Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004, 418 с



бет119/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004, 418 с.


ГАРТМАН (Hartmann) Николай (20.02.1882, Рига – 09.10.1950, Гёт- тинген), сындарлы (немесе жаңа) онтологияның негізін қалаушы. Басында неокантшылдықтың марбургтық мектебінің ізбасары болды, бірақ бұл мек- тептің субъективизміне («методологизміне») көңілі толмаған Г.Э. Гуссерль- дің және М. Шелердің ықпалымен болмыс туралы аристотельдік- схоластикалық ілімнің модернизациясы болып табылатын онтологиялық концепцияны қалыптастырды («Онтология негіздеріне» – Zur Grundlegung der Ontologie», 1935; «Онтологияның жаңа жолдары» – «Neue Wege der Ontologie», 1942). Г. сәйкес болмыстың құрылымы қатпарлы және сон- дықтан сапалы тұрғыда әртүрлі төрт қатпардың неорганикалықтың, орга- никалықтың, руханилықтың иерархиясы ретінде қарастырылуы тиіс. Әр- түрлі қатпарлардың тіршілік ету формасы мен категориялдық құрылымы сәйкес келмейді, мысалы, имматериалды қатпарлар (рух, психикалық) тек уақытта ғана тіршілік етеді. Жоғарғы қатпарлардың әрқайсысы төменгіден тамыр алғанымен, толығымен ол арқылы анықталмайды. Болмыстың төмен- гі формалары өздерін өзіндік бекемдеуде белсенді, ол жоғарғылар өздерін танытуда үлкен бостандыққа ие. Г. түпкілікті философиялық мәселердің шешілуі мүмкін емес деп санады. Этикада Г. Шелердің ізінше мәңгілік
«этикалық құндылықтар» теориясын дамытты. Г. үшін бұл саладағы негізгі мәселе құндылықтар мен ырық еркіндігі, олар екі түрлі пәрменділіктің


159

(«детерминациялардың»): идеалды (ырық үшін бағдар болып табылатын құндылықтардың) және реалды (құндылықтарды іске асыратын ырықтың) арақатынасы ретінде қарастырылады («Этика» – «Ethik», 1926).




ГАРТМАН (Hartmann) Эдуард (23.02.1842, Берлин – 05.06.1906, Грослихтерфельде), неміс философы. Г. философиясының негіздері – Шопенгауэр волюнтаризмі мен Шеллингтің «тепе теңдік философиясы». Г. өзінің негізгі шығармасы – «көмескі саналық философиясында» (1869, орыс. ауд. 1902) жаратылыстанулық-ғылыми материализмге мистикалық идеализмді, әлеуметтік прогресс идеясына тарихқа деген пессимистік көзқарасты қарсы қойды. Г. панпсихизм позициясын ұстанды, өсімдіктерде және тіпті, атомдарда түйсік бар деп санады. Барлық тіршіліктің негізі көмескі саналы рухани бастау деп пайымдады. Ғарыш Г. бойынша, ирра- ционалды процестің жемісі, ондағы сана өмірдің негізі және дамудың қоз- ғаушы күші болып табылатын көмескі саналы әлемдік ырықтың құралы ғана. Иррационалдылықты танудың негізінде Г., пессимизм тұрғысындағы этиканы қалыптастырды («Адамгершілік сана феноменологиясы» – «Pheno- menologie des sittlichen Bewusstseins», 1879). Ол адамзаттың ақыл ойын бір- тіндеп жаулап алған үш иллюзиядан: осы дүниелік бақыт иллюзиясынан, о дүниелік бақыт иллюзиясынан және тарихи даму барысында қол жететін бақыт иллюзиясынан құтылуға шақырды. Соның нәтижесінде Г. нигилистік дінді уағыздады («Адамзаттың діни санасы» – «Das religiose Bewusstsein der Menschheit», 1882): Ғарыштың парасатсыздығы мен мақсатқа сәйкессізді- гін сезіну арқылы эволюция оның жойылуына алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет