Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет155/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Парнюк М.А. Принцип детерминизм в системе материалис-
тической диалектики. Киев: Наукова думка, 1972; Сабитов М.С. Диалектика необходимости и случайности в квантовой механике. Алма-Ата: Ғылым, 1974.
ДЖЕМС Уильям (1842–1910) – амер. психологі және философы, прагматизмнің негізін салған. Метафиз. тәсілдің негізсіз екенін ұғына отырып, Д. оған диалектиканы емес, иррационализмді қарсы қойды. Д.
«сан ағысы» ретінде қарастырған психикалық зерттеулерінде ырықтылық және эмоциялық негіздердің рөлін баса көрсетті. Ақиқаттың объективтік ұғымын прагматиктік пайдалы әрекет, мүдделерге сәйкестік ұстанымымен алмастыра отырып, Д. дәлелдеуге және ғыл. негіздеуге болмайтын наным құқын қорғады. Д-тің «радикал эмперизмі» іс жүзінде нақты шындылықты
«таза тәжірибеге», санаға субъективтілікпен телу деп, ал «бейтарап монизмі» материя мен рухты нақты сол «тәжірибенің» екі жағы деп қарайды. Д. дінді қорғады және Нью-Йоркте өзі құрған мистикалық «тәжірибені зерттеу» жөніндегі арнаулы ұйымға белсене қатысты.
Әдебиет: ХХ ғ философия. Әлемдік энциклопедиясы. – Москва-Минск,
2002.


ДЖЕНТИЛЕ Джованни (1875–1944) – итал. философы және саясатшы. Муссолини үкіметінің ағарту министрі. Рим ун-тінің проф-ры. «Маркстің философиясы» еңбегінде марксизмді сынады. Д. Гегельдің ілімін қайта қарап, «актуализм» жүйесін – неогегельшілдіктің субъективтік-идеалистік бір түрін жасады. Д. бойынша, мәнді нәрселердің бәрі – әрқашан актуальді, белсенді; оның шығармашылық кеңістік пен уақытқа байланыссыз Д-ның материясы – өлі, енжар болса да, ой мен бірлікте. Солипсизмнен аулақ болу үшін Д. универсалды «мен» ұғымын енгізеді. Нақты шындық индивидуалдық сананың идеяларына қатыссыз, қайта әлемдегі өзінен тыс трансценденталдық негіздің таза ойлануы болып табылады, ол өзінің қалыптасу үдерісінде барлық қарама-қарсылықты жеңіп шығады. Әлеум.- саяси көзқарастарында либерализмнен фашизмге қарай ойысты, адам- гершілік рухының жүзеге асуы ретіндегі тоталитарлық мемлекеттің уағыз- шысы болды, жеке адамдарды мемлекетке жаппай бағынуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет