Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: М. Хайдеггер. Время и бытие. – М., 1993; Н. Бердяев. Человек



бет345/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   390
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: М. Хайдеггер. Время и бытие. – М., 1993; Н. Бердяев. Человек и машина // Вопросы философии. № 2, 1989; Новая технократическая волна на Западе. – М., 1986; Тавризян Г.М. Техника, культура, человек. – М.,1989.


465


ТЕХНИЦИЗМ – техниканы қоғам тағдырын анықтауыш күш деп түсіндіретін әлеуметтік-психологиялық нұсқау және саяси-қоғамдық ой бағыты. Т. қоғамдағы елеулі өзгерістер тікелей техниканың әсерімен жүзеге асады деп ұғындырады. Т. идеологиясы адамзат үшін техниканың дамуы қашанда ізгілік көзі деген үстірт көзқарасқа негізделген. Т. идеологиясының мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар ілімдерінде кездесуін олардың адамзат мәдениетінің тарихи негізгі сатыларын техниканың белгілі бір аспектілерімен байланысты қарастыруларынан байқаймыз. Мыс., олардың бірі (Дж Ленский сияқты) мәдени кезеңдерді еңбек құрамының өзгерісімен байланыстырса, келесісі – қуат көзінің өзгерісімен, үшіншісі (М. Маклюэн сынды) – қарым-қатынас, ақпарат алмасу құралдарының өзгерісімен байланыстырады.


ТЕХНОФОБИЯ (грек. techne – техника, fobіa – қорқыныш) – техни- калық прогрессті теріс қабылдау, техникаға үміт артудан гөрі оның әкелер қауіп-қатерінен үрку, техниканы адамның жауы деп санау. Т. идеологиясы адамзатты жөн-жосықсыз тұтынушылық жолында техниканың құлы болып, соның бір тетігіне айналып кетуден сақтандырудан туындайды. Т. адамның жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін техника жоққа шығарады деп үрейленеді. М. Голдман, Дж. Форестер, Д. Медоуз өздерінің Т-лық концепцияларында экологиялық кризис себептерін ғылыми-техникалық революциядан табады. Олар технологиялардың дамуын осы қазіргі дең- гейден ары асырмау керек, тек сонда ғана әлемде табиғат пен техника арасындағы тепе-теңдікті («глобальды тепе-теңдікті») қалыптастыруға болады деп түсіндіреді.


ТИПТЕР ТЕОРИЯСЫ – түрлі сатылардағы объектілерді айыру үшін енгізілетін формальдық логиканың құрылу тәсілі. Т. т. есептелу предикат- тарының кеңейтілген жүйесі, яғни әр түрлі типтердің айнымалыларын қам- титын аксиоматик. жиын теориясында парадокстар мен антиномияларды болғызбау тәсілдерінің бірі ретінде көрінеді. Алғаш рет Т. т-н кластар логикасына қолданған Э. Шредер (1890). Т. т-ның толық жүйесін құрған Рассел – Уайтхайдтың жүйелеуі бойынша бұл теорияның формальды объек- тілері мынадай типтерге бөлінеді: индивидтер (1 тип), предикаттар (2 тип), предикаттардың предикаты (3 тип), т. б.


ТОБЫР – белгілі бір ортақ мүддемен уақытша топтасқан адамдар жиыны. Т-дың әлеум. құрылымы қарапайым: көсемінен және өзгелерінен тұрады. Дегенмен, Т. жекелеген тұлғалардың жай ғана жиынтығы да емес. Зерттеушілердің пікірінше Т-ға тән жалпы сипаттамалар: 1) әсершілдік Т-дың ішіндегі адам одан басқа адамға қарағанда әлдеқайда әсершіл. Олар


466

көпшіліктің пікірін, сезімін, әрекетін неғұрлым тез қабылдап, ортақтасады;


2) анонимділік – жеке тұлға өзін көптің ішінде танылмайтындай сезінеді. Т. біртұтас топ ретінде әрекетке барып, оның жекелеген мүшелері өзін жеке тұлға деп санамайды; 3) тұтқиылдық Т. құрамындағы адамдар болжамсыз мінез-құлыққа, эмоцияға бейім, олар көптің ішіндегі өз әрекеттері жайлы ойланып, сарапқа салмайды; 4) қамсыздық Т. құрамындағы адам топпен біртұтас қимылдайтын танылмайтын көптің бірі болғандықтан өздерін әлеум. бақылаудан, жауапкершілік пен жазадан тыс сезінеді. Т-ды қалыптасу жолына және мінез-құлқына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: кездейсоқ Т., шартты Т., экспрессивті Т., әрекетшіл Т. Социол. зерттеулерде, көбінесе әрекетшіл Т-ға көбірек көңіл бөлінеді. Әрекетшіл Т-дың маңызды белгілерінің бірі – эмоционалдық халдегі, ашу-ызамен күш көрсетуге бейімділік. Әдетте бұл топтың қаскүнемдік пиғылдарын бағыттайтын, өзгелерден бұлтақсыз бағынуды талап ететін көсемі болады. Бұл жиынның мақсатты орындалысымен тез тарқап кетеді. Көптеген социолог зерттеушілер Т-дың пайда болу механизмі мен оның ішіндегі адамның ақылға сыйымсыз мінездерін зерттеп, оның «жұқпалы аурудай» әсер етіп, жеке тұлғалардың өз ісін бақылауы мен баға беруі жоғалатынын айтқан. Француз ғалымы Г. Лебонның Т. санасын билейтін «ұжымдық ұмтылыс» туралы пайымдаулары бойынша жеке тұлғалардың санасы өшіп, топ мүшелері Т-ға ғана тән дертке ұшырап, тасқын судай нөпір күшке айналып, бейбастақ әрекеттерге барады. Америкалық психолог Р. Тернердің
«пайда болатын құлықтар» жайлы теориясы бойынша Т-дың мінез-құлқы айрықша ерекшеліктері бар қайталанбайтын құбылыс.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Т. ұғымын «көп» атауымен атап, көптің тобырлық сипаты сонымен қатар халықтық санасы бар екені ашылып, бұл мәселені жан-жақты пайымдайды. «Көп қорқытады, терең батырады», «Көп түкірсе – көл» т. б. мақал-мәтелдерде Т. ұғымының мағынасы ашылады. Абайдың афоризмдерінде «Сократқа у ішкізген, Жанна Д'аркті отқа өрте- ген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал» – деп, адамның нәпсісімен тікелей байланысты хайуандық сипатының Т-дың мінез- құлқынан көрініс табуын айтады. Есті ердің де өзгеден артықшылығы, ел басқаруда халықты Т-ға, дүлей күшке айналдырмай, ақылмен жөнге салып, елдік, халықтық қасиетін ашу деп біледі. «Халық айтса – қалт айтпайды»,
«Халықтың жасы құдайдан бір жас кіші», «Көптің көзі көреген», т. б. мақалдарда көп ұғымының тобырлық сипатымен қатар халықтық сипаты да бар екендігі және бұның халық ділімен, руханилық қасиетімен байланысты екендігі айқындалады. «Халық» сөзінің өзі Құдайдың жаратушылық құдіретін білдіретін көркем сипатының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет