Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет343/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ТЕОСОФИЯ (грек. theos – Құдай, sophіa – даналық, білім – құдайтану)
– Құдайды сиқыр, сыр арқылы, басқа әлеммен байланысу арқылы тануға


463

болады деп сенетін ағым. Т. шіркеу догматтарын мойындамайтын, тіке- лей ішкі тәжірибе, мистик. интуиция арқылы Құдайды тануға болады деп білетін көзқарас. Т. өкілдері анимизм, космология, астрологияның қағидалары мен білімдерін пайдаланып, адам санасының тылсым сырларын зерттеп, билеуге тырысады. Т. өкілдері қатарында Е. Блаватскаяны (1831– 1891) атауға болады. Ол амер. Г. Олкотпен бірігіп, 1875 ж. Нью-Йоркте


«Теософиялық қоғам» құрып, «Құпиялы доктрина» (1888), «Теософия кілті» (1889) атты кітаптар жариялады. Т-ны адамның жаны мен тәніне, табиғатқа астарлы формулаларды, буддизм, брахманизм, т. б. ағымдардағы тәсілдерді пайдалану арқылы үстемдік ету деп тануымен оккултизмнің бір түрі деуге болады. Т. схоластик. негізден ажырап, сиқыр, сыр арқылы діни сенімнің дәмін татуға бейім діндарлықтың жаңа түрі.


ТЕЙЯР ДЕ ШАРДЕН Пьер (1881–1955) – француз палеонтолог ғалы- мы, философ және теолог. 1899 жылдан иезуиттер орденінің мүшесі, 1911 жыл- дан шіркеу қызметкері. Т-нің адам және әлем туралы көзқарастары орто- доксты томистік көзқарастарға ұқсамайды, өйткені ол «христиандық эво- люционизм» концепциясын қалыптастырды. Әлемнің эволюциялық даму ерекшеліктерін ескермеуге тырысқан діни ілімдерден өзгеше түсініктеме бергені үшін Т-ді шіркеу басшылары сабақ беруден аластатып, филос.- теологиялық шығармаларын жарық көрсетуге тыйым салған болатын. Дегенмен де, 1960-шы жылдардан бастап оның көзқарастарын көптеген модернистік ағымдардың өкілдері кең қолдана бастады. Т. адамның пайда болуына алып келген әлемнің эволюциясын діни тәжірибе мен ғылымның қол жеткізген жаңалықтарын біріктіре отырып анықтауға тырысты, сөйтіп
«ғылыми феноменологияны» жасамақшы болды. Күрделі ұйымдастырыл- ған сана мен руханилық иесі адамды Т. бүгін ғарыштың алдын-ала жос- парланған эволюциялық дамуының нәтижесі деп түсіндіреді. Т. концеп- циясына пантеизм, яғни, бүкіл тіршілікке ыдыратылған құдай идеясы тән. Т. бойынша құдай – «универсуум құрылымының» әрбір бөлшегінде ерекше рухани күш жігер түрінде көрсетілген, ол эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші болып табылады. Әлемдік эволюцияны Т. бірін- бірі алмастырған төмендегідей сатылардан өтеді деп біледі: «өміралды»,
«өмір», «ой» және «шалғай өмір». Аталған эволюциялық сатыларды» «ой» деңгейінде дүниеде адам баласы пайда болған. Ол өз бойына психикалық энергияны жинақтап, «ноосфераны» туындатады. «Шалғай өмір» сатысы адамдардың рухани бірігу күйін білдіреді. Т.Ш-нің тарихи-философиялық көзқарастарына оптимизм, гуманизм, христиандық либерализм тән. Ол болашақта христиан діні мен гуманизм, ғылым мен мистика бірігіп, қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне төтеп берер жол табады деп сенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет