Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Мәдениет фило- софиясы



бет154/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Мәдениет фило- софиясы. Астана: Аударма, 2006. Т. 19; Мәдени-философиялық энциклопедия.
Алматы, 2007.


ДЕТЕРМИНИЗМ (лат. determine – анықтаймын) – дүние құбылыс- тарының объективтік заңдылықтық өзара байланысы және өзара шарт-


209

тылығы туралы филсоофиялық ілім. Бұл ілімнің ішкі арқауын себептілік ұғымы құрайды: өзара байланысып тұтасып жатқан құбылыстардың бірі (себеп) екіншісін (салдары есебінде) белгілі бір жағдайларда қажетті түрде тудырады, дүниеге келтіреді. Осыдан барып кейде Д. мен себептілік ұғымдарын синоним ретінде қолдану қалыптасқан. Алайда, Д. ұғымының шеңбері әлдеқайда кең, оның құрамына себептілік ұғымымен бірге заң және заңдылық, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындық, ықти- малдылық сияқты ұғымдар байланысын себептілікке сайып қою Д. ілімінің мазмұнын кедейлендіріп, сыңаржақ түсінікке жетелейді. Философия мен ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде (атап айтқанда XVII–XVIII ғғ.) дүниенің механикалық суреттемесі орнығып, сыңаржақ механикалық Д. басымдық танытады. Бұл көзқарасты атақты француз ғалымы П. Лаплас классикалық ғылым мен философияның түсініктеріне орай былай қорытады: егер де бір ұлы ақыл иесіне барлық құбылыстардың бастапқы жағдайлары мен оларға әсер ететін күштер белгілі болса, онда механика заңдарын жетік меңгерген ол үшін дүниеде бәрі де – өткені де, болашағы да – ап-айқын болар еді, белгісіз ештеңе де қалмас еді. Мұндай тұжырым тарихтан лапластың Д. деген атаумен әйгілі. Статистикалық механиканың, математикада ықти- малдық теориясының, биологияда эволюция теориясының кванттық физи- каның дамуына орай мұндай көзқарастың тарихи шектеулілігі анықталады. Осыған байланысты Д. ілімі және оның негізгі арқауы болып табылатын себептілік ұғымы тұғырдан тайды, құрдымға кетті, дәрменсіздігін білдірді деген қорытындылар жасалып, XIX ғ. соңына XX ғ. басында индетер- министік көзқарас басымдық таныта бастаған болатын. Қазіргі философия- лық тұжырым бойынша, кең мағынасындағы Д. ілімі өз күшін жойған жоқ, тек оның категориялық құрылымының күрделілігін, дүние құбылыстарына тән байланыстардың, заңдылықтардың, қасиеттердің көптүрлілігін ескер- ген жөн. Сонда Д. принципінің әмбебаптығын, оның қазіргі ғылымдағы методологиялық маңызының пәрменділігі ашыла түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет