Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет178/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ЕУРООРТАЛЫҚТЫҚ – философия мен мәдениетанудағы адамзат өркениеттілігінің басты құндылықтары тек Батыс Еуропада қалыптасты дейтін ұстаным. Е-тың түп-тамыры антикалық өркениетті варвар-тағыларға қарсы қоюдан бастау алады. Бұл ұстаным бойынша, бүкіл Шығыс енжар, әрекетсіз, тұлғасыз, мүлгіп жатқан өркениеттілік үлгілерін ғана дүниеге әкелді. Адамзат мәдениетінің шынайы бастауы тек Ежелгі Грекиядан нәр алады. Орта ғасырларда Е. ұстаным христиандық-батыстық үлгілерді ғана мәдени құндылықтар деп есептеген католицизмге тән болды. Жаңа заманда Е. көзқарастар Батыс елдерінің отаршылдық пиғылдарын бүркемеледі. Крест жорықтары мен географиялық жаңа ашулар, қатігез отарлық соғыстар, Еуро- падағы индустриалдық қоғамның жетістіктері тек бір ғана үлкен әріппен жа- зылған Еуропа өркениеті бар деген көзқарастарды тудырды. Ағартушылық мәдениеттің өкілдері білім мен мәдениетті теңестіріп, еуропалықтардың басқа «надан» және «таза» халықтарды өркениеттендіру миссиясы туралы айтты. Мәдени прогресс деп олар еуропалық өркениеттің әлемнің барлық түкпірлерінде жеңіске жетуін (вестернизация) қабылдады. Еуропалық ағар-


239

тушылықтың кейбір өкілдері (Монтескье, Вольтер, Гердер, Гете) Е-тың әсіреленген түсініктерінен бас тартып, бірегей жалпы адамзаттық мәдениет тарихы идеясын ұсынды. Егер Гердер Шығыстағы табиғи-идиллиялық бас- тауларды сөз етсе, Гегель адамзат руханилығының таралуындағы Иран, Үндістан, Египет мәдениеттерінің рөлін жоғары бағалады. О. Шпенглер мен Леви-Строс Е. мәдени жүйенің дағдарыстарына басты назар аударды. Алайда, еуропалық мәдениеттану Е. көзқарастардан ХХ ғ-да да арылмады. М. Вебер еуропалық рационалдықты басты ғылыми әдістеме деп қарастырды. Э. Трельч Еуропадан тыс этникалық өзіндік сана бітімдері жоқ, тек Еуропада тұлғалылық бар деп есептеді. Оның пікірі бойынша, антикалық- жерортатеңіздік мәдениеттерден бастау алатын ағылшын-саксондық және романдық өркениеттер серпіні ғана әлемді біріктіре алады. Ол әлем өркениеттілігі үшін «сары нәсіл» қауіптілігін жариялайды. Е. ұстанымның белгілі бір нышандары С. Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы» және Ф. Фукуяманың «тарихтың ақыры» ілімдерінде байқалады. Алайда, қазіргі әлемдік мәдениеттануда Е. көзқарастардың шектілігін түсіну басым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет