Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет319/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   401
Байланысты:
treatise187525

«РИГВЕДА» – үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуынша, оның жырлары б.з.д. XV–VІ ғ. шамасында келген. Егер «Веда» үнді арийлердің қасиетті білім жинағы болса, «Р.» – жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген. Бірақ «Р.» құдайларды жырлауға арналған мінәжәт ескерткіші болғандықтан, оның авторлары Тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап, жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан «Р-да» Авестамен ұқсастық көп.


РИКЕР Поль – француз философы, феноменологиялық герменевтика- ның өкілі. Р.тұлға – философиядағы іргелі ұғым болып табылады, онда мәдени мәндерге бастау беретін мағыналар бар деп түйіндейді. Р. адам мәдениетінің кез-келген құбылысының индивидуальды тілекте орын алған және қанағаттану тәсілінде ұялаған тарихы бар деп санайды. Сонымен қатар кез-келген мәдениет құбылысында адам субъективтілігінің болашаққа ұмтылуы көрініс табады, өйткені ол қасиеттілікке ұмтылу мен шартталған. Ол адам тәжірибесінің бастапқы шарты тілдік тәжірибе – қабылдауды, талап-тілекті, елесті (елестеуді) «сөзбен жеткізу» болып табылады деп санайды. Сондықтан мәдени шығарм. әрқашан рәміздік сипатта болып келеді. Тіл шындықты қайтара (екінші) түсіну болып табылады, бірақ болмысқа тиесілі нәрсе – тек тілде ғана бейнеленеді. Р. онтологиялық герменевтикасы тіл мәселесін тіршілік ету мен байланыстырып, тілге дейінгі тіршілікті түсінуге, адамның «екінші дүниені» жасауының құралы
– тіл екенін көрсетуге мүмкіндік береді. Р. метафора теориясын жасады.


420

Метафора сөздерді фразаларға біріктірудің, олардың орнын ауыстырудың нәтижесінде туындайды. Метафора тілде алғашында болмайды. Бұл тұрғыда адамның тілдік тәжірибесінде метафораның пайда болуы адамның жалпы шығарм.-қа қабілеттілігін көрсетеді. Р. герменевтиканың міндеті – индивидтің белсенді әрекетіне негізделген тарихи-мәдени шығарм-тың субъектісі ретіндегі адам рөлін негіздеу деп біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет