Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет153/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ДЕСТРУКЦИЯ – М. Хайдеггердің фундаменталды онтологиясының негізгі ұғымдарының бірі. Бұл ұғымды Хайдеггер Гуссерльдің жас кезіндегі философиясына, әсіресе, оның феноменологиялық редукция тәсіліне қарсы пайдаланады. Егер бұрын Декарт, Кант философиясында сана абсолютті құбылыс ретінде дәріптелсе, Гуссерль сананың белгілі бір объектіге бағытталғанда ғана өз-өзін толтыратынын ашып, идеализмге үлкен соққы жасады. Мысалы, сіз Декартты оқымасаңыз, сізде Декарт философиясы туралы түсінік болмайды. Сол сияқты табиғаттың белгілі бір құбылысы туралы ойланбасаңыз, ол туралы да сізде түсінік қалыптаспайды. Демек, санаға тумысынан түсіну қабілеті беріледі де, оның орындалуы сананың ыждаһатына, белгілі бағытта жұмыс істеуіне байланысты. Демек, Гегельдің абсолютті рух туралы ілімі жалған. Себебі бүкіл таным жұмысы жеке саналардың қызметіне байланысты. Міне, осы тұрғыдан Гуссерль бұрынғы филос. дәстүрге алаңдаудың қажеті жоқ, бұрынғы түсініктерді жақшаға шығарып, өз қабылдау мүмкіндігіңе қарай жаңаша түсінік қалыптастыр дейді. Феноменол. редукция дегеніміз осы. Себебі редукция деген сөз орнына қайту, қайтадан бастау деген мағынаны береді. Егер Гуссерль феноменол. редукция ұғымы арқылы әрбір философтың өзінше көзқарас қалыптастыруға ерікті екенін дәлелдесе, Хайдеггер бүкіл бұрынғы филос. дәстүрді жоққа шығарады. Себебі бұрынғы классик. философияда болмыстың дауысын тыңдау, болмыспен сәйкестікте болу жоқ дейді. Демек, болмысты ұғынудың бұрынғы жолдарын жақшаға алу керек. Егер класси- калық философия бар нәрсе туралы іліммен шектелсе, Хайдеггер бар нәрсенің өзегі уақыт дейді. Әрбір бар нәрсе тек уақыт ішінде бар, уақыты таусылғанда жоқ болады. Яғни, болмыстың мүмкіндігі уақытта. Сондықтан бұл ұғымдар бір біріне етене жақын. Хайдеггер ойынша Д. үш әрекеттен құралады: а) редукция, бар нәрседен болмысқа қайта оралу; б) конструкция, немесе болмыс түсінігін қалыптастыру; в) деструкция, немесе дәстүрлі түсініктерді жаңаша түсінікке сәйкестендіру. Сонымен, Д. редукциямен де, конструкциямен де шектелмейді. Д. арқылы ғана онтология өз ұғымдары- ның шынайылығын аша алады. Бұл әрекет дәстүрлі метафизикалық ұғым- дарды бір уақытта пайдалану мен өшіруіне байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет