Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет136/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

романтикалық
(французша – romantigue, ағылшынша – romantic
)
туындылар 
суреткерлердің шындықтағы барға қанағаттанбай жоқты іздеуінен
ақиққаттан аулақтап әлдебір асыңқы, өмірде емес өнерде ғана болуға 
тиіс кітаби қиял-ғажайып шытырман оқиғаларды бейнелеуден 
пайда болған деседі. Сондықтан бұл ағым ағартушылық бағытқа да, 
классицизмге де, сентиментализмге де... – бәріне де кереғар.
Р
еализм
(латынша realis – атты, нақты) – шындықты шынайылау 
әдісі. Адамның өзін-өзіне таныту, сайып келгенде одан да әрі 
тереңдеп барып, алдымен халықтың өзін-өзіне таныту, содан соң сол 
халықты өзгеге яки әлемге – адамзатқа таныту жолы. Адам мен қоғам, 
қоғам мен заман арақатынастарын барлық бірлігімен және қарама-
қарсылығымен жан-жақты суреттеу арқылы көркем образдар, типтер, 
сом тұлғалар жасау тәсілі.
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де 
әр алуан: біреулер бағыт ретінде XVIII ғасырда туды десе, біреулер 
ағым ретінде XIX ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын 
қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан 


237
түр-түрге бөледі: Көне дүние (антика) реализмі, Ояну дәуірінін
реализмі, Ағарту кезінің реализмі, қайта өрлеу кезеңінің реализмі, 
сыншыл реализм, социалистік реализм...
Қалай болғанда да бір нәрсе айқын: реализм атаулының бүкіл 
дүниежүзілік әдебиеттегі озық үлгілері – XIX ғасырда.
Толстой мен Достоевский шығармалары да, XX ғасырда Әуезов 
шығармалары. Орыс әдебиетінің мерейі мен қазақ әдебиетінің 
мақтанышын осы шындыққа сайып, мөлшерлеген жөн.
IV
Әдеби әдіс
– қатып қалған қасаң (догмалык) қағидалар қосындысы 
емес, уақыттың көркемдік концепциясы. Демек, басынан ешқашан 
дау арылмаған социалистік реализм де – қолдан құрастырыла салған 
әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму заңына сай, 
кеңес дәуірінің өзі туғызған құбылыс.
Социалистік реализмнің көркемдік әдіс ретінде туып қалыптасуы 
А.М.Горький творчествосымен тығыз байланысты. Достоевскийдің 
сыншыл реалистер жайлы «бәріміз Гогольдің «Шинелінен» шықтық» 
дегенін аздап өзгертіп, социалистік реалистер жайлы «бәрі Горькийдің 
«Анасынан» туды» деуге әбден болады. Өйткені Горькийдің атақты 
«Ана» романында ешқандай ережесіз-ақ жаңа көркемдік әдістің 
творчестволык
 
принциптері іс жүзінде қалыптастырылды. Дәлірек 
айтқанда, Горький романында, бәрінен бұрын, нағыз шындық, 
жинақталды. Содан соң, шындық тарихи жағынан нақты суреттелді, 
ақыр аяғында шындық революциялык даму үстінде көрсетілді. Осы үш 
принцип еңбекші қауымды идея жағынан қайта тәрбиелеу
 
міндетімен 
ұштастырыла келе социалистік реализм әдісінің өзіне дейінгі реализм 
атаулыдан сапалық ерекшеліктері болып қалыптасқаны мәлім.
Социалистік реализмге дейінгі ең прогресшіл әдіс – сыншыл 
реализм. Социалистік реализм – сыншыл реализмнің мұрагері. Екеуін 
салыстырып қарасақ, араларынан шынайылық бірлігімен қатар, үлкен 
алшақтық бар.
Ең негізгі алшақтық – мақсат алшақтығы: сыншыл реализм өз 
кезіндегі ащы шындықтарды ашып көрсете тұра, капиталистік 
құрылыстың негізін шайқалтуға қызмет етсе, социалистік реализм өз 
кезінің қандай шыңдығын суреттемесін, бәрібір, социалистік қоғамды 
мейлінше нығайту мақсатын көздейді. Бұл – бір.
Екінші алшақтық – мұрат алшақтығы: сыншыл реализм қаншама 
прогресшіл болғанмен оның эстетикалық идеалы айқын емес-ті. Бір 
кезде Флобер «өздерінің оркестрі кеп дауысты, палитрасы көп бояулы» 
болғанына қарамастан, сыншыл реалистерде «ішкі принцип жетпейтінін» 


238
айтса, Чехов одан да гөрі ашығырақ, «өмірді өз қалпында көрсетуден 
асып не әрі, не бері кете алмайтындарын, өйткені өздерінде анық көрініп 
тұрған не алыс, не жақын мұрат жоқтығын» айтып еді.
Ал социалистік реализмнің жайы мүлде басқа, мұнда ап-анық 
идеал бар. Бұл – екінші айырым.
Социалистік реализмнің өзіне дейінгі реализм атаулыдан сапалық 
ерекшелігінің бір алуанын шыншыл жазушылар, міне, осы маңнан 
іздеуге мәжбүр болды. Дей тұрғанмен, әдістің құрамындағы «таптық», 
«партиялық» принциптер олардың творчестволық еркіндігіне тұсау 
сала берді. Социа листік реализмнің қазіргі жаңа кезеңде жұртшылық 
сынына ұшырап, тарих сахнасынан ығысу себебі осы арада жатыр.
Асылы, творчестволық әдіс бір бар да, суреткерлік шеберлік бір 
бар. Социалистік реализм әдісі кеңес жазушыларының шын мәніндегі 
суреткерлік шеберліктерімен ұштасқан жағдайда ғана дұрыс нәтиже 
бермек. Көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең таңдаулы шығармалары 
тек қана осындай тұтасудан туған. Демек, социалңстік реализм 
мәселелерін қозғау – жазушылық, шеберлік мәселелерін қозғау деген 
сөз. Кезінде бәріміз осылай түсіндік.
Шеберлік әр суреткердің тек өз творчестволық мүмкіндігі мен 
ерекшелігіне байланысты, әр суреткер тек өз қабілеті мен талантының 
жеткен жеріне дейін ғана шебер. Олай болса, творчестволық әдістің 
бірдей болуы әр суреткердің бүкіл творчестволық ерекшеліктері де 
бірдей деген сөз емес. Әдіс әр суреткердің өзіне тән творчестволық 
ерекшелік атаулының бәріне толық мүмкіндік беруге тиіс. Ендеше, 
социалистік реализм әрбір талантты шығармада тыңнан туып, өзінің 
жаңа сырын ашып, жаңа қырын танытып отырмақ еді. Алайда іс 
жүзінде олай болмады.
Социалистік реализмнің айрықша сипаттарының бірі – бір 
творчестволық әдістің ішінде екі түрлі әдістің: реализм мен романтизмнің 
бірігуі, біте қайнауы деп білдік. Бұл туралы Алексей Толстой былай 
деген: «Біздің елде романтиктер мен реалистер арасындағы жік 
жоғалды, біздің бәріміз – жаңа дүние құрылысшыларымыз, Үлкен 
Адам жасаушылармыз – әрі романтиктерміз, әрі реалистерміз»...
Қысқасы, термин ретінде тарихта тұңғыш рет 1932 жылы 
(«Литгазета», 23 мамыр) социалистік реализм атанып, негізгі 
принциптері кеңес жазушыларының Бүклодақтық І съезінде (1934) 
ресми заңдандырылып жарғыға енген бұл көркемдік әдіс содан бергі 
жетпіс жыл бойына әдебиет пен өнер қайраткерлерінің шындыққа 
барар жолы боп белгіленді де олардың творчестволық беті мен 
бағытына айналып кетті. Ал шығармасына қажет шындықты халық 
өмірімен тығыз байланысты суреткердің өзі іздеп табады. Егер 
суреткер өнері мен халық өмірінің арасында нық байланыс болмаса, 


239
әдіс те жай схемаға айналатыны ескертілді. Демек, социалистік 
реализмді өзіне нұсқалы әдіс еткен суреткер оны кез келген схема мен 
догмадан өзге емес, өзі қорғай білуі шарт болды.
Бүгінде бұл әдіс те жоғарыда арнайы сиптталған класси цизм, 
сентиментализм, натурализм, т.б. «измдер» тәрізді өз рөлін біршама 
ойнап бітіріп, жалпы әдебиет пен өнердегі реализмнің өрбу, өсу, 
өркендеу барысындағы белгілі бір кезең болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет