Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет137/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

СӨЗ СОҢЫ
Әр істі бастау қандай қиын болса, аяқтау сондай қиын. В.Шкловский 
әдеби қауымға кеңінен таныс теориялық зерттеулерінің бірін қалай 
бастаудың бабын таппай қиналып, бұл реттегі жауапкершілік жөнін 
былай білдіріп еді. «Көне риторика үлгісіне бақсақ, заттың тақырыбын 
тұжырымдайтын қысқа кіріспеден бастауға болады. Кейде кешегі 
өткен жайларға қайырыла сөйлеген жөн деседі; кейде өзіңнің жаза 
білмейтініңді әңгімелеу орынды, кейде тыңдаушымен кеңесу қонымды, 
кейде ұстазыңның мықтылығы мен өзіңнің осалдығыңды мойындаудан 
бастаған дұрыс деседі».
Ал аяқтау бұдан да жауаптырақ, А.Твардовский кеңес классикасының 
асыл қазынасына қосылған керемет кітабын басынан емес, бел «ортасынан 
бастап, аяқсыз бітіргенін» өлеңмен айтты. Бұл тегін айтылмаған: өмір 
қандай шексіз болса, өнер де сондай шетсіз, – бұлар жайлы сөз ешқашан 
бітпек емес.
Осы еңбектің басқы тарауларының бірінде біз сөз өнері туралы тұңғыш 
толғамдар бұдан бес мың жыл бұрын туа бастағанын айттық, Аристотель 
тұсында теориялық толғам эстетикалық трактатқа айналды. Содан 
бергі он сан ғасыр бойына сөз өнерінің табиғаты күллі әлем көлемінде 
тексерілген үстіне тексеріліп келеді, бірақ ешкім талдап түгесе алар емес 
және көркем сөз құпиялары қазыла қопарылған сайын тереңдей түседі.
Бір есте болатын нәрсе – әдебиеттің теориясы оның тарихы мен 
сынынан гөрі басқаша: қазақ әдебиетінің тек өзіне ғана тән тарихы мен 
сыны бар, бірақ өз алдына жеке-дара теориясы жок. Орыс пен ағылшын, 
неміс пен француз, өзбек пен қырғыз... бәрінде де солай. Әдебиеттің 
теориясы нәсіл таңдамайды, ұлтқа бөлінбейді, ел-елдің бәріне бірдей 
ортақ.
Бұл айтылған жайлар біздің алдымызға екі түрлі қиын талап қояды: 
біріншіден, біз өзімізге дейінгі әдебиет теория сын толғайтын еңбектерді 
қолдан келсе – түгел, келмесе түгелге жақын оқып, танып, біліп алуымыз 
керек; екіншіден, өз еңбегімізді методологиялық жағынан солармен бір 
арнада, ал методтық жағынан тек өзімізше ғана жазуымыз керек.
Қиындық мұнымен бітпейді. Әдебиет теориясын әншейін әріпшіл 


240
ежіктеуге айналдырып алмау үшін, оны көркем творчсствоның 
психологиясымен тығыз байланыстыра білу қажет. Ал «творчествоның 
психологиясы әлі толық туып үлгермеген ғылым» (Б.Мейлах).
Қиындық мұнымен де бітпейді. Әдебиет теориясын бірыңғай 
құрғақ қисынға, жасаңды заңға айналдырып алмау үшін, оны 
жазушының шеберлігімен тығыз байланыстыра білу қажет. Ал 
шеберлік шексіз, оның ұшы-қиырын табу қиын, өйткені әр суреткер 
«бар ғұмырын тек шеберлік жолына сарп етіп өтеді» (К.Федин). Сонда 
да шеберлік шегіне жете алмай кетеді, бірақ осы қиындықтардың 
бірде-біріне қарамастан, әлгідей үш нәрсенің (әдебиеттің теориясы, 
творчествоның психологиясы, жазушының шеберлігі) басын бір 
жерге біріктіре отырып, қайткен күнде де орасан ірі және іргелі 
үш нәрсені: а) көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, ә) әдеби 
шығарманың сыры мен сипатын, б) әдеби дамудың мағынасы мен 
мәнін өзімізше парықтап, ғылыми сипатта зерттеп шығу қажет 
болды. Қазақ әдебиетінің теориялық проблемаларын тек осы ретпен 
талдап-тексеру мүмкін еді.
Біз мүмкіндігінше солай еттік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет