Негізгі еңбектері: Проблемы теории познания и методы в истории философии. Алма-Ата, 1990 (қосавторлықта); Путь к человеку. Алматы, 1992 (қосавторлықта); Вехи истории мышления. Алматы, 1994.
Ә ӘБІШЕВ Қажымұрат (1931 ж.т., Қызылорда обл., Сырдария ауд., «1- май» с-зы) – филос. ғыл. докторы (1985). Қызылорда пед. ин-тін бітірген
(1951), профессор, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. 1974 жылдан бастап ҚР ҰҒА Философия институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болып қызмет атқарып келеді. Ә. қазақстандық философиялық мектептің, диалектикалық логика мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның ғылыми зерттеулері тұлға, еркіндік, құндылық және шығармашылық сияқты маңызды философиялық мәселе- лерге арналады. Ә. адам, тұлға, құндылықтар мәселесі, жаттану, еркіндік сияқты адам болмысының терең әрі күрделі мәселелерін көтереді. Ә. қазақ және орыс тілдерінде жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап, «Философия» оқулығын жазды. 2011 жылы «М.Шоқай: әлеуметтік- философиялық ойлары» атты монографиясын жазды. 16 кітаптың авторы, олардың барлығы Ә. зерттеулерінің нәтижесі, олар Пхеньян, Тегеран, Варшава, Москва, Киев, Парижде өткен ғылыми форумдар, конгрестер мен симпозиумдар, конференцияларда баяндалды. Ә. «Әлеуметтік философия»,
«Батыс философиясының антологиясы» сияқты кітаптардан бастап әлем- дік философия мұрасын қазақ тіліне аударумен айналысып келеді. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Платон, Аристотель, Гегель, Кант, Сартр, Хайдеггер сияқты философтардың еңбектерін қазақ тіліне аударды. 2011 жылы «Таңдамалы» туындылары жарық көрді, оның ішінде жеке шығармаларымен қатар ең негізгі аудармалары да жинақталған. Ә. ондаған ғылыми-зерттеулер жобасының жетекшісі болып, іргелі зерттеулер жүргізді. 2011 жылы «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды.
Шығ: «Человек. Индивид. Личность» (1978), «Развитие общественных отношений и категорий мышления» (1981), «Логика свободы и логика отчуждения», «Тоталитаризм как форма отчуждения» (1996), «Проблема специфики индивидуального развития» (1998), «Человек в мире отчуждения» (1996), «Трансформация системы образования. Взгляды философов» (2000),
Достарыңызбен бөлісу: |