Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет348/390
Дата30.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194144
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   390
Байланысты:
treatise187525

ТОФФЛЕР (Toffler) Алвин – америкалық социолог, публицист, «пост- индустриялық қоғам» тұжырымдамасы авторларының бірі. «Болашақпен қақтығыс» (1970), «Үшінші толқын» (1980) және басқа еңбектерінде адам- зат қоғамы жаңа технол. төңкерісті басынан өткізіп жатқандығы және мұның ақыры әлеум. қатынастардың үздіксіз түбегейлі жаңарып, қалыптан тыс индустриялық өркениеттің құрылуына әкелетінін айтты. Қазіргі мем- лекеттердің қоғамдық құрылымы ғыл.-тех. төңкеріспен бірге келген экон., әлеум. салалардағы қайшылықтарға төтеп бере алмай, жаһандық деңгейдегі дағдарыстарға соқтырады. Түбегейлі демократ. реформалар жасау арқылы әділетті қоғам құруға, дағдарыстардан шығуға болады деп білді.


ТӨЛЕ БИ, Төле Әлібекұлы (1663, қазіргі Жамбыл обл. Шу өңірі, Жайсаң жайлауы – 1756, қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қазығұрт өңірі) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Т. б. Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына ат салысты. Ордабасы жиыны кезінде Т. б. басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкіл- халықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, аза- мат қатарына қосуда Т. б-дің қызметі орасан. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Т. б. белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Т. б-дің Орынбор әкімш-нен Абылайды


470


тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Т. б. бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Т. б. ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 ж. Ресей патшасы Анна Иоанновнаға және 1749 ж. Орынбор губернаторы И. Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 ж. орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шы- ғынды жұрт көзінше төлеттіреді. 1748 ж. Әбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Т. б-ге шағымданады. Т. б. Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Т. б-ден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Т. б-ге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Т. б. билер сотына қазақ билерінің ішінен, Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Т. б. Барақ сұлтанды ақтап алады. Т. б. Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Т. б-дің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемл. деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Т. б. хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оның елге танымал «Елге бай құт емес, би құт» дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Т. б-дің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Т. б. өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады». Т. б-дің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұл- дыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған.


471

Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал. Т. б. Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Т. б. халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен танымал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет