Әдебиет: Общение и личность. – А., 1996; Энциклопедический словарь по культурологии. – М., 1997.
477
ТҮСІНУ – ойлау әрекетінің нәтижесінде белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мағынасы жайлы ой-тұжырымға келу. Т. мүмкіндігімен сан алуан құбылыстардың себеп-салдарын, елеулі белгілерін, өзара байланысын, маңызы мен мағынасын ұғынуға болады. Басқа адамның амал-әрекетінің, ой-пікірінің мазмұнын ұғынуда, кез келген ақпаратты қабылдап, оған лайық ой түю Т. арқылы жүзеге асады. Т-дің арқасында адам қоғамдық және мәдени ортада, өзара қарым-қатынаста, ақпараттық кеңістікте өз орнын, өзіндік ой- пікірінің лайықты мүмкіндігін айқындайды. өзгенің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын түсінбей тұрып, өзіндік ой-пікір тұжырымдау, қарым-қатынасқа түсу мүмкін емес. Сондықтан Т-дің алғышарты өзгемен санасу, оны мұқият тыңдау. Ғылымдағы Т. жүзеге асуы үшін арнаулы методол. ережелер, логик. қисындар, ғыл.-теор. нәтижелер пайдаланылады. Мәселені дұрыс түсіну үшін адамға тиянақты, саналы білім, ақыл-парасат, дағды қажет. Т. үшін мәселенің негізгі мәнін іздеу, түйінін шешетін сұрақ қоя білу, дәл тұжырымдау, жалпылау, топтастыру, т. б. шарттарды орындау керек.
ТҮРІКШІЛДІК – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым. ХІХ ғ-дың соңына қарай қар- қын алды. Сол тарихи кезеңде Т-ті насихаттаушылардың көш басында И. Гаспринский тұрды. Ол Т-і «Тілде, пікірде, істе – бірлік» деген ұранмен шығарған өзінің «Тәржіман» газеті арқылы насихаттады. Т-ті Түркияда насихаттауда Ю. Акчурин белсенділік танытты. ХХ ғ-дың басында Ресей империясының қол астында отарлық езгінің тауқыметін тартқан түркі халықтарының азаттық қозғалысының өрбуіне Т. елеулі дәрежеде ықпал етті. Бірінші орыс революциясы кезінде негізінен түркі халықтарының өкілдері қатысқан бүкілресейлік мұсылман съезі 3 рет өткізіліп, түркі халықтарының мүддесін қорғау мақсатында «Ресей мұсылмандары одағы» атты партия құрылды. Ә. Топчибашев, А. Ибрагимов, С. Мақсұдов секілді қайраткерлер Т-тің ықпалымен түркі халықтарының мүддесін қорғау жолындағы әрекеттерін күшейтті. Уақытша үкімет жағдайында түркі халықтарының саяси әрекеттерін үйлестіріп отыру мақсатында Бүкіл- ресейлік мұсылмандар кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестік билік орнағаннан кейін Т. реакциялық пиғылдағы ағым ретінде бағаланып, оны насихаттауға қатысы бар деген азаматтар ашық қуғындалды. Көрнекті татар қайраткері М. Сұлтанғалиев осындай қуғындаудың құрбаны болды. Сол кезде Түркияда Т-ті насихаттаушы тұлға ретінде Зия Гөкалп танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |