Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет44/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   390
Байланысты:
treatise187525

64


АПОЛОНИЙЛІК ЖӘНЕ ДИОНИЙСИЛІК – Ф.Ницшенің адамдық болмыстың екі бастауы мен мәдени типтерді сипаттауға байланысты енгіз- ген ұғымдары. Бұл типтер ойшылдың «Музыка рухынан трагедияның туындауы» атты еңбегінде тұжырымдалған. А. және Д. бастамалары мифол. шығарм.-тың қиялдық бейнелері емес, олар бір болмыстың екі қыры ретінде табиғаттың өзінен нәр алып, көркем өнер тұлғасының бойында тылсымдық бастау ретінде оның ырығын билейді. Бірін-бірі толықтыра отырып, А. және Д. мәдениет ежелгі грек болмысының ғарыштық тұтастығын құрастырады. А. бастау – жарық, салқынқанды пайымдаушы, сыншыл және рационалдық бітімде болып келсе, Д. – қызу, күңгірт, шығарм.-сезімдік, органикалық- иррационалдық түрде айқындалады. Д-ді А-ның басуы трагедияға әкеледі, ал трагедия, Ницше бойынша, мәдениет дамуының қозғаушы күші болып табылады. Кейінгі Еуропада рационалдық жеңіс рухани мәдениеттің құлдырауына әкеледі. Аполлондық бастау, Ницше бойынша пластикалық өнердің бейнелерінде ұяланады. Аполлон – үйлесімділіктің құдайы және бүкіл болмыс формаларынан әсемдікті тапқысы келеді. Бірақ бұл әсемдік кейбір жағдайларда химералар тәрізді, адамды ұйқыдағы түс көру мен елес сияқты шатастырып кетуі де мүмкін. Аполлон жеке тұлғалық принципін жүзеге асырады. Сократ сөзімен айтқанда, «Өзінді таны!» дейді. Д. бастау музыка өнерімен түбірлес келеді. Оны түсіндіру мақсатында Ницше мас болу мен түс көруден мысалдар келтіреді. Мүлгіген тұлғалық санада бейнелер калейдоскоптағыдай қисынсыз ауыса бреді. Дионис – әлемнің жүрегі, оның сағынуы мен асқақтануы. Ретсіз хаостан да ырғақ табуға болады. Д. мәдениет адамның тылсым дүниесінің шексіздігін білдіреді. Д. экстаз тоқтаусыз қайнап жатқан тіршілік ағына ену болып табылады. А. және Д. м. адамзаттың рухани тарихындағы әсерлі, әрі мазмұнды символдарға жатады. Әдебиет: Ницше Ф. Трагедияның музыка рухынан туындауы. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет