Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет73/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   401
Байланысты:
treatise187525

95


логического строения мышления в процессе практической деятельности. Алма- Ата, 1981 (Қ.А. Әбішевпен бірге); Диалектическая логика. В 4 кн. Алма-Ата, 1985–87 (ұжымдық еңбек); Логико-гносеологический анализ науки. Алма-Ата, 1990 (ұжымдық еңбек); Логика конкретного понятия. Алматы, 2005 ж. т. б.
Әбжанов Төлеугазы Ысқақұлы
Т.Ы.Әбжанов 1935 жылы 7 тамызда Ресей Федерациясы Кемеров облысында дүниеге келген. 1957 жылы Қарағады мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-филология факультетін аяқтады. Еңбек жолын ауылдық мектептен бастаған. 1960 жылдың аяғынан Т.Ы.Әбжанов Қарағанды педагогикалық институтының философия кафедрасында еңбек еткен. 1967-1970 ж.ж Киев мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдап, кандидаттық диссертациясын қорғаған. Осы жылдары Төлеуғазы Ысқақұлы алматылық және киевтік философиялық мектептерінің жемісті байланысының қалыптасуына үлкен үлес қосты. 1990 жылы Т.Ы.Әбжанов докторлық диссертациясын қорғады. Оның ұсынысымен 1994 жылы философия тарихы, логика және дінтану кафедрасы құрылды, осы кафедраны 2000 жылға дейін басқарып келді. Соңгы жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры болды.
Т.Ы.Әбжанов – 60-тан аса ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде Қазақстанда, Рессейде, Украинада жарыққа шыққан монографиялар, оқу құралдары және мақалалары бар. Оның жетекшілігімен осы аймақтан тысқары жерлерде танымал болған философия тарихының Қарағандылық мектебі қалыптасты. Профессор Әбжанов әр қашанда азаматтық көзқарас ұстанып, қоғамдық өмірге белсенді араласқан. Ол облыстық қазақ тілі қоғамының ұйымдастырушысы, оның ҚарМУ-дегі филиал жетекшісі. Қазақ халқының рухани біртұтастығы мен қазақ тілі және мәдениетінің жаңашыры ретінде бұқаралық ақпарат құралдарында, конференциялар және дөңгелек үстелдерде сөйлеген сөздері қазақ зиялы қауымының арасында кең қолдауға ие болған.
Өмірінің соңғы жылдары Төлеуғазы Ысқақұлы республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Әлемдік мәдени мұра және Қазақ энциклопедиясы атты көп томдықтың қазақ тілінде жарыққа шығуына белсене араласты. Қазақстандық философиялық ойлау мәдениетіне Т.Ы.Әбжановтың қосқан үлесі баға жеткісіз. Оның ақыл-парасаты, ерекше ойлау қабілеті, әріптестері мен шәкірттеріне деген қамқорлық қатынасы Қазақстан және одан тысқары жерлерде құрмет пен беделге ие болды. Т.Ы.Әбжанов 2008 жылдың 11 қыркүйегінде ұзақ сырқаттың салдарынан көз жұмды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет