Әдеб.: Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири и Джунгарской степи, ч. ҚҚҚ. – Спб, 1870; Валиханов Ч. Соч. – Спб, 1904; Айтыс. 3 томдық. – А., 1964, 1965, 1966; Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Қызылорда-Тәш., 1927; Ысмайлов Е. Ақындар. – А., 1956; Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары.
– А., 1958; Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – А., 1973; Төреқұлов Н. Ақындар айтысы. Кіт: Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. – А., 1979, 134–155 б.; Бердібаев Р. Айтыс өнері. Кіт: Сарқылмас қазына. – А., 1983, 67–141 б.; Айтыс өнері. – А., 1979; Айтыс. – А., 1990.
АЙЫРМАШЫЛЫҚ – бiр объектiде бар белгiлердің басқа объектiлер- де жоқ болып шығуы негiзiнде жасалған салыстырмалы сипаттама. А. бара- барлықпен байланысты. Сонымен бiрге А. пен барабарлық анағұрлым кең мағыналы ұқсастық категориясында ұштасады. Дүниенi тану объектiлердiң барабарлығымен, А-ты анықтаумен тығыз байланысты. Бейнеленген объект формальды логиканың тар шеңберiнде шектелiп белгiленген жағдайда А. пен барабарлық байланысы сырттай сипатталады. Осы объектiлердiң өзi бiр белгiлерiмен барабар болса, басқадай белгiлерiмен өзгеше болады. А-ты диалект. тұрғыдан алғашқы түсiндiрген – Гегель. Оның «...ойлаушы парасат, былайша айтқанда, айырманың қарабайыр айырмашылығын мәндi айырмашылыққа дейiнгі, қарама-қарсылыққа дейiн айқындайды». А-тың мәнi қарама-қарсылық, қайшылық категорияларында толық қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |