НЕОМИФОЛОГИЯЛЫҚ САНА, жаңа мифологиялық – ХХ ғ. мәдени ментальдылықтың бір бағыты. Ғасыр басындағы символизмнен басталып постмодернизммен аяқталады. Н. ХІХ ғ. позитивистік санаға жауап ретінде пайда болды. Н.С. мәні – мәдениеттегі классикалық және архаикалық мифтерді зерттеуге көп көңіл бөлуінде. Сол сияқты мифол. сюжеттер мен мотивтер көркем шығармаларда кеңінен қолданыла бастайды. Осының бір мысалы У. Фолкнердің «Улисс» романы. У. Фолкнер қосымша фон ретінде Одиссей туралы және соған ұқсас мифтерді қолданады. ХІX ғ-дың 20 жылдарынан, яғни әдебиетте модернизмнің гүлденген кезінен бастап, әрбір көркем мәтін тікелей немесе жанама түрде мифті қолдану негізінде құрылған. М. Булгаков «Мастер мен Маргарита», Т. Манның, Г. Гессенің, У. Фолкнердің, Ф. Кафканың, Дж. Апдайктың шығармаларында мифті жиі қолданады. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романында басқа да шығар-маларында мифтерді қолданды. Шығарма сюжетінде миф ретінде тарихи аңыздар, тұрмыстық мифология, мәдени-тарихи шындық, өткен дәуір-лердің көркем мәтіндері көрініс табады. Бұл ХХ ғ. көркем мәтінінің өзі мифологиялық сипат алуына әкеледі. Мыс., Г. Маркестің «Жүз жылға созылған жалғыздық» шығармасы.
НЕОРЕАЛИЗМ,жаңареализм – ХІХ ғ-дың аяғы ХХ ғ-дың басында Еуропада қалыптасқан философиялық ағым. ХІХ ғ. соңындағы италиян әде- биетінің реалистік дәстүрлеріне сүйене отырған италиянның жазушылары мен кинематографистері өз шығармаларының бас кейіпкерлігіне әлеуметтік өмірдің реалды жағдайларында өмір сүрген қарапайым адамды соғыстың сұмдықтарына, соғыстан кейінгі қайыршылыққа және жұмыссыздыққа қар- сы тұрған қала мен ауыл адамын таңдады. Н-нің манифесті Р. Росселинийдің
«Рим-ашық қала» (1945), Дж.де Сантиса «Рим сағат онбір», Л. Висконтидің
«Рокко және оның ағалары», П. Джермийдің «Сицилия аспаны астында», В.де Сиканың «Велосипед ұрлаушылары» болып табылады. Н. әдебиетінде негізгі жанр «лирикалық құжат», яғни өз негізінде өмірбаяндық сәттерді көркем ой-қиялға ұластыра баяндау болды. Бұған мысал ретінде В. Пратолиний- дің «Квартал» және «Отбасы тарихы», К. Левийнің «Христос Эболиде тоқ- тады» романдарын, Э. де Фелипоның «Неаполь – миллионер» және «Ұзын сирақты өтірік» пьесаларын келтіруге болады.