Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет151/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Асмус В.Ф. Демокрит. – М.: МГУ, 1960; Верлинский А.Л. Дата рождения Демокрита у Аполлодора и Фрасилла (Заметки о методах античной хронографии) // MOUSEION: Профессору Александру Иосифовичу Зайцеву ко дню семидесятилетия. Сб. статей. – СПб., 1997. – С. 100–127.


ДЕРБЕСТІК – жеке тұлғаның, халықтың, ұлттың т. б. әлеуметтік ортаның ешкімге тәуелсіз болмысы, бітімі, ұстанымы. Д. ғылымы жеке тұлғаға қатысты оның субъектілігін, кісілік қасиетін көрсетеді, кемелділік деңгейіне көтерілгенін байқатады. Қазақ халқынында «көппен көрген – ұлы той» деген нақыл сөз бар. Дүрмекке еріп, көптің бірі ретінде өмір сүру, әрине жеңіл, жеке жауапкершілігі аз болады. Кеңес дәуірінде де адамның көпшілдігі, ұжымдық жоғары бағаланды. Көптің пікірі қашан да дұрыс деп есептелді. Жеке адамның уәжі қаперге алынбады. Ал шындығында, көпшілік Абай айтқандай, топ, тобыр, дүрмек. Көп ойланбайды, қайда айдасаң, сонда ығады. Көптің сүйенері – қоғамда үстемдік құратын идеология мен психология, көп жағдайда нақты мәселенің мәнісін байыптап жатпайды. Д. ұғымы халыққа, ұлтқа, мемлекетке және т. б. әлеум. ортаға қатысты сол әлеум. қауымдастықтың ешкімге тәуелсіздігін өзгелермен қарым-қатынаста, өз мүддесінен туындайтын немесе жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау принципіне негізделген саясат ұстанатынын білдіреді. Д. – салыстырмалы түрде алынған ұғым. Дүниеде өзгелермен байланыссыз, өзімен-өзі оқшаулана өмір сүретін ештеңе жоқ. Бәрі бір-бірімен байланысты.
«Адамның күні адаммен» дейді халық даналығы. Бірақ айналаңмен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап, «өзгелерді өзің сыйлап, өзіңді өзгелерге сыйлату» (М. Шоқай) үшін адамға да, қоғамға да Д. қажет. Д-ке ұмтылу – өмір сүрудің мәні, тіршілік заңы. Таным процесінде құбылыстардың өзара байланысын, бір-біріне ықпалын көрсету және олардың өзіндік сипатын, Д-гін ашу негізгі міндеттердің бірі болып табылады.


ДЕРЕК 1) хабар-ошар. Әдетте, бұрыннан көпшілікке белгілі, таныс нәрсе туралы мағлұматқа, жаңалыққа және т. б. қатысты қолданылады;

    1. ғылымдағы ізденіс нәтижесі, табылған мәлімет, оқиғалар дәйегі, ғыл. дәлел; 3) логика мен ғылым методологиясындағы эмпирикалық білімдер- дің түйіні, айрықша ой қорыту бітімі; 4) ЭЕМ-дерде сақталатын мәлімет. Сондай-ақ, арнайы әдебиетте «заңи Д.» деген тіркес те кездеседі. Ол құқықтық қарым-қатынастардың пайда болып, өзгеруіне не тоқталуына

207

себепші жағдаятты бейнелейді. Заңи Д-тер оқиғаларға, яғни адам еркінен тыс мән-жағдайларға (зілзала, кесімді мерзімнің өтіп кетуіне, т. б.) және іс


-әрекеттерге, яғни адамның өз ырқымен, көбінесе, заңсыз жасалатын мән- жайларға (қылмысқа, тәртіп бұзушылыққа, т. б.) бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет