Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Диалектическая логика, кн. 4. – А.-А., 1985–87; История диалектики, кн. 2. – А., 2000; Абдильдин Ж.М., Собр. соч. в 5-ти томах. – Аст., 2000–01



бет158/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Диалектическая логика, кн. 4. – А.-А., 1985–87; История диалектики, кн. 2. – А., 2000; Абдильдин Ж.М., Собр. соч. в 5-ти томах. – Аст., 2000–01.


ДИАЛОГ (грек. dіalogos – сөйлесу, сұхбаттасу) – мәдениеттануда белгі- лі бір мақсат пен міндетті шешуде өзара қайшылықты көзқарасы болса да, соған қатысушылардың байланысын, бірге жұмыс істеуін айтады. Мәдениет Д-ы – мәдени жүйенің (құбылыстың) байланыс үдерісі, соның нәтижесінде әрбір мәдениет өзінің ерекшелігін сақтап, өз орнын айқындайды. «Мәдени әлемнің» бірін-бірі байытатын Д-ы олардың дамуының негізін қалайды.


214

Олардың өзара байланысы, құндылықтары, қалыптары дәстүр үндестігінің сырын ашып, әрбір мәдениет өзінің қайталанбас қуатын таниды. Дамушы, бірін-бірі толықтырушы Д-тың негізі – өзара байланыста, қарым-қатынаста болған мәдениеттердің өзін тануы, мәдениеттің тарихи танымы, өмір сүру салты, сондай-ақ, әртүрлі мәдениеттер арасындағы «теңсіздік».


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Мәдениет философия- сы. – Астана: Аударма, 2006. Т. 19.; Нысанбаев А. Независимость. Демократия. Гуманизм. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


ДИАСПОРА – әлеуметтік ғылымдарда ұлттың ата жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігі. Д. күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экон. және геогр. факторлардың әсері салдарынан пайда болады. «Д.» термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б. VI ғ-дың басында Вавилон патшасы Навиходоносор ІІ-нің, одан соң б.з. І–ІІ ғ-ларында римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаған. Кейінірек «Д.» термині басқа этн. қауымдастықтар мен діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Д. өзі тұрып жатқан елдегі аз этн. топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыс- та болуға тырысады. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми айналымға енгізген және негіздеген Ә. Нысанбаев болды. Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 млн.-ға жуық қазақ Д-сы тұрып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет