Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет76/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Шығ: Четверостишия. – Душанбе: «Литературный Таджикистан», 1953; Канон врачебной науки, кн. 1 I Таш., 1954 1960; Математические главы
«Книги знания». – Душанбе, 1967; Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы // Әлемдік философиялық мұра. Т. 4. Құраст.: Т.Х. Ғабитов, Ғ. Құрманғалиева. Алматы, 2005. 568 б.; Ислам. Энциклопедиялық сөздік. Алматы: Аруна, 2009.


ӘБУ-Л-УӘЛИД ИБН РУШД, Мұхаммед ибн Ахмад ибн Рушд – 1126 жылы Кордовада туылып, 1198 Мароккодағы Марракеште дүниеден өткен атақты мағрибтық араб философы, Батыс Еуропада латынша Аверроэс деген атпен танымал. Бас қазы және муфтидің отбасында дүниеге келіп,


98

тәрбиеленді, өз заманының ұлы ғұламаларынан білім алды, ибн Араби сынды атақты сопымен, ибн Туфейль және ибн Зухр сияқты белгілі ғалымдармен достық қатынаста болды. Кордова халифатындағы Жүсіп және әл-Мансұр сұлтан-дардың тұсында олардың қамқорлығында болып, Мароккода, Севильяда, Кордовада лауазымды қызметтер атқарды.


Ә.У. ибн Р. Аристотельдің бірқатар шығармаларын аударды, оларға жазған түсініктемелері еуропалық философтардың ежелгі грек филосо- фиясымен танысуына ықпал етті. Оның шығармаларының көпшілігі латын тілінде сақталды. Оның пантеистік ілімі Еуропаға кеңінен таралып, аверроизм деп аталды. Алайда бұл ілім мұсылмандық және христиандық қатаң қағидаларды өзгертпей сақтауға тырысушылар тарапынан қуғынға ұшырады. Ә.У. ибн Р-тың әл-Ғазалимен пікірталасы философтар қауы- мына жақсы таныс, оның барысында ол философияның рационалистік қорғаушысы болып көрінеді. Ә.У. ибн Р. қос ақиқаттылық ілімінің негізін қалады. Ә.У. ибн Р-тың негізгі философиялық шығармалары: «Терістеуді терістеу», «Философия мен дін арасындағы байланыстарға қатысты қорытынды жасайтын пікір». Оның латын тіліне аударылып, бірнеше мәр- те қайта басылған медициналық шығармасы «Colliget» (арабша «Куллийат»,
«жүйе» деп аударылады). Оған қоса Ә.У. ибн Р. күн дақтарын зерттеген астроном деп те есептеледі. Оның көптеген шығармалары иврит тіліне де аударылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет