Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет63/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АТАМЕКЕН (араб «мәкан» – орын, жай) – ұрпақтан ұрпаққа қалып отырған «кір жуып кіндік кескен» аймақ, өңір, өлке. Түркі қауымына ортақ
«ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін


84

келе мәні кеңейіп «ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан. «Ата» – көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. «Ата» сөзі тір- кескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен бай- ланысты болып келеді. А. осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Демек ол – ұран тектес сөз. Бұл, әсіресе ежелден аталар рухына


– аруаққа сыйынған түркі қауымдарына тән нәрсе. А. көне замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі-бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол еліміздің, мемлекетіміздің негізі. Аумалы-төкпелі заманда империялық отаршыл және кеңестік қызыл саясат салдарынан шетке ауып кеткен қандас бауырлар Қазақстанның егемендік алуына орай өз А-іне қайтып оралуда.
А. – ата бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен жай; жанға жылы да жақын отбасы ордасы, кіші отанның айшығы; мекен- жай қонысында ел мен ер жандүниесінің жақындасуы, күш-жігері мен үміті- нің жандануы; табиғи-эволюциялық түсінікке, тіршіліктің табиғи ортасын сезіне білуге, соған бейімделуге негізделген дүниетаным мен табиғаттану- дың саласы; өмірлік жолда табиғи құбылыстардың түп-тамыры мен нақты көріністерін ұғыну барысында тоқығанды тірлікке тірек етуді үйрену.
Жер – атаға да, анаға да ыңғайлы мекен-жай, үлкен мен кішінің анасы да, жүректің жайлы панасы, кез келген жанның бесігі, әрі күллі ырыстың кіндігі. Халық үшін табиғат, тірі жәндік, тірі жан – бәрі де шындық. Адам да шындық. Осы тұрғыдан адам табиғатты пайымдады, оған бейімделді, табиғаттың енді бір өңір-өлкесін – ел-жұртты сақтауды діттеді. Өмірлік мекен-жайда тіршілікке бейімделу, адамдардың бір-бірімен жақындасу, туыстасу дәстүрлері мен ойлану түрлерінің жаңа түрлері байыпталды. Табиғаттағы нақты көріністерді қабылдау, бағалау – қоғамдық қатынастың түріне және өзара түсінісудің деңгейіне байланысты. Кіндік кескен жер мен туған ел-жұрттың ұқсастығын ұғыну, оны қадірлей білу, тәуелді тіршілік ортасына біртіндеп жақындаушылық – қазақтанудың басты кезеңдерінің бірі. Қазақтың атамекенмен, оның байырғы атажұртымен табысуының атап айтарлық ерекшеліктері табылады. Ерекшеліктер табиғи-тарихи, тарихи- танымдық заңдылықтардан ауытқи бермеді.
Қазақ туған жер, өскен ортасымен тілдесті, ататегімен түсінік іздес- тірді. Орта деп отырғанымыз – «туған жер – тұғырың, туған ел – Қыды- рың» деген тыңғылықты түсінік. Содан: «әркімнің өз жері – жұмақ», «жер тоймай, ел тоймайды», «жері семіздің – малы семіз», «туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық», «туған жердің ауасы да шипа», «ауырлықты жер көтерер» деп түйін түптелді, қанатты сөздер ел аузында жатталынды. Қазаққа туған жердің мал-жанымен қатар, торғайы да сүйкімді, бәрі


85

бірдей құнды. Ол қашанда туған жері мен туған үйінен үйлестікті аңсады. Ұлағаттылыққа лайықты ұстанымдардың арқауын ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: «Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға – сол қайғы. Білесің бе, Отанның сен не екенін?». «Мекен-жайым жер менің, Жерде жүрген ақын деген пендемін,..Уақыт бер аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» деп ширатты. Қазақ өзіндегі – бас азаттығын, елдегі – дін мен жер еркіндігін жоғары қойған. Өйткені адам өз елінде көгереді, өсіп-өнеді. Отбасына опасыздық жасамайтын жан тазалықты іздейді және табады, ал «отан үшін күрес – ерге тиген үлес» дейтіндер көгереді, елімен жарасқандар, отанын сүйетіндер өсіп өнді. Отанын сүйгеннің болымы толады. Себеп: «Ошағы бірдің – білегі бір, Отаны бірдің – тілегі бір». Тілегі мен білегі бір тоқшылық пен молшылықта өзін зор тұтады, бағы ұтады, түбінде адамдығына жетті. Қазақ жан мен тән бостандығында туған жерін А.ретінде ыстық жүрегімен, тікелей ықыласымен қабылдаған, оның атамұрасын сүйсіне суреттеген. А-де атамұра қалыптасты, аяқ алысты, мал-жан бауырласты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет