Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет344/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Шығарм.: Феномен человека. М., 1987. Әдебиет: Левада Ю.А. «Феномен Тейяра» и споры вокруг него. // Вопросы философии, 1962; Зеньковский В.В.
464


Основы христианской философии. Т. 2. – М., 1964; Бабосов Е.М. Тейярдизм: попытка синтеза науки и христианства. М., 1970; Сахарова Т.А. От философии существования к структурализму. – М., 1974.


ТЕКСТОЛОГИЯ (лат. textum – мата, киім, байланыс, өрме, грек. Logos
– ілім) – филология, әдебиеттану, тарих және мәдениеттануға көмекші пән. Ол жазба мұраларының ең көнелерін жинақтап, басын біріктіріп, жариялаумен, әдебиет пен фольклорды зерттеумен айналысады. Т. көне мәтіндерді атрибуциялау, яғни, олардың қай тарихи дәуірге тиесілі екендігін және қай авторға тиеселі екендігін анықтау ісімен қатар сол мәтіндердің мазмұнын талдап талқылайды.
Әдебиет: Бахтин М.М. Проблема текста в лингвистике, философии и других гуманитарных науках // Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества.
М., 1979; Руднев В.П. Основания философии текста // Научно-техническая информация. Сер. 2. – М., 1992.


ТЕХНИКА (грек. Techne – өнер, шеберлік, машық, кәсіп) – қоғам мен табиғатты байланыстырып жатқан феномен. Т-ны кең және тар мағы- насында қарастыруға болады: тар мағынасында Т. – индустрия, өндіріс, кәсіп дегенді білдіреді (экономикалық Т., өндірістік Т., әскери Т., машина
– жабдықтар, тұрмыстық Т. т. б.), кең мағынасында Т. деп өнерді, шеберлік түрін айтады (ойлау Т., бейнелеу Т., би-өлең Т., т. б.). Т-ның мәні адамға аз күш жұмсатып, көп нәтижеге жеткізуде жатыр. Т. мәдениеттің негізін қалайды. Адам Т-ға өзінің адам ретінде қалыптасуымен қарыздар. Бірақ Н. Бердяевтің «Техника туралы сұрақ адамзат пен оның мәдениетінің тағдыры туралы сұрақ» дегенін естен шығармаған дұрыс. Расында да қазіргі техниканың даму қарқыны, оның игі әсерімен қатар кері ықпалының көбеюі ақылы бар адам баласын ойландырмай қоймайды. Батыста Т-ны философиялық – мәдениеттанушылық ізденістердің нысанасына айналдыру И. Бекманның «Технология туралы нұсқау немесе мануфактура, фабрика және шеберлікті тану» (1777 ж.), Э. Капптың «Техника философиясының негіздері» (1877 ж.) атты шығармаларының дүниеге келуімен байланысты жүріп отырды. Бұл екеуінің Т. концепциясы «органопроециялық» сипатқа ие болды, өйткені олар Т-ны адамның өз органдарын, дене ағзаларын табиғи материалға проекциялау нәтижесі деп түсіндірді. Мыс., экскаватор – үлкен алақан уысы; автомобиль – желаяқ және т. б. Т. тақырыбын Дессауэр, Хайдеггер, Ясперс шығарламарынан да көптеп кездестіреміз. Мыс., Хайдеггердің айтуы бойынша, Т. – адамның өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі әрі сол арқылы болмыс қыр-сырын, жұмбағын шешу жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет