Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет193/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

11 буынды
тармақтарды құрылысы бір тектес басқа 
тармақпен араластырып қолдануға ақындар қазір де үлкен мән беретіні 
байқалады. Ж.Нәжімеденовтің «
Шегініс
» деген өлеңінде 11 буынды 
тармақтар 7 кейде 8 буын ды (4 буын + 4 буын) тармақтармен еркін 
араласып келе береді.
Сегіз жаста колхозшы боп,
Күннен бұрын ояндық. 
Он сегізде әке болдық қой бағар, 
Жиырма бесте он жылдықты бітірдік, 
Институтқа енді түсу ойда бар. 
Біз осындай адамдармыз ағайын,
Отыздамыз дәл бүгін. 
Бірге ауырды жанымыз 
Доктор қазып шығарса, 
Денелерден бомбалардың қалдығын.
«Стамбул түндері» атты өлеңдегі шумақ өрнегі мынадай:
Айтылды азан, кешкі намаз басталды
Еңкейтті ауыр, ақ сәлделер бастарды.
Қол кеудеде, бет құбылада,
Тіл – ағузы, бісмеллада,
Күндіз жұққан күнәлардың
Алла атымен жуып бәрін
Жарық көздер жасаурады, жұмылды,
Түрік қаумы сәждәсіне жығылды.
(Ә.Тәжібаев)
Шумақтың басындағы және аяқ жағындағы тармақтар 11 буынды да 
(4 буынды + 4 буын + 3 буын), орта тұсындағы тар мақтар 8 буынды (4 
буын + 4 буын). Әр қос тармақ 
егіз ұйқаспен
өз ара үйлескен. Осы екі 


358
тармақ ақынның басқа бір өлеңінде тағы да өзгеше қалыпта кезектесіп 
отырады:
Граниттен құйып тасын, 
Жылтылдата мұнарасын,
Көтердік біз Ленин шыңын биікке. 
Жарқырайды күн төбеден, 
Бұлт аса алмай, шөкті төмен,
Жатыр теңіз шыдай алмай күйікке.
11 буынды тармақтың соңғы бунағы 4 буынды қалыпты түрін кейде бір 
өлеңде 4 буынды немесе 7-8 буынды тармақпен кезектестіріп қолданады: 
Сырласайық,
Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық. 
Қыр басайық,
Әмсе бұлай мамырдың тұрмас айы. 
Мұңдасайық,
Қос көңілдің пернесін бір басайық.
(М.Мақатаев)
Жолдар көп қой, жолдар көп, 
Жорттым мен бұраңмен де, түзумен де.
Шалқисың, шіркін, қапы жоқ, 
Шарқ ұрып көкте, суда жүзігенде.
(Д.Әбілев)
Ф.Оңғарсынова бір өлеңінде 11 буынды тармақтар мен 7 буынды 
тармақтарды қатар келтірген.
Ақ боз атты жолаушы, 
Біздің үйдің жанында қырындады, 
Көрмеген боп, көрсем де үңілмедім. 
Маған қарап жеңешем жымыңдады. 
Қызарып күлімдедім.
Алғашқы тармақ (7 буынды = 4 буын + 3 буын) ұйқастан тыс қалады, 
сондықтан ұзынырақ тармақпен көбірек жалғасып, біріккендей сезіледі. 
Онан кейінгі үш тармақ бірыңғай 11 буынды өлең ырғағына тірек болып 
тұрған осылар. Соңғы тармақ 7 (3 буын + 4 буын). Алдындағы тармақпен 
екеуінің ұйқастары екі бөлек болғандықтан және соңғысы келте 
қайрылатындықтан бұл қысқа тармақ оқшауланып естіледі. Сөйтіп, өлең 


359
ырғағы қысқа тармақтан ұзын тармаққа ауысу, одан шумақтың аяғында 
қайтадан ұзын тармақтардың қысқа тармақпен алмасуы арқылы өзгеріп 
отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет