306
қозып өзін-өзі күшпен тежеп тұрған жас жігіттің көңіл күйін айқын
көрсетеді.
Осы күнгі поэзияда тұлпар жүйрік ат, жақсы ат деген мағынада
айтыла береді,
сондықтан ертегідегі, ескі жыр-қиссалардағы ерекше
қасиеттері бар атты ғана тұлпар деп ұғу дұрыс емес.
Халықтық дәстүрді қолданып, ақындар жақсы аттың қасиетін адамға
жанастыруды да шет көрмейді. Мысалы,
тарлан
де ген сөздің аттың
сипаты ретінде қолданылып ұнамды мағына алғаны сонша, тіпті кісіні
де тарлан деп айта береміз. С.Дөнентаевтың «Үміт» атты өлеңінде
«
тарлан үміт
» дегені де жатық болып шыққан. Ж.Молдағалиев «
тарлан
халық», «тарлан күй», «тарлан жүрек
» сияқты сөз тіркестерін еркін
қолданады: «
Көңіл құрғыр жоқтайды әлденені. Алар кезде асаудың
ерін енді
».
Үнемі махаббат, қызық іздейтін жастық шағымен қоштасқан, той-
думаннан бой тежеп, есейген тұсын осылай етіп асаудың ерін алатын
кезбен тұспалдау – қазақтың ұғым-түсінігіне үйлесімді шыққан.
Ақындардың өлең-жыр, дастандарынан поэзия тілінің халық өмірінің
өзгешелігіне сәйкес қалыптасқан бедер-белгілерін мол байқаймыз.
Мысалы, «Күй» поэмасындағы «
жүректі жебе сауған мұңды
дауыс
» немесе «Дала» поэмасындағы «
жер желіні иіп тұр
» деген
секілді бақташылықты кәсіп қылған елдің тұрмысынан алынған
әсерлермен тікелей байланысты туған бейнелі сөздерді атасақ та
болады. І.Жансүгіров «Ресей жері» атты
өлеңінде орыс даласының
кейбір көріністерін қазақ тұрмысынан алынған әсерлермен қисынды
ұштастырады.
Мұжықтың үйген маясы
Көгендеген марқадай.
Жас жоңышқа форымы,
Пішендіктің
орыны
Жасыл мәуіт-қамқадай.
Соқа айырған қара жер.
Туырылады қартадай.
Бұл сияқты теңеулердің орыс және басқа бауырлас халықтар өміріндегі
жайларды қазақ ұғымына жақындатып көрсету жағынан үлкен мәні бар.
Ә.Тәжібаев Ұлы Отан соғысының жалынды жауынгері, полк ко-
мандирі болған Бауыржан Момышұлын «
Достарыңызбен бөлісу: