер жоғары мектебінің профессоры болады, ал 1970 жылдан өмірінің соңына дейін
«Коллеж де Франста» қазіргі заманғы өркениет әлеуметтануы кафедрасын басқарады. А-ның негізгі еңбектері тарих философиясы, қазіргі заманғы индустриалдық қоғамның әлеуметтік-мәдени және саяси қарама-қайшы- лықтары мәселелерін, сондай-ақ тарихи танымның эпистемологиясы мен әдіснамасы мәселелерін талдауға арналған. Алғашқы еңбектерінде жаңа кантшылдық бағыттың баден мектебінің, Э. Гуссерльдің феноменологиясы
мен М. Вебердің саяси философиясының ықпалында болады. Жас кезінде марксизм идеяларымен әуестенген А. кейіннен бұл көзқарастарын өзгертеді, 1955 жылы жарық көрген «Интеллигенцияның апиыны» атты жұмысында КСРО-дағы «нақты социализмді» жақтаушы француз интеллектуалдарына қарсы шығады. А-ның пікірінше батыстың солшыл интеллигенциясының ортасында (экзистенциализмнен бастап, антифашизм мен марксизм мекте- бінен өткендерге дейін) ендігі жерде «КСРО-ның лагерлік жүйе екендігін мойындайтындар» мен «бұл лагерлерді әшкерелейтіндердің арасында принципті түрде айқындық болуы тиіс». Тоталитаризмнің қарсыласы А.
«кеңестік жүйеге» ілтипат білдірген Сартрмен қоса, Мерло-Понтидың (өзін
«а-коммунистпін» деп атап, «егер де марксизм жалған болса онда тарих өз мәнін жояды» деген тезисті жариялаған) «бейтарап» позициясына да белсенді түрде қарсы шығады. «Еленбейтін революция» атты еңбегінде еуропа елдерінде 1968 жылғы болған студенттік толқуларды қолдаған солшыл интеллектуалдарды тіпті қатты сынайды. Сол кездегі Францияда күшейіп тұрған антиамерикандық көңіл-күйге қарама-қарсы А. АҚШ-ты
«еуропалық либерализмнің өнімі» деп санады және КСРО-ның Шығыс Еуропадағы тоталитарлық экспансиясына тоқтау салады деген ниетпен АҚШ-тың Еуропада болуын, батыстың әскери-саяси альянс құруын құптайды. 1960–70 жылдары А. деидеологизация концепциясы (А. ғы- лымды партиялық идеологияның альтернатива ретінде санады) және
«жаһандандыру» мен біртұтас индустриалды қоғам теориясының басты теоретиктерінің негізін салушылардың бірі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет