Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.
ИНТУИЦИЯ (орта ғасыр. лат. іntuіtіo, лат. іntucor – қадағалап қарау, үңілу) – алдын ала әр түрлі дәлелдеу арқылы талдауларға сүйенбестен ақиқатқа тікелей жету. И. тікелей интеллектуалдық білім түрі (интел- лектуалдық интуиция) ретінде қабылданды. Декарт өз ілімінде интуитивті түрде табылатын, дәлелдеуді керек қылмайтын айқын, ақиқат танымды И. мағынасында қарастырды. И. мен дедукцияны ақиқатты ашудың басты құралы деп біледі. Спинозаның пікірінше, танымның үш түрі болады: ең төменгісі сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады; одан кейінгісі ақылға сүйенеді, бірақ әр түрлі дәлелдеуді керек етеді; ең жоғарғысы да ақылға сүйенеді, бірақ дәлелдеуді керек қылмайды, заттың мәнін бірден ашып береді. Бұл – И. болып табылады. Интеллектуалдық И. танымының ең жоғарғы түрі деп танылады. Фейербах И-ны танымның сезім арқылы әсерлену түрі деп таниды. И-ны организмнің ешқандай алдын-ала түсіндірілмей келетін инстинктік қалыбы ретінде (Бергсон), шығарм.-тың санасыз келетін алғашқы шарты (Фрейд) деп те тану ғылымда орын алған.
Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.
ИРРАЦИОНАЛИЗМ (лат. іrratіonalіs – ақылға қонымсыз, санадан тыс)
– табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық қағида. И. ағымын ұстанған ғалымдар К. Ясперс, К. Юнг және тағы басқалар. Мәдениеттің табиғаты,
297
оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың
«өмір философиясында», Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты. И. мәдени-тарихи процестігі негршілдік, үндіс- шілдік арабшылдық т. б. осы сияқты концепцияларда қолданылады. Мыс., негршілдік бағыт батыстың салқынқанды-рационалистік мәдениетінен өзгешілігі бар негр-берберлердің құндылықты-сезімтал мәдениетінің де өмір сүру құқы бар екенін көрсетіп беріп отыр. Мәдениетке дамыған сезім- талдықпен қарайтын И. көзқарас дүниетанымы тұтастығымен ерекшеленеді, ал, әлеуметтік бағытта бір-біріне көмек пен әділдік негізін қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |