Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет279/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   390
Байланысты:
treatise187525

383


МОДЕЛЬ (фр. Modele – үлгі, пішін) – зерттеу үшін арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта жаңғырту. Бұл М. деп аталады. Объектінің өзін тікелей зерттеу мүмкін болмаса, қиын әрі қымбатқа түссе не көп уақыт жұмсауды қажет ететін болса онда М-дің қажеттігі туады. Зерттеушіні қызықтыратын объекті мен оның моделінің арасында белгілі бір ұқсастық болуы тиіс. Ол М. мен объектінің физ. сипаттамасындағы ұқсастық немесе объекті деп М. атқаратын қызметтің ұқсастығына, не объекті мен оның М-інің «мінез құлқының» матем. түсін- дірмесінің тепе-теңдігі болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда М. өзінің рөлін объектіге сәйкестігін мүмкіндігінше толық анықтағанда ғана орын- дай алады. Мұдай сәйкестікті анықтаумен кейбір «ұқсастық критерий- лерін» зерттейтін «ұқсастық теориясы» деп аталатын теория шұғылданды. М-дің табиғатына және ол сәйкес келуге тиісті объектінің жақтарына байланысты модельдерді «физикалық» не «математикалық» деп ажыратады.
«Физикалық» М-ге қарағанда «математикалық» М. модельденетін объекті- ден гөрі физ. табиғаты өзгеше сипаттама түрінде іске асырылуы мүмкін. Тек объектінің модельденетін қандай матем. формулалармен түсіндірілсе, модельдің белгілі жақтары да сол формулалармен түсіндірілуі міндетті. М-дер мондай ақ «толық» немесе «жарым жартылай» болуы, объектінің кейбір қасиеттерін немесе оның орындайтын қызметін көрсетуі мүмкін (соңғы жағдайда М. функционалдық деп аталады) және т.с.с. Алайда түрлі М-дердің арасындағы шекара шарты айтарлықтай болып келеді. Қазіргі кезде электрондық есептеу машиналарында және М-деуші электрондық құралда М. кең өріс алды. Мұндай «М-дердің» негізгі артықшылығы олардың әмбебаптығы, қолайлылығы шапшаңдығы, және зерттеуге кете- тін шығынының аздығы. Табиғатты түрліше объектілерде (ең алдымен тірі организмдермен машиналарда) жүзеге асатын қызметтердің негіз- делген М-деу әдісі кибернетиканың негізгі бір бөлігі болып табылады. Экономиканың матем. М-дерін жасаудың (және соның негізінде экон. үдерістерді алдын ала болжаудың және оларды ЭЕМ-ді пайдалану арқылы басқарудың), күрделі және аса күрделі жүйелерді (экон. және демогр. үдерістерді) модельдеудің үлкен маңызы бар. ЭЕМ-нің көмегімен матем. М-дің жетістіктері алдын ала белгіленген жаңа хим. және биол. материал- дар, тех. жүйелер жасау үшін тікелей тәжірибелер (М-дік тәжірибе) қол- дану қажеттігінен құтылуға мүмкіндік береді. Ойлау үдерісінің М-і жалпы. ғыл. танымның бір тәсілі ғана. Сезімдік және логикалық М-дер жасау үдерісінің негізгі заңдылықтары таным теориясының түрлі тарауларында (ең алдымен ақиқат жайлы ілімде) зерттеледі; оның жетістіктері М.-дің ғыл.тех. теориясы мен практикасының негізін құрайды. Бұлардың диалект. таным теориясын одан әрі дамытып, нақтылай түсудегі маңызы үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет