234
романтизм мен реализм бізге дәл осы арада қажет. Бұл екеуін әркімнің
қолында бір кететін стиль демей, бірде туып, бірде құритын ағым демей,
қашаннан келе жатқан тұрлаулы әдіс – сурет кер творчествосы мен ақиқат
шындықтың
арақатысы, өмірдің өнерге, өнердің өмірге айналу жолы
дейтін себебіміз де сондықтан. Демек, творчестволық әдісті әңгімелеу –
роман тизм мен реализмді әңгімелеу, керісінше, романтизм мен реализмді
әңгімелеу – творчестволық әдісті әңгімелеу деп білу керек.
Дәлелдейік. Бір жолы (Гоголь повестеріне байланысты) Белинский
поэзияда өмірді өнерге айналдыру тәсілі екі түрлі екенін, бірі көңілдегі
қиялға негізделген тәсіл болса, екіншісі өмірдегі шындыққа тамыр
тартқан
тәсіл екенін, екеуі – бір-біріне кереғар тәсілдер, бірақ бір
мақсатқа апаратын бағыттас жолдар екенін дәлелдей келіп, жалпы
поэзияны екі салаға – асыл мұрат поэзиясына
және мөлдір ақиқат
поэзиясына бөлген. Сыншының осы айтып отырғаны (атын атап, түсін
түстемесе де) көркемдік әдіс мәселесі.
Белинскийдің пікірі бұдан екі жүз жыл бұрын айтылса, Аристотель
дәл осындай ойды, тіпті, екі мың үш жүз жыл бұрын айтты. Өзінің
«Поэтикасында» (129-бет) Аристотель Софоклдің «мен адамдардың
ертең қандай болатынын суреттесем, Еврипид бүгін
қандай екенін
суреттейді» деген пікірін тілге тиек ете келіп, поэтикалық шығармада
көркем жинақталатын арман мен ақиқат жайлы енді өз толғамдарын
танытады. Ұлы философтың дәл осы арада айтып отырғаны (атын атап,
түсін түстемесе де) көркемдік әдіс мәселесі екені тағы даусыз
Бұл айтылғандардың бәрі көркемдік әдіс – бір адамға ғана тән стиль
де емес, бір қоғамға ғана сай ағым да емес, мұның екеуінен де әлдеқайда
кең ұғым, барлық адамдар мен қоғамдарға тән өнер атаулының бәріне
ортақ тұрлаулы һәм тұрақты нәрсе екенін және заты көркемдік әдіс
деген атымен бірге (күні кеше ғана) емес, өнердің өзімен бірге туып,
өнер арқауы – өмірдің өзімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан табиғи,
тұтас құбылыс екенін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: