Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Ataturk un Soylev ve Demegleri C. ІІІ. – Ankara, 1989; Mehmet Ozel, Ataturk. – Ankara, 1996; Ә. Нысанбаев, К. Есмағамбетов. Ататүрік



бет65/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Ataturk un Soylev ve Demegleri C. ІІІ. – Ankara, 1989; Mehmet Ozel, Ataturk. – Ankara, 1996; Ә. Нысанбаев, К. Есмағамбетов. Ататүрік.
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. Т. І. – А., 1998.
87


АТАУ белгілі бір затты, материалдық объектіні кең ауқымды мағы- насында таныта алатын сөз. Логикалық семантикада «семантикалық үшбұрыш» дейтін ұғым бар. 1) атау; 2) атау білдіретін зат (денотат, яғни десигнат); 3) атаудың мәні. Термин білдіретін объект термин денотаты деп, термин білдіретін қасиет – терминнің мағынасы деп есептеледі. Қандай да болсын болмыс түрін төрт нәрсе белгілейді: атауы, әлпеті, сапа-қасиеті, мән- мағынасы. Атау бұлардың өзінен кейінгі үшеуін де қамтитын болғандықтан, ол ең маңыздысы болып табылады.
Әдебиет: ҚҰЭ. Т. 1. – 509 б.


АТЕИЗМ (грек. А – сыз, сіз емес қосымшасы және theos – құдай) – табиғаттан тыс күштерге (рухтар, құдайлар, ақыреттік өмір т. б.) сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны бекерге шығару. Адамзаттың тарихи даму барысында А. әр түрлі әлеуметтік топтардың идеялық қаруы ретінде пайдаланылды. Маркстік А. диалектикалық және тарихи материализмді өзінің филос. негізі етіп алды. Ол атеистік тәрбие жүйесінің теориялық негізін құрайды. Коллективтендіру, тәркілеу т. б. саяси науқандарда дін иелері қатты қудаланды. 1932 ж. КСРО бойынша дінге қарсы 10 газет, 23 журнал шығарылды. 1954 жылғы 7 шілдеде және 10 қарашада СОКП ОК-і атеистік насихатты күшейу туралы арнайы қаулылар қабыл- данғаннан кейін бұл бағыттағы жұмыстар жаңа қарқын алды. Жоғары оқу орындарында ғылыми атеизм негіздері курсы оқытылатын болды. КСРО ҒА-ның Тарих ин-ты жанынан 1947 жылдан ұйымдастырылған дін тарихы және атеизм секторы «Дін тарихы және атеизм мәселелері» деп аталатын журнал шығара бастады. 1964 ж. СОКП ОК-нің шешімімен Қоғамдық ғы- лымдар академиясы жанынан Ғылыми атеизм ин-ты құрылып, «Ғылыми атеизм мәселелері» атты мерзімді басылымды жарыққа шығара бастады. Кеңестік жүйенің әрбір халыққа тән өзіндік салт дәстүр, діни сенім-наным ерекшеліктерін күштеп жою бағытында жүргізген әрекеттері бұқара халықты рухани тоқырауға соқтырды. КСРО ыдырап, ондағы көпшілік елдер, соның ішінде Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін, дін мәселесі Конституциямыздың аясында өз жолын, арнасын тапты. «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға... хақылы» делінген онда (19-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет