Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


III Әдебиет теориясында әдіс мәселесінен көп айтысқа, талас-тартысқа  түскен нәрсе аз шығар. Алдымен,  әдіс



Pdf көрінісі
бет133/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

III
Әдебиет теориясында әдіс мәселесінен көп айтысқа, талас-тартысқа 
түскен нәрсе аз шығар. Алдымен, 
әдіс
 
деген атаудың өзін әркім әртүрлі 
айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволык әдіс, 
енді біреулер әншейін әдеби әдіс дей салады. Алайда бұларға дау айтып, 
уақыт оздырудың керегі жоқ, өйткені бәрінікі бір ұғым.
Ұғым демекші, айтыстың үлкені әдіс
 
деген сөзге тән ұғымға, мағынаға 
байланысты... «Әдіс – творчестволық тәсіл», – дейді В.Щербина. 
«Творчестволық тәсіл дегеніңнің өзі не нәрсе дейді Л.Тимофеев, оны 
нақты шығарма талдауға қалай қолданамыз?»
Біреулер әдісті суреткердің дүниетанымына байланыстыра байыптаса, 
біреулер бұған қарама-қарсы, «әдістің таза дүниетаным категориясымен 
қабыспайтынын» (Л.Новиченко) дәлелдеп жатады.
Г.Абрамович «әдіс – шындықты суреттеудің жалпы принципі» десе, 
Л.Щепилова «әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі» дейді.
Сондай-ақ, мәселен, Ф.Головенченко «Әдіс пен ағымның арасында 
анық шегара жоқ» десе, В.Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, 
екеуінің ара жігі айқын екенін яғни «әдіс – ағымнан әлдеқайда кең ұғым» 
екенін айтады.
Шынында, қалай өзі?! Айталық, романтизм немесе реализм... Осылар 
ағым ба, әдіс пе? Біреулер әдіс десе, біреулер ағым дейді; ал үшінші 
біреулер әрі әдіс, әрі ағым деп екеуіне бірдей телиді.
Байқап отырсақ, бұлайша бұлдыратып жүрген тек бүгінгілер ғана 


232
емес екен. «Менің бір байқағаным, – деп жазыпты бір кезде Пушкин 
Вяземскийге, – біздің бәріміздің (тіпті, сенің де) романтизм туралы 
түсінігіміз барып тұрған бұлынғыр». Айт-айтпа, «романтизм әр үйдің 
аруағы тәрізді деп жазыпты Вяземский Жуковскийге, – жұрттың көбі 
осыған ден қояды, әйтеуір осындай бірдеңе бар деп біледі, бірақ қайда 
сол, қай жерден көруге болады, саусақпен түртіп байқауға бола ма өзін?..»
Қысқасы, 
романтизм
жайлы әр тарап әңгіме сол Пушкин заманының 
өзінде ондаған жылға созылған, әйтсе де «бірде-бірі мәселенің басын 
ашып бере алмаған, романтизм бәз баяғы құпия һәм жұмбақ қалпында 
қалған да қойған» (Белинский).
Содан бері, міне, талай дәуір өтті, бірақ романтизм хақындағы айтыс 
әлі толастаған жоқ. Ал реализм ше, мұның халі нешік?
Реализм
жөніндегі айтыс, тіпті, түгесілер емес. Пікірлер де әр 
тарап. Оны дәлелдеу үшін әлгідей Пушкин заманына бармай-ақ
әлем әдебиетіндегі қазір қалың оқырманға кеңінен таныс ірі де іргелі 
суреткерлердің бірнешеуін сөйлетіп байқасақ та болатын шығар.
Эрскин Колдуэлл (Америка): «Реализм – шындықта болмаған 
оқиғалар мен адамдарды шындықта болған оқиғалар мен адамдардан 
гөрі нанымдырақ етіп көрсету». Джон Моррисон (Австралия): «Реализм 
– шындықты қаз- қалпында көрсету, адамнның іс-әрекеті өмірде қандай 
болса, сондай етіп бұлжытпай суреттеу».
Вяйне Линна(Финляндия): «Реализм – қолдан келгенше қалыс қалу, 
бейтарап болу». Аллан Маршалл (Австралия): «Реализм – бейтарап 
болмау, көздің көрегендігіне көкіректің құштарлығын қосу».
Кобо Абэ (Япония): «Реализм, әдіс ретінде, әдебиеттегі абсолют 
бола алмайды; осыған қардар емеспіз десек қайтер еді?» Бернард Уолл 
(Англия): «Иә, реализм пайдасыз, керек емес». Андре Моруа (Франция): 
«Жоқ, реализм пайдалы, керек...»
Памела Джонсон (Англия): «Реализм 

адамның қоғамға, қоғамның 
адамға арақатынасын аңғарту құралы». Арман Лану (Франция): «Реализм 
– суреткердің өмірден өзі үшін жасап алған көркем бейнені өзгенің 
көкейіне қондыру құралы».
Джон Апдайк (Америка): «Реализм – шындыққа адалдық». Иржи Гаек 
(Чехословакия): «Реализм – шындықтың концепциясы».
Қысқасы, дүниенің әр түкпірінен әртүрлі қалам қайраткері 
өзінше үн қатып, қазіргі реализм туралы, осылайша, әртүрлі пікір 
айтады. Бірақ әйтеуір, Бернард Уолл сияқты, бірен-сараны болмаса
бәрі де реализмнің – сөз өнеріндегі шешуші нәрсе, құнарлы қасиет, 
шын суреткердің творчествосындағы табиғи тыныс екеніне күмән 
келтірмейді: Сид Чаплин (Англия) «алма ағашына алма өсуі қандай 
табиғи болса, маған реализмнің келуі де сондай табиғи» десе, Әзиз 
Несин (Түркия) «мені реалист еткен мен кешкен өмірдің өзі» дейді; 


233
Чарльз Сноу (Англия) «өз басым – нағыз реалиспін» десе, Зофья 
Посмыш (Польша) «шындықтағы ең терең ағым – реалистік ағым» 
дейді, сөйтіп, жер бетіндегі бірде-бір қаламгер бұл мәселеге соқпай 
кетпейді, реализм жайлы өз ойын айтады.
Жә, сонымен реализм немесе романтизм... Ағым болды ма, әдіс болды 
ма? Жаңа ғана Посмыштың ағым дегенін білдік. Әдебиет теориясына 
арналған оқулықтарда ағым ретінде жүр: классицизм, сентиментализм, 
романтизм, реализм... Осылай тізбектеледі, бірін-бірі ауыстырады, 
бірінің орнына бірі келеді (Қараңыз: В.И.Сорокин. «Әдебиет теориясы», 
М., I960). Біз де солай сырғытып өте шықсақ болмас па?! Шынында 
да, көркемдік әдіс деген атау яки термин ұғым ретінде әдебиет туралы 
ғылымға күні кеше ғана келіп енді; керегі не әдіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет