Әдебиет: ҚҰЭ. Т. 1. – 428 б.
АРИСТИПП (шамамен алғанда б. д. дейінгі 435−355 жылдар) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, кирен (гедонистік) мектебінің негізін салған. Жазба еңбектері сақталмаған. Оның өмірі мен ілімі, философиялық көзқарастары туралы деректерді Диоген Лаэртий, Ксенофонт, С. Эмпирик- тің шығармаларынан кездестіруге болады. А. таным теориясындағы сен- суализмді этикадағы гедонизммен ұштастырады. А. бойынша өмірдегі биік мақсат ләззат алуда, дегенмен көзсіз құмарлықтың құлы болуға, соның жетегінде кетуге болмайды, әр нәрсенің шегін білу, парасатты ләззатқа ұмтылу – жоғарғы игілік. А. жоғарғы игілікке жету жолы ләззаттан тыйылу емес, оны дұрыс пайдалануда: кемені оған мініп келе жатқан адам емес, оны қажет жағына бағыттап отырған адам басқарады, сол секілді ләззаттан қашқан адамды да ұстамды санауға болмайды дейді. А. қайырымдылық пен зұлымдықтың, ақиқат пен жалғандықтың өлшемі – ләззат пен қайғы-қасірет деп тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |