Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова және т. б. – Алматы, 2007.
СОРОКИН Питирим . (1889–1968) – орыс-американ социологы, эсер партия- сының бастушысы. 1920 жылдан бастап Петроград университетінің социо- логия кафедрасының профессоры болған. 1922 ж. эмиграцияға кетіп, 1923 жылдан кейін АҚШ-та өмір сүрген. 1930–59 жылдар аралығында Гарвард университетінің социология факультетінің деканы болған. 1964 жылдан бастап Американдық социол. ассоциацияның төрағасы болған. С-нің шығар- маларының орталық тақырыбы – әлеуметтік-мәдени динамика. Оған төрт томдық «Әлеуметтік және мәдени динамика» деген еңбек арнаған. С. өз ізденістерінде макросоциологиялық әдісті пайдаланады, сөйтіп мәдениет- тер мен өркениеттерді зерттеудің атомарлы өлшем бірлігі деп қарастырады. С-нің түсінігінде мәдениет мәндік жүйе, ол қоғамды біріктіруші (интегра- циялаушы) құндылықтардан тұрады. С. мәдениет пен өркениетті тепе- тең ұғымдар деп түсінеді, сондықтан да ол мәдениеттер мен өркениеттер- дің 3 түрін қарастырады: сезімдік тип (өмірдің сезімдік бейнелері басым); идеационалды тип (рационалды ойлау басым); идеалистік тип (таным-ның интуитивтік түрі басым). Бұл 3 типтің бөлініп шығуына идеологиялық бір- тұтастықты қалыптастырушы діни, философиялық, этикалық-эстетикалық мән-мағыналар мен ғылымдағы құндылық – нормалар болып табылады. Идеология өзін материалдық мәдениет заттарында, мәдени тұлғаның іс-әрекетінде жүзеге асырады. Әрбір мәдениеттің өзіндік идеологиясы бола тұра олар өз алдында ең ірі мәдени супержүйелер идеологиясына бағыныштылық танытады. Мәдени супержүйелер идеологиясы, одан туын- дап жатқан принциптер көпшілікке ең ортақ ақиқат болып табылады. Ең шынайы және ақырғы ақиқат, ең басты құндылық неде деген сұраққа беріл- ген үш түрлі жауапқа қарай мәдениеттер, супержүйелер жоғарыда аталған үш түрге бөлінеді. Мәдениет дегеніміз С. үшін әртүрлі құбылыстардың қалай болса солай біріккен қосындысы емес, барлық бөлшектері
бір негізгі принципке бағынышты орналасқан біртұтастық. С. тарихи-мәдени үдерісті жоғарыда аталған мәдениеттің үш типінің бірін бірі алмастырып отыратын циклі деп түсінеді. Қоғамға мәдени қасиет беретін құндылықтар жүйесі адам табиғатының екіжақтылығынан туындайды, себебі адам тек сезінетін ғана емес, сонымен қатар ойлана білетін тіршілік иесі. Осыған байланысты әртүрлі мәдениет құндылықтары, қағидалары қалыптасады. Мәдени-әлеуметтік динамиканың, өзгерістердің маңызды факторы болып доминантты мәдени супержүйенің ыдырауы табылады. Мәдениет типінің түбегейлі өзгеруіне терең күйзелістер, соғыстар, төңкерілістер де әсер етеді. Қазіргі батыс мәдениетінің жай-күйін С. де дағдарыс күйі деп суреттейді. Дегенмен Шпенглер сынды тым пессимистік сарынды алға тартып, бүкіл батыс өркениетін өлімге байламайды. Оның айтуынша еуропалық мәдениет өзінің «сезімдік» типінің дағдарысына ұшырап отыр. Соның нәтижесінде енді идеационалды мәдениетке өтуге алғы шарттар жасалады дейді С.
Достарыңызбен бөлісу: |