Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет73/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   571
Байланысты:
treatise187525

АРИСТОТЕЛЬ (б. з. б. 384–322 жылдары) – ежелгі антикалық фило- софияның көрнекті тұлғасы, гр. философы-энциклопедисі және ғалымы, кө- не заманның данышпан ойшылы. А. Фракиядағы Стагирде дүниеге келген, Афиныдағы Платон мектебінде білім алған және тәрбиеленген. 335 ж. Афиныда өзінің философиялық мектебін (ликей) ашқан. А. философияны үш салада қарастырған: 1) теориялық бөлімі – болмыс туралы ілім; 2) прак- тикалық бөлімі – адамның іс-әрекеті туралы ілім; 3) поэтикалық бөлімі – шығармашылық туралы ілім. А. философиясында алғаш рет өткен дәуiр көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кiтабында философияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi – болмысты жан- жақты анықтай отырып, өзiне дейiнгi ойшылдарға, әсiресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. А. өзiнiң ұстазына бағыттаған қарсылығында «Платон идеялар дүниесiн жеке бөлiп алып, оның сезiмдiк
заттар дүниесiмен арасындағы байланысты үзiп жiбердi» деп көрсетедi. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекеттендi. Сондықтан ол сезiм- дiк заттар дүниесi идеяларға бiршама «қатысы» бар деп есептейдi. Оның бұл түсiңдiрмесi баяғы замандағы пифагоршылардың әдiсiн қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға елiктейдi деген болатын. Мұндай ой желiсi мәселенi толық шешiп бере aлмaйды, қайта бұл екi дүние- нiң арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкелiп ұрындырды. А. Платон- ның идеяларын талдай келе, оның логикалық iлiмiнiң қайшылығын да ашты. А-дiң анықтамасындағы «материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. «Материя», А-дiң ойынша, «субстрат» (латын тiлiнде «негiз»,
«астар» деген мағына бередi). Ол өзiнiң анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. А. өзiнiң шығармасында мұндай өзара байланысты, өзара сабақтас ұғымдар тiзбегiн: мрамор – мүсiн – мүсiншi көрсетiп бердi емес пе? Сонда адам ғой негiзгi, оның iс-әрекетi де маңызды рөл атқарады екен ғой. Бiз осы ойды терең талдай отырып, мына пiкiрге ойысамыз. Айталық, мрамор – субстрат материалды зат болса, оның бойында табиғи ерекшелiктерiнiң бәрi бар. Ал ендi осы мрамор мүсiншiнiң қолына түстi делiк. Одан шебердiң қолы арқылы тамаша мүсiн пайда болады. Сонда бұл ненiң нәтижесi? Бұған жауап бере келiп, әрине, Платон мен А. мұны күнi бұрын адамның басына ұялаған идеяға байланысты дер едi. Өйткенi, осы идеяның негiзiнде ғана мрамордан салтанатты сарайдың, адамның, жан- жануардың мүсiндерi, әдемi ыдыстардың, тағы өзi пайда болады ғой. А-дің ойлау процесiнiң мәселелерiмен көп айналысқанын жақсы бiлемiз. Оның осы мәселеге арналған «Категориялар», «Бiрiншi аналитика», «Екiншi ана- литика», «Топика» тағы басқа да еңбектерi бар. А. таным теориясына Пла- тонға қарағанда әрi көбiрек, әрi тереңiрек көңiл аударды. Ол бұл мәселенi Платоннан гөрi тым өзгеше, әрi түсiнiктi етiп баяндады. Ол Платонның мифке сүйенген таным теориясынан бас тартты. Егер Платон таным тек еске түсiру, сайып келгенде, үңгiрге қамалған адамдардың дүниенi сырттан түскен сәулелер арқылы ғана, елес арқылы қабылдауы деп есептесе, А. бұл теорияға басқаша мән бердi. Ол бiзге әлi де толық жетпеген «Философия туралы» деген трактатында адамдардың танымын үнемi даму процесiнде қарайды. Ол Платоннан өзгеше, адамды үңгiрде қамағаннан гөрi, оларды сырттағы жарық сәулелерге қарай жетелейдi. А-дiң осы бiр теңеуi дүниенi танудың ақиқат жолына қарай бастағанын байқаймыз. А-дің ойынша, практикалық iлiмдер – этика мен саясаттың адам қызметiне тiкелей қатысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетiнiң iске асуын айрықша айқындайды. Өйткенi, адамгершiлiк пен зерде адамның өз еркiнiң қалауымен тығыз байланысты. Сонымен бiрге өз бетiмен немесе ерiксiз iс-қимылдар жасау адамның iшкi рухани дүниесiне тiкелей қатысты. А-дің қоғамдық-саяси көзқарасы оның «Саясат» деп аталатын еңбегiнде айқын көрiнiс тапты.
Оның осы шығармасы «Этикамен» сабақтаса келiп, бiртұтас iлiм құрайды. Өйткенi, оның «Саясат» деген шығармасындағы адам алдымен өзiнiң адамгершiлiк қасиеттерiмен ғана айрықша даралануға тиiс. Iзгi ниетсiз адам нағыз бұзылған, әрi дөрекi жан. Сондай-ақ, ол жыныстық қатынас пен тамаққа деген құмарлық жағынан хайуаннан ешбiр айырмашылығы жоқ жануар болып шығады. А-дің ойынша, демократияның бес түрi бар, олар заңға негiзделген демократия және жоғары үкiмет билiгi тобырлар қолында болған кездегi демократия. А-дің ойынша, құл – табиғи құбылыс. Өйткенi, бiреулер өз табиғаты жағынан құлдар, екiншiлерi ерiктiлер. Сөйтiп, А-дiң ойынша, адам табиғаты жағынан тең болмайды екен. Бiреудiң екiншiге бағыныштылығы дененiң жанға, жануардың адамга тәуелдiлiгi сияқты. Адамдардың өзара тең болмау себебi оның бiрi ауыр дене еңбегiмен, екiншiсi ой еңбегiмен, ақылмен айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет